Қазақ оппозициясының шетелдегі бюросының жетекшісі Серік Медетбеков Азаттық радиосына берген сұхбатында Global Option Management ісі бойынша процесс басталғанда оның жаңғырығы «Қазақгейттен» де асып түсетіндігін айтады.
ЖОВТИСТІ ТҰҚЫРТУ
– Адам құқын қорғаушылардың да, халықаралық ұйымдардың да ортақ пікірлеріне қарағанда жақында ғана сотталған Евгений Жовтис саяси тұтқын деп есептелініп отыр. Серік мырза, Ақорданың қожасы мен оның саяси режимі Жовтистің сотталуына байланысты қандай да бір преференциялар алды ма?
– Өкіншістісі сол, Евгений Жовтис керек емес уақытта керек емес орында болған. Бірінші кезекте опат болған адамның ажалына қарай. Бұл – шындықтың бір бөлігі ғана. Бұдан ары биліктегілердің құқық қорғаушыны заңның көмегімен жазалауы басталды. Жовтиске қатысты қазақ сотының әрекеті – нағыз кек алу.
Президент Назарбаев пен оның серіктері Жовтисті тұқыртуға мүмкіндік алғандарына қалай рахаттанғанын байқатып, оған кесілер үкімді жеңілдетуге еш мүмкіндік бермеді: оған қайтыс болған азаматтың туыстарымен келісімге келуге де, шартты түрде соттауға да мүмкіндік бермеді.
Астанада жоғары дәрежелі шенеуніктің удай мас ұлы адамды атқан кезде оған ештеңе болған жоқ. Өйткені, құрбандық өзінің жәбірлеушісін «кешірді». Осы тектес оқиғалар соңғы жылдары өте көп болды. Ақыр соңы шартты жазамен жабылып қалған қылмыстармен салыстырғанда жолаушыны қағып кету дегеніңіз әшейін әңгіме болып қалады. Назарбаевтық әділ сот дегеніңіз осы.
Жовтисті соттай отырып Ақорда шетелге емес, өз азаматтарына белгі берді: биліктің ыңғайына жығылыңдар, оны сынамаңдар, тек сонда ғана кешірімге ие боласыңдар деп. Ал енді оған ашық қарсы шықсаң, онда ең қиын-қыстау жағдайға даяр бол.
Менің ойымша Евгений Жовтис оны кез келген уақытта, кез-келген сылтаумен жазалауы мүмкін екендігін жақсы түсінді. Оның батылдығы мен табандылығы қандай құрметке болса да лайық.
ХАЛЫҚ ОППОЗИЦИЯНЫ СПУТНИК АРҚЫЛЫ КӨРЕТІН БОЛДЫ
– Серік мырза, «К-плюс» телеарнасында Рахат Әлиевтің бірқатар сұхбаттарының берілуіне байланысты сіз не айтасыз? Онда Әлиев әлдебіреулердің телефондағы әңгімелерінің жазбасын, аудиокомпроматын жария етеді.
– Мен Рахат Әлиевке өзінің ойын айтуға мүмкіндік берілгенін қолдаймын. Ол туралы кім қалай ойласа да, Әлиев Назарбаевтың құпия өмірі, оның билігінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы құпия ақпараттарды білетін адам. Телеэфирде отырып өз аузымен айту кітапта жазылғандағыдан қарағанда әсерлі болады. Ол әңгіме айтып отырғанда қосымша беріліп отырған фонограмма мен фотомонтаж айтылған әңгімеге қосымша дерек қосады.
Рахат Әлиев қорқынышты және зығырданыңды қайнататын фактілер жайында барынша ұстамды түрде, солай болуы керек сияқты айтады. Президентке ең жақын жүретін адамдардың қалай сөйлейтінін, сөз саптасын есіткенде бұлар қоғамның бетке шығар қаймағы емес, ең бір азғындаған тобы ма деген ойға қаласың.
Рахат Әлиевтің «К-плюс» телеарнасына берген сағаттарға созылған ұзақ сұхбаты билікке орасан зиян келтірді. Ол билікті ішінен
әшкерелеп, жалпыға оның «ішкі лыпасын» көрсетеді. Сол себепті де бойын ыза кернеген ҰҚК бұл телеарнаның үнін өшіргісі келеді, «Хот берд» және «Ямал» спутниктерін лазермен тоқтатқысы келеді.
Бірақ бәрібір халық, әсіресе аймақтарда, бұл бағдарламаларды көреді. Сұхбаттың бейнежазбасын интернет арқылы көру де соншалықты қиын емес. Ал телебағдарламаны Еуропадағы, АҚШ-тағы, Рсеейдегі қажет деп тапқан көрермендер еш кедергісіз көреді.
Есіңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға АҚШ-тан Дат радиосының хабарлары беріліп тұрды. Оның да үнін өшірмек болып, радионың Қазақстандағы тілшілерін қуғындады. Бірақ сол кездері Дат радиосында жұмыс істеген Бигелді Ғабдуллиннің дауысы шалғайдағы ауылдарға дейін жетіп жатты.
Енді міне, техниканың дамуы осыдан бес жыл бұрын ойыңа алуға болмайтын жаңалықты әкеліп, оппозициялық телеарна жұмыс істеуде. Әрине, бұл жерде Мұхтар Әблязовтың үлкен еңбегі бар. Ол оппозицияға ашық түрде кетерден біраз бұрын көрегендік танытып «К-плюс» телеарнасының негізін қалады.
ЕРТІСБАЕВТІҢ БОЛАШАҒЫ
– Серік мырза, сіз «Азат» демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы болып бірігіп жатқандығын қалай бағалайсыз? Әлемдік пролетариаттың естен кетпес көсемі Владимир Лениннің сөзімен айтсақ «бұл бірігу шынайы және ұзаққа баратын бірігу» ме?
– «Алға!» партиясының бұл бірлестікке кірмегені өкінішті. Мойындалған, үлкен оппозициялық қозғалыстың бір бөлшегі ретінде сезіну оның аймақтардағы белсенді мүшелері үшін өте маңызды болар еді. «Алғаның!» оқшауланып қалуына негіз болар ештеңе жоқ. Ресурстар мен кадрлар бөлек-бөлек жүргеннен гөрі біріккен кезде көбірек тиімді пайда берер еді.
Мұхтар Әблязовтың стратегиялық ойлау жүйесінің кеңдігіне көзіміз жеткенімен, оның оппозицияның өзге жетекшілерімен серіктесе жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екендігін түсінбей отырғандығы өкінішті-ақ. Келісімге келу – саясаткердің әлсіздігінің емес, қайта керісінше, мықтылығының белгісі.
Біріккен оппозиция бұрынғы «Азат» немесе ЖСДП сияқты ұзақ айларға созылған ұйқыға кетпес деген үміттемін. Қазақстан оппозициясының шетелдегі бюросы әріптестеріне бұл жайында жиі айтып тұратын.
Бұл шынайы және ұзаққа созылатын бірігу ме деп кекесін танытпауға кеңес берер едім. Ел жанашырымын дейтін азаматтар ережесіз белдесулер болып жатқан рингтің айналасындағы тобырға ұқсамауы тиіс. Қазақстанның оппозиционерлері өте ауыр жағдайда жұмыс
істеуде. Оларға нағыз диктаторлық режимнің жазалаушы аппараты қарсы тұр. Оппозиция көп жылдардан бері олармен жүйелі түрде күресіп келеді. Опозиционерлердің азаматтық ерлігі мен интеллектуалдық батылдығын құрметтеу керек.
Назарбаевтың тұсында Қазақстан оппозициясын келеке қылу жалдамалы насихатшылардың ортақ жұмысына айналды. Бұл «сыншылар» жайында жиіркенбей айту мүмкін емес. Мұндай адамдар «Нұр Отанға» қызмет етіп, мемлекеттің қаржысына қарындарын тойғызып, мамыражай күн кешуде. Билікке олар зәредей де кінә тақпайды, есесіне оппозиция десе өре түрегеледі.
Ал Қазақстанда демократиялық өзгерістер басталғанда дәл сол Ертісбаевтың оппозицияны қалай қорғағаны, оған құпия түрде көмектескендігі туралы әңгімесін еститін боламыз. Ал Қалетаев болса Ақордада Штирлиц тәрізді зиянкестік жұмыстар жасап жүрген астыртын адам болып шығады.
НАЗАРБАЕВҚА ЕҚЫҰ-ның ҚАНДАЙ ҚАЖЕТІ БАР?
– Серік мырза, жақында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етпек. Бұның Қазақстан оппозициясына келер қандай да бір тиімді жақтары бар ма? Қазақстан оппозициясының шетелдегі өкілдігінің алдағы, оның ішінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін жылға арналған жоспары жайында қысқаша айтып берсеңіз.
– Оппозиция бұл жылды ЕҚЫҰ-дағы және оның айналасындағы барлық шараларға қатысу үшін барынша пайдалануы керек. Ресми Астана қатысатын барлық жиындарға оппозиция өкілдері де барып, өз пікірлерін айтулары керек. Егер өткізіліп жатқан шара үкімет деңгейінде болса, онда көрші залдарда оған қарсы форум өткізу керек.
Желтоқсанда Афинада ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Алғашқы әңгіме осы жерден басталуы керек. Біріккен оппозициялық партия Афинадағы кездесулер мен шараларға даярлықтарын осы кезден бастап кеткені дұрыс болар деп ойлаймын.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Назарбаевтың басты мақсаты емес. Бұл жағдайдың оның жеке өзіне соншалықты ештеңе әкеле қоймайтынын ол жақсы түсінеді. Өйткені, ЕҚЫҰ-ның жарғысы бойынша ұйым басшысы төраға-елдің президенті емес, сыртқы істер министрі ғой. Біздің жағдайда бұл – Қанат Саудабаев. Демек, Назарбаев бұл үшін бұрынғы циркачты таңдаған болып отыр емес пе? Әлиевтің «аудиожазбаларына» сенсек ол үшін Вашингтондағы елшінің қызметі де жиреніш туғызса керек.
Назарбаев ЕҚЫҰ-ға қатысты бұл әңгіменің барлығын Астанада мемлекет басшыларының саммитін өткізіп, соның салтанатынан ләззат алу үшін бастады. Бірақ бұл саммит өзінен өзі бола салмайды. Оның болар болмасы Батыстағы Назарбаевтың басты сыншыларына – АҚШ, Ұлыбритания және ГФР үкіметтерінің ұстанымына байланысты.
Жақында АҚШ Конгресінде осы тақырыпқа қатысты тыңдау болып, онда мемлекеттік хатшының үш бірдей орынбасарлары – Филипп Гордон (Еуразия мәселелері жөніндегі), Майкл Познер (демократия және адам құқықтары жөніндегі) және Александр Вершбоулар (халықаралық қауіпсіздік жөніндегі) сөз сөйлеп, олардың үшеуі де Астанадағы мемлекет басшыларының конференциясы, егер Назарбаев демократияландыруда әсер етерліктей табыстарға қол жеткізсе және 2007 жылы Мадридте Қазақстанның бүкіл ЕҚЫҰ-ға мүше елдерге берген уәдесін орындаса ғана өтуі мүмкін деп мәлімдеді.
Дәл осылайша, Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкіметтері жазда тек Назарбаевтың олармен суретке түсуіне мүмкіндік жасау үшін ғана Қазақстанға барғалы отырған жоқ.
ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу керек пе, жоқ па, оны қандай шартпен өткізу керек? Осы тұрғыдан алғанда оппозициялық ұйымдардың өз ойларын батыс елдерінің басшыларына қалай жеткізудің жоспары бар екендігіне сенімдімін. Оны жүзеге асыруға оппозицияның шетелдегі бюросы барлық жағынан көмектесуге әзір.
«ӘКІМДІК ҚАРСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕЙДІ»
– Серік мырза, Франция президенті Николя Саркозидің Астанаға сапары барысында сөйлеген сөзінен соң Саркози бастаған Францияның қазіргі басшылығы қазақстандық режимнің мүддесін ашық түрде қолдайды деген тұрақты түсінік қалыптасты. Сіздіңше бұл қаншалықты шындыққа жақын және ресми Париж осы арқылы қандай мақсатты көздеп отыр?
– Франция президенті өз мемлекетінің, өз бизнесінің мүддесін көздеп отыр. Қазақстандағы саяси режимді өзгерту оның міндетіне жатпайды. Кезінде француздар белгілі революцияның көмегімен өздеріндегі режимді өзгертті. Сол себепті біздің оларға мораль оқитын жайымыз жоқ.
Соңғы кездері қазақтың демократияшыл публицистерінің мақалаларында Қазақстандағы демократияландыру мәселелерімен айналыспағаны үшін Батыс елдеріне, еуропалық және америкалық басшыларға деген өкпе мен ашулы жауаптары байқалады. Бірақ бұл
ашуды өз халқына, билеушілеріне қарай бағыттаған дұрыс болар. Егер Абай тірі болса дәл осылай жасар еді.
Францияда қазір де қарсылық танытушы демонстранттар мен полиция арасында қақтығыстар жиі болады. Тас лақтырылып, автомобильдер өртенеді. Полиция сойыл мен газ қолданады. Француздар өздерінің құқықтары үшін осылай күреседі. Қазақстанда мұндай ешнәрсе болмайды. Қорқынышты. Әкімдік рұқсат бермейді. Ұрып тастаулары мүмкін. Біз «заңға бағынатын азаматтармыз». Есесіне, қазақстандықтар олар біздің құқымызды неге дұрыстап қорғамайды деп Саркозиге де, Обамаға да, Рим Папасына да кінә тағуға даяр.
Солай бола тұра, Франция президентіне де ықпал етуге болады. Бірақ тек осы елдің қоғамдық пікірі арқылы ғана. Біздің оппозиция француз баспасөзіне шығып, оппозициялық саясаткерлермен кездесулері керек. Саркозидің Астанаға сапары алдында бұны жасау оңай еді. Кез-келген париждік газет Ұлы француз революциясының идеяларын қазақ уранына сатып кеткен өз президентін сынға алар еді. Ұлттық жиналыстағы социалист-депутаттар сапар қарсаңында Саркозиден демократияны қолдайтын нақты қадамдарды талап ететін еді. Бірақ ешкім де Парижге барған жоқ, ешкім журналистер мен депутаттарға өз ұстанымдары жазылған меморандумдарды жіберген жоқ.
МӘСІМОВТІ СОТҚА ШАҚЫРАДЫ
– Серік мырза, мүмкін бұл Назарбаев халықаралық аренаны жаулап алды, онда ол сөзсіз табысқа жетіп жатыр деген пікірден туған болар?
– Бұл жай ғана миф. Бұл ескіріп қалған иллюзияның бірі. Әлемде беделге ие болу – Назарбаевтың арманы. Ол әлемге танымалдық оны АҚШ-тағы сот процесінен қорғап қалады деп ойлайды. Шындығында Назарбаевтың халықаралық позициясы соншалықты нық емес. Ресеймен арада келіспеушілік бар. Қазақстан өзінің жақын көршісі мен одақтасына зиян шектіре отырып «Набукко» жобасына енбек болып талпынуда. Бізде газдың үлкен қоры болмаса бұның керегі не?
Әлемдегі қол жеткен табыстардың дәлелі ретінде бізге қазақ капиталының Румыния мен Хорватиядағы мұнай өңдеу зауыттарын сатып алып, онда айлақтар салмақшы болып жатқандығын ұдайы атады. Назарбаев Хорватияға талай мәрте барып келді. Бірақ мәселе мұнай өңдеу зауытында емес, сол жақта оның маңындағылар оған арнап салып жатқан отельдерде деген сөз бар. Рахат Әлиевтің аудиожазбаларында бұл тақырып жан-жақты ашылған.
Назарбаевтың Әмірліктерге «мемлекеттік сапарлары» да дәл осындай. Ол жаққа қаншалықты бара беруге болады? Талай мәрте уәде етілген инвестициялық супержобалар қайда? Шейхтар бізде ештеңені салайын деп жатқан жоқ. Өйткені олардың салған ақшасының қайтатындығына ешкім кепілдік бере алмайды.
Даңғазалатып, шулатып, «осылай жасағалы жатырмыз» деп келісімдерге қол қою – Назарбаевтың шетелге кезекті сапарын ақтап алатын насихат тәсілі ғана. Италияда саяси басшылық дағдарыс үстінде, бизнестің ақшасы жоқ. Мұнай өндірумен айналысатын ұлттық Eni корпорациясының Каспийге келгеніне біраз уақыт болды, мұнай болса әлі жоқ. Бұдан соң «миллиардтаған долларлық жобалар» туралы қалай айтуға болады?
Ал осы кезде АҚШ-та «Қазақгейтке» қатысты процесс еш нәрсеге бой бермей шешілуге жақындап келеді. Созбаққа салынған сот отырыстары жақында бітеді. Назар аударыңыз, «әзірбайжангейті» бойынша жақында ғана үкім шықты. Мемлекеттік мұнай өндіру компаниясын жекешелендіруге уәде бергені үшін әкелі-балалы Әлиевтерге пара берген Америка бизнесмені сотталды. Ақшаны делдалдар арқылы алғанымен Әлиевтердің аттары тура аталды. Швейцарияда ешқандай жеке шоттары болмаған, өз аттарында ешқандай оффшорлық компаниялар болмаған. Ақылды адамдар біреудің қателігінен үйренеді деген осы.
Қалай болғанда да қаңтар айының басында Нью-Йорк соты «Қазақгейт» ісін қарауды бастайды. Пара алғаны үшін басты күдікті болып отырған адамды Нобель сыйлығына үміткер қылып ұсынар ма екен – сонда көреміз.
Назарбаевтың беделін түсіру үшін оппозиция ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмыс істеуде. Олардың «қалам қайраткерлері» өздерінше Рахат Әлиевті әшкерелейтін материалдарды жиі жариялайды. Бірақ дәл осы кезде олар Назарбаевтың да артын ашады.
Бір ғана мысал: Әлиевтің Қазақстаннан Ливанға World Media Corporation фирмасының шотына миллиондаған долларды аударғаны ашумен айтылады.
Бұл фирма болгарлық-американдық лоббист, «Самұрық Қазына» қорының директорларының бірі Александр Мирчевтің «Суперхан» бағдарламасы мен өзге де шығармаларының тапсырыс берушісі болған.
Миллиондаған долларлар Қазақстаннан Ливанға барған соң ол жақтан Мирчевке тиесілі Global Option Management компаниясының шотына аударылған. Ал енді «Суперхан» жобасының құндылығына байланысты мына бір әзіл әңгіме еске түседі. Бір адам мәңгі өмір сүрмек болып шешіпті. Бір аптадан соң ол досына барлығы жоспар бойынша өтуде деп хат жазыпты.
Назарбаевтың бұл кеңесшісі тура «екінші Гиффеннің» өзі. Оқиға барысының өзі «Қазақгейтті» қайталауда. Екі жағдайда да тергеуді жүргізген прокурорлар процестің шулы болатындығына, қызметінің өсетіндігіне үмітті. Олар істі жаба салуға жол бермейді. Жалпы алғанда, істің тергелуі қаншалықты ұзаққа созылса, үкім мерзімі де соншалықты ұзын болады.
Бұған қатысты Вашингтондағы елші не айтып жатыр екен? Ол президентке жақын арада Мирчевтің де өзімен бірге біраз адамдарды ала кететінін емеурінмен білдірді ме екен? «Қазақгейтте» Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаевтың аты аталады.
Мирчевтің ісінде қазіргі премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысушының бірі.
Global Option Management ісі бойынша процесс басталғанда оның жаңғырығы «Қазақгейттен» де асып түседі. Қазақстанның қазіргі премьері сотқа шақырылмай қалмайды. Кәрім Мәсімов өзін не күтіп тұрғанын сезетін сияқты. Өткен жылы ол АҚШ-қа сапарын ең соңғы сәтте өзгертті. Биыл ол АҚШ-тағы инвестициялық форумға баруға әрекеттенген де жоқ.
Бұл жайында тек Назарбаевтың ғана ешнәрсе білмеуі мүмкін. Ол ағылшынша оқымайды, ал «Уолл-Стрит Жорналдағы» бұл тақырыпқа арналған мақаланың аудармасын оған көрсеткен жоқ. Егер осындай жайттардан бейхабар өмір сүре берсе, кез-келген сәтсіздікті халықаралық аренадағы жеңіс деп есептеуге болады.
– Серік мырза, сұхбатыңыз үшін рақмет.
– Адам құқын қорғаушылардың да, халықаралық ұйымдардың да ортақ пікірлеріне қарағанда жақында ғана сотталған Евгений Жовтис саяси тұтқын деп есептелініп отыр. Серік мырза, Ақорданың қожасы мен оның саяси режимі Жовтистің сотталуына байланысты қандай да бір преференциялар алды ма?
– Өкіншістісі сол, Евгений Жовтис керек емес уақытта керек емес орында болған. Бірінші кезекте опат болған адамның ажалына қарай. Бұл – шындықтың бір бөлігі ғана. Бұдан ары биліктегілердің құқық қорғаушыны заңның көмегімен жазалауы басталды. Жовтиске қатысты қазақ сотының әрекеті – нағыз кек алу.
Президент Назарбаев пен оның серіктері Жовтисті тұқыртуға мүмкіндік алғандарына қалай рахаттанғанын байқатып, оған кесілер үкімді жеңілдетуге еш мүмкіндік бермеді: оған қайтыс болған азаматтың туыстарымен келісімге келуге де, шартты түрде соттауға да мүмкіндік бермеді.
Астанада жоғары дәрежелі шенеуніктің удай мас ұлы адамды атқан кезде оған ештеңе болған жоқ. Өйткені, құрбандық өзінің жәбірлеушісін «кешірді». Осы тектес оқиғалар соңғы жылдары өте көп болды. Ақыр соңы шартты жазамен жабылып қалған қылмыстармен салыстырғанда жолаушыны қағып кету дегеніңіз әшейін әңгіме болып қалады. Назарбаевтық әділ сот дегеніңіз осы.
Жовтисті соттай отырып Ақорда шетелге емес, өз азаматтарына белгі берді: биліктің ыңғайына жығылыңдар, оны сынамаңдар, тек сонда ғана кешірімге ие боласыңдар деп. Ал енді оған ашық қарсы шықсаң, онда ең қиын-қыстау жағдайға даяр бол.
Менің ойымша Евгений Жовтис оны кез келген уақытта, кез-келген сылтаумен жазалауы мүмкін екендігін жақсы түсінді. Оның батылдығы мен табандылығы қандай құрметке болса да лайық.
ХАЛЫҚ ОППОЗИЦИЯНЫ СПУТНИК АРҚЫЛЫ КӨРЕТІН БОЛДЫ
– Серік мырза, «К-плюс» телеарнасында Рахат Әлиевтің бірқатар сұхбаттарының берілуіне байланысты сіз не айтасыз? Онда Әлиев әлдебіреулердің телефондағы әңгімелерінің жазбасын, аудиокомпроматын жария етеді.
– Мен Рахат Әлиевке өзінің ойын айтуға мүмкіндік берілгенін қолдаймын. Ол туралы кім қалай ойласа да, Әлиев Назарбаевтың құпия өмірі, оның билігінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы құпия ақпараттарды білетін адам. Телеэфирде отырып өз аузымен айту кітапта жазылғандағыдан қарағанда әсерлі болады. Ол әңгіме айтып отырғанда қосымша беріліп отырған фонограмма мен фотомонтаж айтылған әңгімеге қосымша дерек қосады.
Рахат Әлиев қорқынышты және зығырданыңды қайнататын фактілер жайында барынша ұстамды түрде, солай болуы керек сияқты айтады. Президентке ең жақын жүретін адамдардың қалай сөйлейтінін, сөз саптасын есіткенде бұлар қоғамның бетке шығар қаймағы емес, ең бір азғындаған тобы ма деген ойға қаласың.
Рахат Әлиевтің «К-плюс» телеарнасына берген сағаттарға созылған ұзақ сұхбаты билікке орасан зиян келтірді. Ол билікті ішінен
Президентке ең жақын жүретін адамдардың қалай сөйлейтінін, сөз саптасын есіткенде бұлар қоғамның бетке шығар қаймағы емес, ең бір азғындаған тобы ма деген ойға қаласың.
Бірақ бәрібір халық, әсіресе аймақтарда, бұл бағдарламаларды көреді. Сұхбаттың бейнежазбасын интернет арқылы көру де соншалықты қиын емес. Ал телебағдарламаны Еуропадағы, АҚШ-тағы, Рсеейдегі қажет деп тапқан көрермендер еш кедергісіз көреді.
Есіңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға АҚШ-тан Дат радиосының хабарлары беріліп тұрды. Оның да үнін өшірмек болып, радионың Қазақстандағы тілшілерін қуғындады. Бірақ сол кездері Дат радиосында жұмыс істеген Бигелді Ғабдуллиннің дауысы шалғайдағы ауылдарға дейін жетіп жатты.
Енді міне, техниканың дамуы осыдан бес жыл бұрын ойыңа алуға болмайтын жаңалықты әкеліп, оппозициялық телеарна жұмыс істеуде. Әрине, бұл жерде Мұхтар Әблязовтың үлкен еңбегі бар. Ол оппозицияға ашық түрде кетерден біраз бұрын көрегендік танытып «К-плюс» телеарнасының негізін қалады.
ЕРТІСБАЕВТІҢ БОЛАШАҒЫ
– Серік мырза, сіз «Азат» демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы болып бірігіп жатқандығын қалай бағалайсыз? Әлемдік пролетариаттың естен кетпес көсемі Владимир Лениннің сөзімен айтсақ «бұл бірігу шынайы және ұзаққа баратын бірігу» ме?
– «Алға!» партиясының бұл бірлестікке кірмегені өкінішті. Мойындалған, үлкен оппозициялық қозғалыстың бір бөлшегі ретінде сезіну оның аймақтардағы белсенді мүшелері үшін өте маңызды болар еді. «Алғаның!» оқшауланып қалуына негіз болар ештеңе жоқ. Ресурстар мен кадрлар бөлек-бөлек жүргеннен гөрі біріккен кезде көбірек тиімді пайда берер еді.
Мұхтар Әблязовтың стратегиялық ойлау жүйесінің кеңдігіне көзіміз жеткенімен, оның оппозицияның өзге жетекшілерімен серіктесе жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екендігін түсінбей отырғандығы өкінішті-ақ. Келісімге келу – саясаткердің әлсіздігінің емес, қайта керісінше, мықтылығының белгісі.
Біріккен оппозиция бұрынғы «Азат» немесе ЖСДП сияқты ұзақ айларға созылған ұйқыға кетпес деген үміттемін. Қазақстан оппозициясының шетелдегі бюросы әріптестеріне бұл жайында жиі айтып тұратын.
Бұл шынайы және ұзаққа созылатын бірігу ме деп кекесін танытпауға кеңес берер едім. Ел жанашырымын дейтін азаматтар ережесіз белдесулер болып жатқан рингтің айналасындағы тобырға ұқсамауы тиіс. Қазақстанның оппозиционерлері өте ауыр жағдайда жұмыс
Бұл «сыншылар» жайында жиіркенбей айту мүмкін емес. Мұндай адамдар «Нұр Отанға» қызмет етіп, мемлекеттің қаржысына қарындарын тойғызып, мамыражай күн кешуде.
Назарбаевтың тұсында Қазақстан оппозициясын келеке қылу жалдамалы насихатшылардың ортақ жұмысына айналды. Бұл «сыншылар» жайында жиіркенбей айту мүмкін емес. Мұндай адамдар «Нұр Отанға» қызмет етіп, мемлекеттің қаржысына қарындарын тойғызып, мамыражай күн кешуде. Билікке олар зәредей де кінә тақпайды, есесіне оппозиция десе өре түрегеледі.
Ал Қазақстанда демократиялық өзгерістер басталғанда дәл сол Ертісбаевтың оппозицияны қалай қорғағаны, оған құпия түрде көмектескендігі туралы әңгімесін еститін боламыз. Ал Қалетаев болса Ақордада Штирлиц тәрізді зиянкестік жұмыстар жасап жүрген астыртын адам болып шығады.
НАЗАРБАЕВҚА ЕҚЫҰ-ның ҚАНДАЙ ҚАЖЕТІ БАР?
– Серік мырза, жақында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етпек. Бұның Қазақстан оппозициясына келер қандай да бір тиімді жақтары бар ма? Қазақстан оппозициясының шетелдегі өкілдігінің алдағы, оның ішінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін жылға арналған жоспары жайында қысқаша айтып берсеңіз.
– Оппозиция бұл жылды ЕҚЫҰ-дағы және оның айналасындағы барлық шараларға қатысу үшін барынша пайдалануы керек. Ресми Астана қатысатын барлық жиындарға оппозиция өкілдері де барып, өз пікірлерін айтулары керек. Егер өткізіліп жатқан шара үкімет деңгейінде болса, онда көрші залдарда оған қарсы форум өткізу керек.
Желтоқсанда Афинада ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Алғашқы әңгіме осы жерден басталуы керек. Біріккен оппозициялық партия Афинадағы кездесулер мен шараларға даярлықтарын осы кезден бастап кеткені дұрыс болар деп ойлаймын.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Назарбаевтың басты мақсаты емес. Бұл жағдайдың оның жеке өзіне соншалықты ештеңе әкеле қоймайтынын ол жақсы түсінеді. Өйткені, ЕҚЫҰ-ның жарғысы бойынша ұйым басшысы төраға-елдің президенті емес, сыртқы істер министрі ғой. Біздің жағдайда бұл – Қанат Саудабаев. Демек, Назарбаев бұл үшін бұрынғы циркачты таңдаған болып отыр емес пе? Әлиевтің «аудиожазбаларына» сенсек ол үшін Вашингтондағы елшінің қызметі де жиреніш туғызса керек.
Назарбаев ЕҚЫҰ-ға қатысты бұл әңгіменің барлығын Астанада мемлекет басшыларының саммитін өткізіп, соның салтанатынан ләззат алу үшін бастады. Бірақ бұл саммит өзінен өзі бола салмайды. Оның болар болмасы Батыстағы Назарбаевтың басты сыншыларына – АҚШ, Ұлыбритания және ГФР үкіметтерінің ұстанымына байланысты.
Жақында АҚШ Конгресінде осы тақырыпқа қатысты тыңдау болып, онда мемлекеттік хатшының үш бірдей орынбасарлары – Филипп Гордон (Еуразия мәселелері жөніндегі), Майкл Познер (демократия және адам құқықтары жөніндегі) және Александр Вершбоулар (халықаралық қауіпсіздік жөніндегі) сөз сөйлеп, олардың үшеуі де Астанадағы мемлекет басшыларының конференциясы, егер Назарбаев демократияландыруда әсер етерліктей табыстарға қол жеткізсе және 2007 жылы Мадридте Қазақстанның бүкіл ЕҚЫҰ-ға мүше елдерге берген уәдесін орындаса ғана өтуі мүмкін деп мәлімдеді.
Дәл осылайша, Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкіметтері жазда тек Назарбаевтың олармен суретке түсуіне мүмкіндік жасау үшін ғана Қазақстанға барғалы отырған жоқ.
ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу керек пе, жоқ па, оны қандай шартпен өткізу керек? Осы тұрғыдан алғанда оппозициялық ұйымдардың өз ойларын батыс елдерінің басшыларына қалай жеткізудің жоспары бар екендігіне сенімдімін. Оны жүзеге асыруға оппозицияның шетелдегі бюросы барлық жағынан көмектесуге әзір.
«ӘКІМДІК ҚАРСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕЙДІ»
– Серік мырза, Франция президенті Николя Саркозидің Астанаға сапары барысында сөйлеген сөзінен соң Саркози бастаған Францияның қазіргі басшылығы қазақстандық режимнің мүддесін ашық түрде қолдайды деген тұрақты түсінік қалыптасты. Сіздіңше бұл қаншалықты шындыққа жақын және ресми Париж осы арқылы қандай мақсатты көздеп отыр?
– Франция президенті өз мемлекетінің, өз бизнесінің мүддесін көздеп отыр. Қазақстандағы саяси режимді өзгерту оның міндетіне жатпайды. Кезінде француздар белгілі революцияның көмегімен өздеріндегі режимді өзгертті. Сол себепті біздің оларға мораль оқитын жайымыз жоқ.
Соңғы кездері қазақтың демократияшыл публицистерінің мақалаларында Қазақстандағы демократияландыру мәселелерімен айналыспағаны үшін Батыс елдеріне, еуропалық және америкалық басшыларға деген өкпе мен ашулы жауаптары байқалады. Бірақ бұл
Біз «заңға бағынатын азаматтармыз». Есесіне, қазақстандықтар олар біздің құқымызды неге дұрыстап қорғамайды деп Саркозиге де, Обамаға да, Рим Папасына да кінә тағуға даяр.
Францияда қазір де қарсылық танытушы демонстранттар мен полиция арасында қақтығыстар жиі болады. Тас лақтырылып, автомобильдер өртенеді. Полиция сойыл мен газ қолданады. Француздар өздерінің құқықтары үшін осылай күреседі. Қазақстанда мұндай ешнәрсе болмайды. Қорқынышты. Әкімдік рұқсат бермейді. Ұрып тастаулары мүмкін. Біз «заңға бағынатын азаматтармыз». Есесіне, қазақстандықтар олар біздің құқымызды неге дұрыстап қорғамайды деп Саркозиге де, Обамаға да, Рим Папасына да кінә тағуға даяр.
Солай бола тұра, Франция президентіне де ықпал етуге болады. Бірақ тек осы елдің қоғамдық пікірі арқылы ғана. Біздің оппозиция француз баспасөзіне шығып, оппозициялық саясаткерлермен кездесулері керек. Саркозидің Астанаға сапары алдында бұны жасау оңай еді. Кез-келген париждік газет Ұлы француз революциясының идеяларын қазақ уранына сатып кеткен өз президентін сынға алар еді. Ұлттық жиналыстағы социалист-депутаттар сапар қарсаңында Саркозиден демократияны қолдайтын нақты қадамдарды талап ететін еді. Бірақ ешкім де Парижге барған жоқ, ешкім журналистер мен депутаттарға өз ұстанымдары жазылған меморандумдарды жіберген жоқ.
МӘСІМОВТІ СОТҚА ШАҚЫРАДЫ
– Серік мырза, мүмкін бұл Назарбаев халықаралық аренаны жаулап алды, онда ол сөзсіз табысқа жетіп жатыр деген пікірден туған болар?
– Бұл жай ғана миф. Бұл ескіріп қалған иллюзияның бірі. Әлемде беделге ие болу – Назарбаевтың арманы. Ол әлемге танымалдық оны АҚШ-тағы сот процесінен қорғап қалады деп ойлайды. Шындығында Назарбаевтың халықаралық позициясы соншалықты нық емес. Ресеймен арада келіспеушілік бар. Қазақстан өзінің жақын көршісі мен одақтасына зиян шектіре отырып «Набукко» жобасына енбек болып талпынуда. Бізде газдың үлкен қоры болмаса бұның керегі не?
Әлемдегі қол жеткен табыстардың дәлелі ретінде бізге қазақ капиталының Румыния мен Хорватиядағы мұнай өңдеу зауыттарын сатып алып, онда айлақтар салмақшы болып жатқандығын ұдайы атады. Назарбаев Хорватияға талай мәрте барып келді. Бірақ мәселе мұнай өңдеу зауытында емес, сол жақта оның маңындағылар оған арнап салып жатқан отельдерде деген сөз бар. Рахат Әлиевтің аудиожазбаларында бұл тақырып жан-жақты ашылған.
Назарбаевтың Әмірліктерге «мемлекеттік сапарлары» да дәл осындай. Ол жаққа қаншалықты бара беруге болады? Талай мәрте уәде етілген инвестициялық супержобалар қайда? Шейхтар бізде ештеңені салайын деп жатқан жоқ. Өйткені олардың салған ақшасының қайтатындығына ешкім кепілдік бере алмайды.
Даңғазалатып, шулатып, «осылай жасағалы жатырмыз» деп келісімдерге қол қою – Назарбаевтың шетелге кезекті сапарын ақтап алатын насихат тәсілі ғана. Италияда саяси басшылық дағдарыс үстінде, бизнестің ақшасы жоқ. Мұнай өндірумен айналысатын ұлттық Eni корпорациясының Каспийге келгеніне біраз уақыт болды, мұнай болса әлі жоқ. Бұдан соң «миллиардтаған долларлық жобалар» туралы қалай айтуға болады?
Ал осы кезде АҚШ-та «Қазақгейтке» қатысты процесс еш нәрсеге бой бермей шешілуге жақындап келеді. Созбаққа салынған сот отырыстары жақында бітеді. Назар аударыңыз, «әзірбайжангейті» бойынша жақында ғана үкім шықты. Мемлекеттік мұнай өндіру компаниясын жекешелендіруге уәде бергені үшін әкелі-балалы Әлиевтерге пара берген Америка бизнесмені сотталды. Ақшаны делдалдар арқылы алғанымен Әлиевтердің аттары тура аталды. Швейцарияда ешқандай жеке шоттары болмаған, өз аттарында ешқандай оффшорлық компаниялар болмаған. Ақылды адамдар біреудің қателігінен үйренеді деген осы.
Қалай болғанда да қаңтар айының басында Нью-Йорк соты «Қазақгейт» ісін қарауды бастайды. Пара алғаны үшін басты күдікті болып отырған адамды Нобель сыйлығына үміткер қылып ұсынар ма екен – сонда көреміз.
Назарбаевтың беделін түсіру үшін оппозиция ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмыс істеуде. Олардың «қалам қайраткерлері» өздерінше Рахат Әлиевті әшкерелейтін материалдарды жиі жариялайды. Бірақ дәл осы кезде олар Назарбаевтың да артын ашады.
Бір ғана мысал: Әлиевтің Қазақстаннан Ливанға World Media Corporation фирмасының шотына миллиондаған долларды аударғаны ашумен айтылады.
Бұл фирма болгарлық-американдық лоббист, «Самұрық Қазына» қорының директорларының бірі Александр Мирчевтің «Суперхан» бағдарламасы мен өзге де шығармаларының тапсырыс берушісі болған.
Миллиондаған долларлар Қазақстаннан Ливанға барған соң ол жақтан Мирчевке тиесілі Global Option Management компаниясының шотына аударылған. Ал енді «Суперхан» жобасының құндылығына байланысты мына бір әзіл әңгіме еске түседі. Бір адам мәңгі өмір сүрмек болып шешіпті. Бір аптадан соң ол досына барлығы жоспар бойынша өтуде деп хат жазыпты.
Назарбаевтың бұл кеңесшісі тура «екінші Гиффеннің» өзі. Оқиға барысының өзі «Қазақгейтті» қайталауда. Екі жағдайда да тергеуді жүргізген прокурорлар процестің шулы болатындығына, қызметінің өсетіндігіне үмітті. Олар істі жаба салуға жол бермейді. Жалпы алғанда, істің тергелуі қаншалықты ұзаққа созылса, үкім мерзімі де соншалықты ұзын болады.
Бұған қатысты Вашингтондағы елші не айтып жатыр екен? Ол президентке жақын арада Мирчевтің де өзімен бірге біраз адамдарды ала кететінін емеурінмен білдірді ме екен? «Қазақгейтте» Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаевтың аты аталады.
Қазақгейтте» Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаевтың аты аталады. Мирчевтің ісінде қазіргі премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысушының бірі.