Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тұрақтандыру бағдарламасы аясында құрылыс және ипотекалық несиелеу мәселелерін шешу үшін 3 миллиард доллар бөлуді тапсырды. Сонымен бірге, ұлттық инвесторларға қаратып, Алматыдағы пәтерлердің шаршы метрі 1000 АҚШ долларынан, ал Астанада 700-800 АҚШ долларынан артық болмауын ескертті.
Тағы 3 миллиард долларды экономика мен бизнесті қаржыландыру үшін банктерге беруді және «Самрұқ-Қазына» қорына шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қосымша қаржы көздерін тартуды тапсырды. Назарбаев жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылары стресті активтер қорын капиталдандыруға бағытталуы мүмкін екендігін айтты.
Назарбаев зейнетақы қорлары салымшыларының мазасыздануына негіз жоғын ескертті. Оның пікірінше, қазір Қазақстандағы зейнетақы жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Және дәл қазіргі уақытта мемлекеттің зейнетақы қорында 1,3 триллион теңге жинақталған. Сондай-ақ, ай сайын 20 миллиард теңге түсіп тұрады.
- Осыған байланысты әрине, миллиард доллар аздық етеді, мұнда расында да мұқият қарап, терең ойланып, зейнетақы активтерінің сақталуына кепілдік бере отырып, тартудың жолын қарастыру керек. Біз инвестиция тарту туралы ойлағанбыз, ол болуы да мүмкін, қазір шығыстағы көршілерімізбен сөйлесіп жатырмыз, - деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «Самрұқ-Қазына» қоры төрт ірі банкті қосымша қаржыландырады. Мемлекет олардың 25 пайыз акциясын 1 миллиард долларға сатып алады. Президент банктерді несиелерден босатып, баланстарын тазалау стресті активтер қорының міндеті деп есептейді.