Ресейдегі федералдық қазақ ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев, телефон арқылы Азаттыққа берген сұхбатында, 2002 жылғы ресми дерек бойынша, Ресейде 700 мыңдай қазақ тұрғанын айтты.
- 1992 жылғы санақ бойынша, олардың саны 1 миллион 200 мыңға тарта болатын. Алайда, қазақтар ешқайда көшіп кеткен жоқ. Тек 2002 жылы Ресейде ұлттық халық санағын жүргізген кезде «ұлты» деген бағанды алып тастады. Егер, кімде-кім «ұлтын» көрсетуді қатты талап етсе ғана, оны жазуға мәжбүр болды. Ресейдегі қазақтардың санының тым азайып кетуінің себебі осында. Ресейде қалайда 1 миллион қазақ тұрады, - дейді ол.
Биылғы наурыздың 29-ында Самара қаласында Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясына енген қазақ қоғамдық ұйымдарының кеңесі өтті. Жиында сөз болған ең басты мәселе – Ресейдегі қазақтардың ана тілін үйрену мәселесі болды.
- Ана тілін үйрену жолдары және проблеманы шешу мәселелері қарастырылды. Ресейдің бірде бір аймағында қазақ тілі пән ретінде оқытылмайды. Астрахань мен Омбы облыстарының кейбір аудандарында ғана қазақ тілі факультатив сабақ ретінде өткізіледі. Ал, күні бүгінге дейін қазақ тілін пән ретінде жүргізіп келген кейбір өңірлерде ол жабылып жатыр. Сол себепті де біз Самара облысында қазақ тілін үйретудің алғашқы жобасы жайында сөйлестік. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Ресей федерациясының азаматы ретінде Ресей Федерациясы мен Қазақстанның білім және ғылым министрліктерінің бізге көмектесуін қалар едік. Сондай-ақ, бұл іске бізбен шекаралас жатқан Батыс Қазақстан облысының да қолдау көрсеткені керек. Егер, олар бұған мүдделі болса, әрине, көмектесудің жолын табар еді, - деген ол бұл кеңеске Ресей Федерациясының 26 аймағынан 36 қоғамдық ұйым қатысқанын айтады.
- Бұған Қазақстан тарапынан да өте жоғары деңгейде делегация келді. Олардың арасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан, Көші-қон комитеті мен Тіл комитетінен, Батыс Қазақстан облысынан өкілдер бар. Батыс қазақстандықтар бізге жыл сайын облыс бойынша Наурыз мерекесін өткізуге, жалпы, жан-жақты гуманитарлық көмектер көрсетіп тұрады.
Тоқтарбай Дүйсенбаевтың айтуынша, Самара облысындағы 27 ауданның 12-сінде қазақтар шоғырлана орналасқан.
- Қазақстанда қазақ тілін үйретудің «12+1» атты жаңа мульти-медиялық бағдарламасы жасалынды. 35-40 % қазақ балалары оқитын мектептерге осы бағдарламаны енгізетін болса, қазақ тілі факультатив ретінде емес, пән ретінде үйретілетін болады. Біз осы жобаны жасауға қаржы көзін таптық. Егер, бұл жоба жүзеге асатын болса, ана тіліміз дамыр еді. Қазақстан жағы бізге осы жобаны жасауға көмектесті. Көмектесуге тиісті де, өйткені, қазақ тілінің шетте сақталуына және этникалық қазақтардың ұлтын ұмытпауына меніңше, Қазақстан ғана мүдделі. Бұл одан өзге ешкімге керек емес, - дейді ол.
Дегенмен Қазақстан бағдарламаларының күрделі тұстары да бар екендігін айтады:
- Қазақстанда жасалып жатқан қазақ тілін үйрету бағдарламалары қазақстандық орыстілділерге арналған. Бұл Ресей қазақтарына мүлдем сай келмейді. Бізге қазақ тілін үйретудің ең оңай жолын қарастырған дұрыс. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, олардың мамандығын жоғарылату секілді жұмыстарда да біз көмекке зәруміз. Ресейдің Орынбор облысында 126 мың, Саратов облысында 100 мың қазақ тұрады, бұл өңірлерде қазақ тілі мүлдем оқытылмайды. Ал, Самара облысында 3,5 миллион халық тұрады, ресми дерекке сүйенсек, соның 15 мыңы қазақ. Мектептерде мыңнан астам қазақ баласы білім алады. Кейбір ауылдық мектептердегі балалардың 90%-ы қазақтар. Балалардың ең аз баратын мектептердегі үлес салмағы – 15%-ға жетеді. Мақсатымыз – қазақ тілін пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізу.
Тоқтарбай Қадырғалиұлы бұның себебін былай түсіндірді:
- Біз бұл бағдарламаны Самара облысында тәжірибеден өткізбекпіз. Өйткені, біздің облыс қай жағынан алып қараса да, ерекше облыс. Экономикалық тұрғыдан жақсы дамыған, дотацияда отырған жоқ, донор облыс. Қазақтар көп тұратын – Астрахань, Саратов және Орынбор облыстарының экономикалық жағдайы сын көтермейді, сол себептен Самара облысы таңдалып алынды.
Әйтсе де, аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін ресейлік қазақтар Қазақстан тарапынан нақты көмек күтеді.
- Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан жағы бізге тым болмағанда мультимедиялы кластар ашуға, техникамен жабдықтауға көмектессе нұр үстіне нұр болар еді. Амал не, қазақстандық ағайындар бұған қаржы бөлу мүмкін емес дейді. Біріншіден, тым қымбатқа түседі десе, екіншіден, шетелдегі қоғамдық ұйымдарға қаржы бөлу мәселесі қарастырылмаған екен. Қазіргі жүргізіп отырған жұмыстарымыздың барлығы қоғамдық негізде жүзеге асып отыр. Соңғы 2 жылда қазақ тілін үйрету мәселесіне шындап кірістік. Аз болса да алға жылжу бар. Дегенмен, халыққа бұны түсіндіру, қаржы көздерін табу мәселелері өте қиын.
Ресейдегі Қазақстан елшілігі бұл істе тек бақылаушылық рөл атқарып отыр. Меніңше, Ресейдегі қазақтар мәселесі – басты мәселе болмаса да, екінші мәселе болуы тиіс еді. Олар бізге ешуақытта көмектескен емес, бәлкім өмір бақи көмектеспейтін шығар. Анда-санда консулдар келеді. Бұл жолғы кеңесте де, Наурыз мейрамында да консулдар болған жоқ. Егер, Ресейдегі қазақтар Қазақстан елшілігіне қажет болмаса, кімге қажет болады. Ал, мәдени-гуманитарлық тұрғыдан жақсы көмек көрсетіп келген батыс қазақстандықтар, бәлкім, енді білім беру тұрғысынан да қолдайтын шығар деген үміттеміз. Олармен жұмыс істеу оңай. Бізден бар-жоғы 250 шақырым қашықтықта ғана орналасқан, - дейді Тоқтарбай Қадырғалиұлы.