БАҚ және адам құқықтарын қорғаушы топтар Ауғанстанда бүлікшілер шабуылы жайлы тікелей эфирде хабар беруге енгізілген тыйымды сынауда. Барлау қызметі мұндай хабарлар бүлікшілерге тиімді дегенді алға тартады. Ал сыншылар бұл тыйымды цензура деп бағалады.
«БҰЛ – ЦЕНЗУРА»
Ауғанстан билігі Талибанның шабуылдары туралы тікелей эфирден хабар беруге тыйым салатынын жариялады. Ауған билігінің айтуынша, мұндай хабарлар исламшыл бүлікшілерді күшейтеді.
Барлау қызметі жариялаған бұл әрекетті журналистер мен құқық қорғаушы топтар айыптап отыр. Олардың айтуынша, бұл тыйым қоғамды шабуылдар кезіндегі қауіпсіздік жағдайы туралы соңғы ақпараттардан құр алақан қалдырады.
Ауғанстан журналистері қауымдастығының басшысы Рахимулла Самандар Кабулда «Азат Ауғанстан» радиосына берген сұхбатында
Біз бәріміз үкімет енгізіп отырған тікелей цензураға қарсымыз. Бұл шешім үкіметтің қабілетсіздігін көрсетіп отыр.
«Бұл шешімге байланысты біздің көзқарасымыз мынадай: ауған заңдарына сәйкес, үкімет оқиғалардың қамтылуына тікелей цензура енгізе алмайды. Біз бәріміз үкімет енгізіп отырған тікелей цензураға қарсымыз. Бұл шешім үкіметтің қабілетсіздігін көрсетіп отыр», – деді Самандар.
Азаматтық еркіндіктер бойынша Ауғанстандағы құқықтарды бақылау тобының баспасөз хатшысы Ажмал Самадидің мәлімдеуінше, сөз бостандығына шектеу қою адам құқықтары жөніндегі халықаралық заңдар мен Ауғанстан Конституциясына қайшы келеді.
Нью-Йоркте орналасқан Associated Press агенттігінің халықаралық жаңалықтар бойынша редакторы Джон Данишеуски ақпарат таратуға қатысты тыйым демократиялық қоғамға сай келмейді деп атап көрсетті. Оның айтуынша, маңызды тың оқиғалардың полиция мен қауіпсіздік операцияларының араласуынсыз қамтылуына бірқатар әдістер бар.
ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСКЕРТУІ
Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасы ұлттық қауіпсіздік туралы заңды алға тарта отырып, аталмыш тыйым жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне дүйсенбі күні хабарлады.
«Шабуылдар туралы тікелей хабар беру үкіметке емес, Ауғанстанның жауларына пайда әкеледі», – деп атап көрсетті Ұлттық қауіпсіздік
Журналистер енді тек шабуылдардың салдары туралы ғана камераға түсіре алады, ол үшін тілшілер Ұлттық қауіпсіздік басқармасынан рұқсат алуы тиіс.
Журналистер енді тек шабуылдардың салдары туралы ғана камераға түсіре алады, ол үшін тілшілер Ұлттық қауіпсіздік басқармасынан рұқсат алуы тиіс.
Ансаридің айтуынша, бұл тыйымға құлақ аспаған журналистерге қарсы жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шабуылдар барысын видеоға түсірген журналистер тұтқындалып, олардың құрал-жабдықтары тәркіленетін болады.
ШАБУЫЛДАР ЖАЛҒАСУДА
Өткен жылы ауған үкіметі тамыздың 20-дағы президент сайлауы барысындағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы хабар таратуға тыйым салған болатын.
Дүйсенбі күні шыққан бұл үкіметтік шектеу өткен жұмада Кабул қаласындағы жанкештілік шабуылдан ішінде шетелдіктер бар 16 адам қаза тапқан оқиғадан соң болып отыр.
Ұлттық қауіпсіздік басқармасының баспасөз хатшысы осы оқиға жайлы теледидардан берілген хабарлар бүлікшілерге ауған қауіпсіздік күштерінің операциялары жөнінде әскери-тактикалық ақпарат алуына көмектескен деп мәлімдеді.
Сонымен қатар дүйсенбі күні НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштері Ауғанстандағы шабуылдардан 6 сарбазының қаза тапқандығын хабарлады.
НАТО жетекшілігіндегі күштер елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде Талибанға қарсы кең ауқымды операцияларын жүргізуде.