Украинада Буча қырғынына арналған ескерткіш ашылды

Қалада шашылып жатқан мәйіттерді жинау сәті. Буча, 2022 жыл

Киев облысының Буча қаласында Ресей әскері жасаған қанды қырғын құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Ескерткішке 501 адамның есімі қашап жазылған.

"Әрбірі есімізде... Ұмытуға, кешіруге болмайды. Сондықтан әскери трибунал талап ете береміз", - деді Буча мэрі Бучи Анатолий Федорук.

2022 жылы Ресей әскері Киев облысындағы Буча қаласына бір ай бақылау орнатып, тастап шыққан. Қалаға Украина әскері кірген соң жүздеген адамның мәйіттері көшеде шашылып жатқанын көрген. Көптеген куәлердің сөзіне қарағанда, оларды Ресей әскері атқан, зорлық-зомбылық көрсетіп, азаптап өлтірген. Кейіннен Украина билігі ресми түрде Ресейді айыптаған.

Ресей қорғаныс министрлігі мойындамай, "бәрін Украина өзі өлтіріп, арандатып отыр" деп мәлімдеген.

Спутниктен түсірілген суреттер Ресей уәжін теріске шығарған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ New York Times Бучада украиналықтарды жаппай қырған ресейлік десанттарды анықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Reuters: Буча қырғынына Росгвардия жасағы мен шешен әскерінің қатысы бар