АҚШ-тағы президент сайлауына демократтар атынан қатысатын Камала Харрис вице-президенттікке үміткер ретінде Миннесота штатының губернаторы Тим Уолзды таңдады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде хабарлады.
60 жастағы Уолз – мамандығы бойынша мұғалім, бірнеше жыл ұлттық гвардияда істеген. Саяси мансабы 2006 жылы Миннесотадан АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі болып сайланғанда басталған. 2018 жылы ол Миннесота губернаторы болып сайланған. Уолздың әйел құқығы мен климаттың өзгеруіне байланысты ұстанымы прогрессивті саналады.
Камала Харрис АҚШ-та биыл 5 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат болуға қажет Демократиялық партия делегаттарының қолдауын алды. Америкалықтар басылымдар 19 тамызда өткелі отырған партия съезінде Харрис номинацияны ресми түрде қабылдайды деп отыр.
Харрис вице-президенті ретінде таңдаған кандидатпен бірге жеті штатқа сапарлап барады деді оның сайлау штабының өкілдері.
Тізімде бірінші болып Пенсильвания тұр, ол Харриске де, Республикалық партия атынан президенттікке кандидат Дональд Трампқа да сайлау нәтижесі үшін маңызды штаттардың бірі деп жазды "Америка дауысы".
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Байден сайлаудан бас тартты. Ол ұсынған Камала Харрис Трампты жеңе ала ма?