Тәжікстандағы ядролық қалдықтар ауа мен суды ластауда. Оның кесірінен жергілікті халықтың денсаулығына зиян келуде. Дехмой, Табошахрдағы ядролық қалдық орындарын жабу үшін бірнеше жүздеген миллион доллар қажет, ал ондай қаржы тәжік бюджетінде жоқ.
1949 жылы сынақтан өткізілген алғашқы советтік ядролық бомба Тәжікстан уранынан жасалған болатын. Қазіргі кезде тәжік жерінде сақталып отырған 55 миллион тоннадай радиоактивті улы заттар халық денсаулығына қатер төндіруде.
Тәжікстан және халықаралық мамандар ол улы заттардың су мен топыраққа араласып, адамдар өмірін қысқарта түсетінін айтып, дабыл қағуда.
Тәжікстандағы ядролық қалдықтардың басым бөлігіннің “авторы” 1945 жылы салынған Востокредмет атты зауыт болатын. Ол зауыттың міндеті Орта Азия республикаларындағы уран кеніштерін игеріп, оның өнімдерін өңдеуден өткізу еді.
Тәжікстанның солтүстігіндегі Суғд аймағында ядролық қалдықтарды көметін 10 шақты жер бар. Ядролық және радиациялық қатерлерден сақтану агенттігінің мәліметіне қарағанда, ол көмбелердің екеуі жабылмақшы.
Ол қауіпті қос көмбе Табошахр және Дехмой қалаларына жақын жерде екен.
Аталған агенттік басшысының орынбасары Абдужаббор Саломовтың айтуынша: “Мысалы, ұзаққа созылатын нөсер жаңбырлар жауып, күшті жел тұрған кезде радиоактивті қалдықтар немесе олардың тозаңдары аймаққа кең таралып, сумен араласып кетеді. Ондай қалдықтар кейде Сырдария өзеніне де қосылып жатады”.
Дехмой, Табошахрдағы қалдық орындарын жабу үшін бірнеше жүздеген миллион доллар қажет болады. Ондай қаржы Тәжікстанда жоқ.
Қазіргі кезде бұл жерлерді Тәжік және халықаралық ұйымдар мамандары тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр. Оның ішінде Халықаралық атом энергиялық агенттігі де бар.
Совет үкіметі кезінде радиоактивті қалдықтардың аталған көмбелері және ол улы заттардан қорғану шаралары жөнінде ешкім тіс жарып айта алмайтын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да осынау улы аймақтар қараусыз қалды. Олардың адам өміріне әкелер зиянынан бейхабар тұрғындар құнды металдар табу үмітінің жетегінде қазірдің өзінде әлгі көмбелерді қазып жүреді. Ал олардың балалары болса, әлгіндей қатерлі аймақтарда ойын ойнап, малдары жайылуда.
Тәжікстанның көптеген дәрігерлері ядролық көмбе аймақтарының қауіп-қатерлері жөнінде қарапайым халықтың жеткілікті мағлұматқа ие еместігіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.
Радиацияның тікелей әсерін бірден сезіне қоймаған олар мамандардың құрғақ ескертулерін елең қылар емес.
Суғд аймағының денсаулық сақтау саласы ресмилерінің айтуынша, елдің өзге өңірлерімен салыстырғанда рак ауруына шалдыққандар саны Табошахр мен Дехмой аймақтарында көбірек екен.
Ядролық және радиациялық қатерлерден сақтану агенттігі сияқты жергілікті ұйымдар тұрғындармен көптеген кездесулер өткізіп, ядролық улану зардаптары және одан сақтану жолдарын түсіндіретін кітапшалар таратуда.
Салыстыра қарасаңыз, Қазақстандағы жағдай да осыған ұқсас. Совет үкіметі жылдары қазақ жерінде, ашық аспан астында ядролық алапат сынақтардың өткізілуінің кесірінен Семей топырағы борпылдақ ұнтаққа, ал малдары тісі сойдиып өскен мутанттарға айналғаны есте ғой.
Бұл күндері Атыраудағы Тайсойған, Азғыр полигондарына жақын орналасқан аудандар тұрғындары денсаулықтарының күрт нашарлап кеткендеріне шағынып, малдарының мутанттарды дүниеге әкеп жатқанын қинала хабарлауда.
Энергия тапшылығын алға тарта отырып, Қазақстан әлемдегі уран өндіру бойынша алдыңғы сапқа шығуға ұмтылуда.
Осылайша табиғат жарықтықтың жарасы көбейіп, мұңы қалыңдай түсуде.