24 желтоқсанда Алматыдағы сот автобус жүргізушісін ұрды деп күдікке ілінген жолаушыны екі айға қамауға алды. Бұл жөнінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
22 желтоқсанда Алматыда 47-автобуста жолаушы жүргізушінің басынан ұрып, шопыр есінен танып қалған. Басқарусыз қалған автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, үш адам қаза тапты. Оқиғадан тағы төрт адам жараланып, ауруханаға түскен.
Автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақатын алған, қазір нейрохирургия бөлімінде жатыр. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан жараланған 50 жастағы әйелдің жағдайы ауыр дейді. Зардап шеккен тағы екі адамға көмек көрсетілген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Алматыда автобус аялдамаға соғылған. Үш адам қаза тапқаны хабарландыКүдіктінің үстінен "Бұзақылық" және "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі не көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" баптары бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Бұған дейін желіде тараған видеода бір ер адам рөлде отырған әйел жүргізушіні ұрып жатқан видео тараған. Куәгерлердің сөзінше, жүргізуші бірнеше жұдырықтан соң есінен танып қалған. Осы оқиғадан соң елде елде әйелге қол көтеру, әйел құқығын қорғау мәселесі тағы талқыланды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Әйелге қарсы жасалған атышулы қылмыстардан кейінгі петиция мен флешмобтар. Жағдай өзгере ме?