Ақтөбелік Айман Кәрімбаева күйеуі Азамат Кәрімбаевтың Арқалық түрмесіндегі жұмбақ өліміне қатысты Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Мәмиге жазған хатына Қостанай прокуратурасынан жауап алды. Онда хат иесінің өтінішіне қатысты арнайы жүргізілген тексерістің қорытындысы баяндалған. Марқұмның жесірі бұл ресми қорытындыға күмән келтіріп отыр.
Азаттықтың зерттеу хабарын осы арадан тыңдай аласыздар.
АЙМАННЫҢ АРЫЗЫНА "ЖЫЛЖЫТПА ЖАУАП"
«Күйеуім Кәрімбаев Азаматтың кінәсіз сотталғаны және Арқалық қаласының түрмесінде оның айуандықпен өлтірілгені, «өзін-өзі өлтірген» деген желеумен оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалмай, Арқалық қаласының прокуратура, құқық қорғау органдары болған істі жасырып отырғаны жайлы Сізге арызданамын», - делінген Айман Кәрімбаеваның Бас прокуроры Қайрат Мәмиге жазған арызында.
Ақтөбе облысында 6 азаматқа қатысты 17 томдық айыптау ісін Мұғалжар аудандық соты 2009 жылдың 17 қыркүйегінде, іске қатысты 50 куәгерді тыңдап, бар-жоғы екі-ақ күнде қарап үкім шығарған болатын. Сот Азамат Кәрімбаевты «террористік топтың жетекшісі» деп танып, оны 17 жылға, ал қалған 5 азаматты 10 және 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Алайда, арада 3 ай өткенде, 2009 жылдың 24 желтоқсанында Арқалық түрмесіне ауыстырылған Азамат Кәрімбаев сонда жұмбақ жағдайда қаза болды. Ресми органдар оның өз-өзіне қол салып өлгендігін мәлімдеген еді. Бірақ, марқұмның әйелі бұл айтылғандармен үзілді-кесілді келіспей отыр. Айман Кәрімбаева арызы бойынша тексеріс жүргізген тергеушіні көрмегенін, өзіне ешкімнің жолықпағанын айтып отыр.
«Менің күйеуімнің денесінен көптеген азапталғандық белгілерін таптық, бүйректен жамбасқа қарай төмен толығымен қатты көгерген, қабырғалары сынып, көгерген, екі қолының саусақтарында да қорлықтың ізі бар, тырнақтарының астына ине тығып, түйреп қорлаған, тізе тобығы сынған, сол қолының күре тамыры кесілген және тігілмеген. Одан өзге денесінде инеден қалған із бар. Бас сүйегі сынған, себебі, оң жақ шеке ішке кіріп, сол жақ шекесі сыртқа шығып жатыр. Ол өзін-өзі өлтірген болса, бұл жарақаттар қайдан келді?» - деп сұрақ қойылады арызда.
Одан өзге арызда соттың барысында болған бірқатар заң бұзушылықтар туралы да айтылған.
«Сот күйеуімнің кінәсіз екендігін дәлелдейтін айғақтарды назарына алмай, алдын-ала тергеу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің куәлардан жауап алғанда, сұрақтың жауабын олардың аузына өздері салғандай етіп қою арқылы және қорқытып-үркіту, алдап-арбау, тіпті Шұбаршы ауылындағы кейбір куәгерлерді қатты зәбірлеп, сақалдарын өртеп, ұрып-соғу арқылы алынғандығын айтқан күйеуімнің жауаптарын тексермей, атүсті үкім шығарды. Алдын-ала тергеу кезінде ҰҚК қызметкерлерінің ұрып-соғуынан кейбір куәгерлердің ауруханаға түсіп қалған жағдайлары да ескерусіз қалды. Негізгі айғақтардың бірі болған – ауладан табылған шолақ мылтықтың алдын-ала тығылып қойылғандығы байқалып тұр. Себебі, мылтық салынған пакет әжетхананың қуысында жартылай сыртқа шығып, салбырап тұрды. Сот сараптамасы ол мылтықта күйеуімнің саусақ іздерін тапқан жоқ».
Осылай деген Айман күйеуі Азамат Кәрімбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуді сұраған еді.
Азаматтың жесірі Айманға Қостанай прокуратурасынан келген жауапта «мәйітте ешқандай дене жарақаты болмаған, сондай-ақ оған қарсы күш қолданылғандығын дәлелдейтін еш айғақ табылмады, сондықтан Кәрімбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ» делінген.
Айман Кәрімбаеваның адвокаты Төлеген Бөлек те прокуратурадан келген жауапқа қанағаттанбайтындығын айтып, оның өзіндік себептерін алға тартады:
-Мұғалжар ауданына Арқалықтыі ішкі істер басқармасынан тергеуші келді дейді, ол келсе алдымен шағым иесі Кәрімбаеваға жолығуы керек қой. Сосын қолтаңбасын салыстыру үшін қылмыстық істен материалдар алынды дейді, ол тіпті ақылға сиымсыз, Тергеушінің қылмыстық істен материал алуы деген ешқандай заңнамада жоқ. Бұл енді былай айтқанда жылжытпа жауап болып тұр.
АЗАТТЫҚТЫҢ САУАЛЫНА ЖАУАП
Арызға байланысты жауапты дайындаған, Қостанай облыстық прокурорының аға көмекшісі Данияр Күзенбаев Азаттық радиосына берген түсініктемесінде, өздерінің тиісті тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде, мәйітте «өзге ешқандай дене жарақаты болмағандығын, сондай-ақ оған қарсы күш қолданылғандығын дәлелдейтін ешқандай белгілердің де жоқ екендігін» айтты.
– Азамат Кәрімбаев тұтқында болған Арқалық қаласындағы УК-161/12 колониясында жүргізілген тексеру барысында 2009 жылы желтоқсанның 24-күні сағат 24 шамасында мойны кесілген Азамат Кәрімбаевтың өлі денесі мен марқұмның киімінен «кешіріңдер мені, мен ешкімді кінәламаймын» деп қазақ тіліндегі жазу және араб тілінде бірнеше сөз жазылған дәптер парақшасы табылғаны анықталды. Ал мәйітте одан өзге ешқандай дене жарақаты болмаған, сондай-ақ оған қарсы күш қолданылғандығын дәлелдейтін ешқандай айғақтар табылмаған, – деді Қостанай облыстық прокуратурасының өкілі Данияр Күзенбаев.
Сондай-ақ, ол әзірге бұл іске қатысты сараптама толық аяқталмағандығын жеткізді.
– Қолтаңбаны анықтайтын сараптама өз қорытындысын әлі берген жоқ. Сараптаманы өткізу үшін іс материалдарындағы Кәрімбаевтың өз қолымен жазылған апелляциялық шағым-арызы мен өзінің ұсталған кездегі жазған түсініктемелері алынған. Бұл сараптаманы жүргізу барысында Кәрімбаевтың үйіне барып, оның жазбаларын алу міндетті емес. Іс материалдарынан алынған құжаттардың негізінде сараптама жүргізіліп, қорытындысы белгілі болады. Ал ол қашан дайын болатынын мен әзірге айта алмаймын, – деді прокуратура өкілі.
Дәл қазір тергеу барысы Азамат Кәрімбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болатындай ешқандай айғақ таппаған.
Одан өзге, қылмыстық-процесуалдық және сот сараптамасы заңнамаларындағы талаптардың бұзылуына жол бергендігі үшін Арқалық қаласының прокуратурасы «Сот медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің Қостанай облысы Арқалық аудандық сарапшысы Юрий Курносов пен Арқалық қаласының ішкі істер департаментінің тергеушісі Мәди Құралбаевқа қатысты тәртіптік іс қозғап, қазіргі таңда бұл іс қаралып жатқандығы баяндалған Азаматтың жесірі Айманның қолына тиген жауапта.
Алайда, Азаттыққа түсініктеме берген прокуратура өкілі Данияр Күзенбаев Курносов пен Құралбаевтың нақты қандай талаптардың бұзылуына жол бергендігін айтудан бас тартты.
Қылмыстық-процесуалдық және сот сараптамасы заңнамаларындағы қандай талаптардың бұзылуына жол берілгендігі турасында Айман Кәрімбаеваның адвокаты Төлеген Бөлек те хабарсыз болып шықты.
Сарапшы Юрий Курносовты тауып, мән-жайды білу мақсатында Қостанай облыстық «Сот медициналық орталығына» хабарласқанымызда, хатшы қыз «ешқандай ақпарат бермейтіндігін және сарапшының ешқандай мәліметтері жоқ екендігін» айтты.
Арқалық қаласының ішкі істер департаментінен де тергеуші Мәди Құралбаевты табу мүмкін болмады. Кезекші қызметкерлер қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ЖӘНЕ САЙТ МӘЛІМЕТТЕРІ
Ақтөбе облысындағы сотталған азаматтардың ісі мен Азамат Кәрімбаевтың жұмбақ өліміне қатысты Азаттық радиосы үнемі оқырмандары мен тыңдармандарын хабардар етіп келеді.
Азамат Кәрімбаевтың өліміне байланысты шығарылған тізбекті мақалалардан кейін сайтымыздың белсенді оқырмандары, Қазақстан президентіне, құқық қорғау ұйымдарына, билік пен ел азаматтарына үндеу жазып, бұл істің мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту туралы талап қойған еді.
Осы талапқа қосыламын деушілерге бір топ азаматтар өз бастамаларымен интернетте арнайы парақша ашып, сол жерде қол жинастыруды ұйымдастырды. Қаңтар айының 5-нен басталған бұл үндеуге бүгінгі күнде 336 адам өз қолдауын білдірген.
Одан өзге оқырмандар талабында «Қазақстандық түрмелерінде «Терроризм» бабы бойынша жүздеген сотталушылар отырғандығы» айтылған.
«Алайда осы күнге шейін Қазақстанда бір де бір террорлық акт жасалынып, оған дайындықтың бір де бір көрінісі сотта дәледенген емес. Ал соңғы жыл ішінде Азаматтың өлімі түрмеге тоғытылған «террористердің» арасындағы бесінші өлім» деп жазылған.
Осы ретте біз Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жеке сайтына кіріп көрген едік. Онда Қылмыстық кодекстің 233 «Терроризм» бабы бойынша сотталғандардың 2008 жылдан бергі ғана тізімі көрсетілген.
Яғни, 2008 жылы 9, 2009 жылы 19 және осы жылдың басынан бері 5 адам осы бап бойынша жауапқа тартылған. Ал темір тордың арғы жағында қандай да бір себеппен қайтыс болғандар туралы мәлімет мүлде жоқ болып шықты.
«ТЕРРОРИСТІК» ІСТЕР
Азамат Кәрімбаевқа арналған парақшада соңғы кездері болған осы тектес бірқатар даулы істер атап көрсетілген.
«Алдымен Ақтөбеде алты «террориске» қатысты өткен сот процесі. Сот үкімімен террористік топтың жетекшісі деп танылған Азамат Кәрімбаев 17 жылға, ал қалған бес адам 10 және 12 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
2008 жылы дәл осындай жағдай Жамбыл облысының Қордай ауылында болғандығын айта кету керек. Ол жерде де бір топ азаматты Алматыда террористік акт ұйымдастырмақ болған деген күдікпен тұтқындаған еді.
2009 жылдың сәуірінде оларға қатысты жабық сот өтті. Айыпкерлерді террористік ұйым құрды, заңсыз қару-жарық иеленіп, ҰҚК-не қауіп төндірді деп айыптады.
Сотталғандардың арасында айықпас ауруға шалдыққан, көзі нашар көріп, саусақтарының барлығы дерлік жұмыс істемейтін, мүгедек жан да бар. ҰҚК тергеушілері оны «террорлық актіні дайындады» деп айыптады.
Сотталғандардың барлығы 10 жылдан жоғары мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды.
Одан өзге, жуырда «террористік топ құрды» деп айып тағылған бірінші топтағы мүгедек Жасұлан Сүлейменов пен Қуат Жоболаевтың да соты өтті. Сот барысында айыпталушы Сүлейменов, тергеу барысындағы заттай айғақтардың жалған екендігін, өзінің кінәлі еместігін дәлелдеуге талпынды, алайда сот оған иланған жоқ.
Сот жас жігіттерді жалған айғақтармен сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», – деп жазылған биліктен марқұм Азамат Кәрімбаевтың қазасының шындығын ашуды талап еткен үндеу жарияланған интернет парақшасында.
Айта кету керек, өткен жылғы қазанның 14-інде Парламент Мәжілісінің депутаттары алдында сөйлеген Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының сол кездегі бірінші орынбасары, генерал-майор Әділ Шаяхметов 2008 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстанда жеті лаңкестік әрекеттің жолы кесілгендігін хабарлаған болатын.
Алайда адам құқығын қорғаушылар елде терроризмге қатысты істер «жабық есік» жағдайында өтетіндіктен, олардың әділдігіне күмән келтіреді.

Азамат Кәрімбаевтың өліміне қатысты Қостанай облыстық прокуратурасының Айманға берген ресми жауабы. ақпан, 2010 жыл

Азаматтың өліміне қатысты Айманның арызына Қостанай облыстық прокуратурасынан келген жауап. ақпан, 2010 жыл.
Айман Кәрімбаеваның адвокаты Төлеген Бөлек те прокуратурадан келген жауапқа қанағаттанбайтындығын айтып, оның өзіндік себептерін алға тартады:
-Мұғалжар ауданына Арқалықтыі ішкі істер басқармасынан тергеуші келді дейді, ол келсе алдымен шағым иесі Кәрімбаеваға жолығуы керек қой. Сосын қолтаңбасын салыстыру үшін қылмыстық істен материалдар алынды дейді, ол тіпті ақылға сиымсыз, Тергеушінің қылмыстық істен материал алуы деген ешқандай заңнамада жоқ. Бұл енді былай айтқанда жылжытпа жауап болып тұр.
АЗАТТЫҚТЫҢ САУАЛЫНА ЖАУАП
Арызға байланысты жауапты дайындаған, Қостанай облыстық прокурорының аға көмекшісі Данияр Күзенбаев Азаттық радиосына берген түсініктемесінде, өздерінің тиісті тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде, мәйітте «өзге ешқандай дене жарақаты болмағандығын, сондай-ақ оған қарсы күш қолданылғандығын дәлелдейтін ешқандай белгілердің де жоқ екендігін» айтты.
– Азамат Кәрімбаев тұтқында болған Арқалық қаласындағы УК-161/12 колониясында жүргізілген тексеру барысында 2009 жылы желтоқсанның 24-күні сағат 24 шамасында мойны кесілген Азамат Кәрімбаевтың өлі денесі мен марқұмның киімінен «кешіріңдер мені, мен ешкімді кінәламаймын» деп қазақ тіліндегі жазу және араб тілінде бірнеше сөз жазылған дәптер парақшасы табылғаны анықталды. Ал мәйітте одан өзге ешқандай дене жарақаты болмаған, сондай-ақ оған қарсы күш қолданылғандығын дәлелдейтін ешқандай айғақтар табылмаған, – деді Қостанай облыстық прокуратурасының өкілі Данияр Күзенбаев.
Сондай-ақ, ол әзірге бұл іске қатысты сараптама толық аяқталмағандығын жеткізді.
Айман Кәрімбаева Азаттық радиосының тілшісіне Мұғалжар аудандық сотының шешімін көрсетіп тұр. 22қараша, 2009 жыл.