24 желтоқсан күні Азаттық радиосына телефон шалған Қарабатандағы «Болашақ» зауытының құрылысын салып жатқан Bonatti S.p.A компаниясының жұмысшылары қамауға алынған әріптестерінің әрқайсысы Мақат аудандық сотының шешімі бойынша 5 күнге түрмеге жабылғанын мәлімдеді.
Атырау облыстық ІІБ бастығының орынбасары Мереке Есмұратов бұл ақпаратты растап, ұсталған 5 жұмысшыға рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деп айып тағылып, сот шешімімен 5 күнге түрмеге жабылғанын хабарлады.
Іле-шала Мақат аудандық сотына хабарласқанымызда істің 23 желтоқсан күні түнгі 21-22-лерде құпия түрде қаралғаны белгілі болды. Соттың істерді қабылдап алатын кеңсе қызметкері де қамауға алынған жұмысшылардың ісі 23 желтоқсан күні кешкі 19.30-да ғана келіп түскенін айтты. Ал сотқа төрағалық еткен Базарғали Қадырғалиев телефонмен қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
22 желтоқсан күні түнде Атырау қаласынан 30 км қашықтықтағы Қарбатанда мұнай тазалау зауытының құрылысын салып жатқан Agip KСO-ның субмердігері Bonatti компаниясының 5 жұмысшысы Талғат Есенәлиев, Аманжол Алмұрзин, Еркін Қабылов, Рүстем Қожанов пен Қаһарман есімді азаматты жұмысшылар ұйымдастырған наразылық акциясында белсенділік танытқаны үшін полиция қызметкерлері қамауға алған еді.
Екі тәулік бойына облыстың ішкі істер қызметі аталған жұмысшылардың қай жерде қамауда отырғанын мәлімдеуден бас тартқан болатын.Жұмысшылардың айтуынша, қазірде Қарабатандағы зауыт құрылысы территориясында ерекше режим қалыптасқан. Жұмысшылар арасында құқық қорғау органдары тарапынан жаппай тексеру жүргізліп, олардың кіммен байланысы бар екендігі қатаң анықталу үстінде көрінеді. Жұмысшылардың пікірінше полиция қызметкерлері оларды енді қайтып бас көтермейтіндей етіп қорқытып-үркітуге бар күштерін салып жатыр.
Жергілікті баспасөз журналисіне телефон арқылы мәлімет берген облыстық ІІБ бастығының орынбасары М.Есмұратов қалған жұмысшылардың тағы да қамауға алынуын ары қарайғы тексеру нәтижесі көрсететінін айтыпты.
Атқарушы билік бұл мәселе жайлы ресми ақпарат айтудан шектеліп отыр.
Agip KСO-ның мердігерлері Bonatti, ССС, IGS Sichim, РSS компанияларының жұмысшылары жұмыс жағдайына наразылық білдіріп 29 қараша мен 20 желтоқсанда митингке шыққан еді. Олар жалақыны көтеруді және вахта ауысымын енгізуді талап еткен болатын.