Ресейдің Омбы облысында ресми дерек бойынша 82 мың, қоғамдық ұйымдардың есебі бойынша 100 мыңдай қазақ тұрады. Омбы - қазақтың тарихи мекені, мұнда Ш. Уәлиханов кадет корпусында білім алған, Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы қызмет еткен. Омбыда қазақтың ардақтылары – Мағжан Жұмабайұлы мен Шоқан Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Бұрынғы Ленин көшесі Ш. Уәлиханов атымен аталады.
Осыдан тура 20 жыл бұрын Ресей Федерациясының Омбы облысының орталығы Омбы қаласында «Мөлдір» атты қазақ мәдени орталығы құрылған еді. Оны құрушылардың бірі, табаны күректей жиырма жыл бойы осы қоғамның ыстығы мен суығына күйіп келе жатқан Алтынай Жүнісова сол кезде өзінің студент болғандығын айтады.
- 1989 жылдың ақпан айында «Мөлдір» қазақ мәдени орталығы дүниеге келді. Ол кезде мен студент едім. Бұл Ресейде ең алғаш рет құрылған қазақ мәдени орталығы еді. Бізден кейін Мәскеуде «Мұрагер» атты қазақ мәдени орталығы ашылды. Олар өздерінің 20 жылдығын мамыр айында атап өтпек. Сол кезде ауыл-ауылдарды аралап, концерттер қоятынбыз. Қазір біздің қоғамымыздың жанында домбыра үйірмесі, «Әйгерім» би тобы, «Мөлдір» халық-аспаптар ансамблі бар. Орталықта 150-200-дей бала осы үйірмелерге қатысады және қазақ тілін үйренеді, - дейді Алтынай Жүнісова.
«Мөлдір» қазақ мәдени орталығын құрғаннан кейін, Омбы облысындағы қазақтар шоғырланған басқа ауылдарда қазақ мәдени орталықтары ашыла бастапты. Мәселен, Қоянбай ауылында, Одесса, Русская поляна аудандарында, Есіркөл ауданының Қасқат ауылында сондай орталықтар пайда болыпты. Бүгінде Омбы бойынша ауыл-ауылда 15 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыстық қазақ ұлттық мәдени автономиясы бар.
- 15 сәуірде Омбы қаласындағы облыстық Пушкин атындағы кітапханада «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының 20 жылдығына арналған кеш өтті. Оған Қазақстаннан Омбы қаласында отырған консулы Орынбек Мухсинов келді. Омбыдағы құрметті ақсақал, соғыс ардагері Сұлтан Есенболов, жалғыз айтыскер ақынымыз Амангелді Жүсіпұлы, белгілі суретші Амангелді Шәкенов және басқада омбылық қазақтар атсалысты, - дейді ол.
Жақында Омбы қаласындағы Шет тілдер институтының жанында «Болашақ» атты қазақ тілін үйрету орталығы ашылды. Оның сыртында Омбыдағы қазақтар тұратын 50 ауылдың 17-сінде қазақ тілі пән ретінде үйретіледі. Қалада 2-3 мектепте факультатив ретінде үйретіледі.
Бірақ, омбылық қазақ жастары тіл үйренуге тым құлшына қоймайды екен:
- «Болашақ» орталығы бізде коммерциялық негізде ашылды. Соған қарамастан, Қазақстанмен болашағын байланыстырғысы келетін балалар барып қазақша үйренуге кірісіп кетті. Кейбіреулері бізге келеді. Олар қанша мықты маман болса да қазақ тілін білмесе, Қазақстанда жақсы қызмет таба алмайтындығын біледі. Ал, Омбыда қалатындар қазақ тілін үйренуге тым құлықты емес.
Омбыдағы қазақтар қазақтың рухани мәдениетіне әлі де шөлдеп отырғандығын айтады. Бір кездері Омбыда Қазақ педагогикалық колледжі болса, бүгінде ол жабылған. Арнайы телехабар мен радио хабары бар болатын.
- Осыдан 2 жыл бұрын айына бір рет 15 минут эфирге шығатын «Шұғыла» атты радиобағдарламамыз болған. Қазір оны жауып тастады. Себебі, оның шығыны өте мол дейді. Солтүстік Қазақстан облысымен шектесетін біраз ауылдарымыз қазақ телеарналарын көре алады. Ал, қалада ол мүмкін емес. Біздің қоғамда «Атамекен» атты газетіміз бар, - деген Алтынай Қазақстанның мерзімді басылымдарын жаздырып алудың тым қымбатқа түсетіндігін айтады.
- Ал, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қоғамдық ұйымдарға кейбір басылымдар мен кітаптарды жіберіп тұрады. Бірақ ол 100 мың қазақтың сұранысын қанағаттандыра алмайды, - дейді.