40 мыңнан астам тұрғыны бар Алға қалашығы Ақтөбенің оңтүстігінде орналасқан. Сол жердегі балалар үйінде өскен Мақсат Айтбаевты Америкадағы отбасы асырап алған еді. Бірақ, Алғада басталған күйзеліс баланы көпке ұзатпады.
СОВЕТ ЗАМАНЫНАН ҚАЛҒАН БАЛАЛАР СЫРҒАНАҒЫН ТОТ БАСҚАН
Алғада өсіп, Америкаға тап болған, бірақ, өз өмірін өзі қиған 21 жасар Мақсат Айтбаевтың ғұмыры қысқа болса да қасіретке толы. Азаттық радиосы биылғы жылдың сәуірінде болған сол бір қайғылы оқиға туралы әңгімелеген болатын. Техаста шығатын «Стар тэлигрэм» газеті Мақсатты шалғайдағы кедей қала – Алғада басталған күйзеліс жібермеді деп жазды.
Сонымен, Алға деген қандай қала өзі? Ақтөбе облысындағы ең гүлденген қала Совет Одағы ыдырағаннан кейін жұтаң қалыпқа түсті. Өнімі шетелге шығарылатын Алғадағы химиялық комбинаттың жұмысы 1990 жылдың соңында тоқтады. Жұмыссыздық жайлап, қылмыс жасау өршіді, иесіз қаңырап қалған пәтерлер көбейді. 10 жылдың ішінде шағын қаладағы өмір көп өзгерді.
Қазір Алғада арақ-шарап зауыты жұмыс істеп жатыр. Қала сыртындағы химиялық комбинат жұртта қалғандай иесіз тұр. Бес қабатты үйлердің төменгі қабаттарында дүкен, шаштараз, дәріханалар орналасқан.
Аудандық мәдениет үйі, қала шетіндегі қаңырап жатқан демалыс саябағы – бір кездері алғалықтар бос уақытын өткізетін орындардан да сиық кеткендей. Қаладағы адам аяғы арылмайтын жер – Уәлиханов көшесі. Балалар аяқжолдарда, жолдың жиектерінде ойнайды. Балалар алаңында ескі, тот басқан советтік сырғанақтар мен машиналар әлі тұр.
«Бұл біздің жеріміз. Ақсақалдардың кездесетін жері. Кейде жиырмадан аса зейнеткерлер жиналады. Жастар да бізбен әңгімелескенді, жаңалық айтқанды, шахмат, домино ойнағанды ұнатады. Қалада егде тартқан кісілерге арналған орын жоқ. Жастарға да уақыт өткізетін жер жоқ», – дейді жасы жетпіске келген Аманжол ақсақал.
«ЖҰМЫСҚА АВТОСТОППЕН БАРАМЫЗ»
Айгүл есімді тұрғын Азаттық радиосының тілшісіне күнделікті өмірі жайлы айтып берді:
«Жасым елудің төртеуінде, жалғызбасты анамын. Қызымды төрт жасынан бастап бір өзім тәрбиеледім. Алғада жұмыс жоқ, сол себепті Ақтөбеде аурухана санитары болып қызмет етіп жатқаныма 7 жыл болды. Мен сияқты тағы жеті медициналық қызметкер бар, жұмысқа бару үшін қалаға автостоппен жетеміз. Айына 17 мың теңге [шамамен 113 доллар] аламын, түнгі кезекшілікке түссем – 20 мың. Ай сайын 9 мың теңгеге [шамамен 60 доллар] өмір сүремін, қалғаны коммуналдық төлемдерге, жол жүруге кетеді».
Айгүл қарызға өмір сүріп жүргенін айтады, Ақтөбедегі жұмысын тастау ойында жоқ, өйткені зейнеткерлік те алыс емес.
– Кәсіподақтың бізге еш көмегі жоқ, не жеңілдік жоқ, бірақ, ай сайын еңбекақымыздан мүшелік жарна ұстап отырады. Түкке түсінбеймін, сонда кәсіподақ не үшін керек? – деп таңғалады жалғызбасты ана.
АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ ҮШІН КӨП АҚША СҰРАЙДЫ
Дүкеннің қасындағы қара базарда зейнеткерлер сауда жасайды. Оларға жақындап өзімнің журналист екенімді айтуым сол екен, олардың біреуінен басқасының бәрі қаша жөнелді.
– Міне, бір шелек шие жинағам, мұны міндетті түрде сатуым керек. Зейнетақым 17 мың теңге. Саяжай қаладан алты шақырым жерде, жолға 100 теңге жұмсаймын. Ұлым туберкулездің ашық түрімен ауырады, дәм-тұзының таусылар күні алыс емес. Жасы елуде, отбасы жоқ. Кімге керек ол? Ақтөбедегі ауруханаға жатқызайын десем менен көп ақша сұрайды. Менде қайдан болсын ондай ақша?
Апаның көзі жасаурап кетті. Қолымен көзін басып, жай ғана: «Маған ешкім көмектеспейді. Таяуда ұлым да кетеді өмірден» деді.
ОРАЛМАН: «БІЗДІ ЕШКІМ ЕСТІМЕЙДІ!»
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанға 500 мыңнан аса оралман көшіп келді. Үкімет оларды негізінен ауылдық жерлерге орналастырды. Ақтөбе облысында оралмандар Алға, Мартық, Қобда аудандарына қоныстандырылды.
Кеуілжан ақсақал мұнда Қарақалпақстандағы Нүкіс қаласынан келген. Жуырда оның зейнетақысына 99 теңге ақша қосылыпты.
– Жасым жетпіс үште, оралманмын. Үй-әулетімізбен тарихи отанымызға оралдық. 15 мың теңге [шамамен 100 доллар] мөлшерінде зейнетақы аламын, шілдеден бері ақша қосыпты – 99 теңге. Мемлекеттің теңгесі жүзге жетпей қалыпты, не деген масқара! Осы әділеттілікке жата ма? Мұндай зейнетақыға не сатып ала аламын? Бәрі қымбат. Үш бөлмелі пәтерде 11 адам тұрамыз. Келінім жұмыссыз, ұлым 25 мың теңге [шамамен 167 доллар] алады. Қайда біздің жеңілдіктеріміз? Тіпті, маған жер телімін берсе де, оған қалай үй саламын? Біздің үнімізге ешкім құлақ асар емес! – дейді ақсақал.
СЕРІМ ОҚУДЫ АРЫ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСТЫРҒЫСЫ КЕЛЕДІ
Зейнеткер Амангелді Темірбеков үшінші топтағы мүгедек ұлына қамқоршы болу үшін түнгі күзетші болып жұмыс істейді.
– Зейнетақым 12 мың теңге [шамамен 80 доллар], назарбаевтық 3 мың теңге қосымшасы тағы бар [шамамен 20 доллар]. Оған да рахмет, әйтеуір, ай сайын 50 мың теңге мөлшерінде [шамамен 333,3 доллар] дәрі-дәрмегін тегін береді. Мені ұлымның болашағы алаңдатады. Зайыбым екеуміздің көзіміз кеткеннен кейін кім қарайды оған? Қазір заман ауыр, қайда барсаң да жұмыссыздық, – дейді зейнеткер.
Амангелді Темірбеков өз ұлымен таныстыру үшін мені үйіне шақырды. Серімнің түріне қарасаң, 7-8 жасар бала сияқты, ал, шын мәнінде ол биылғы қыркүйекте 20 жасқа толады. Ол күнде гормоналды дәрілер ішеді. 7 жасында бойы 95 сантиметр болған, жыл сайын 3 сантиметрге өсіп отырады, қазір оның бойы – 135 сантиметр. Серім сұхбат беруге қуана келісті.
– Өткен жылы колледж бітірдім. Еңбек биржасында «Жастар тәжірбиесі» бағдарламасы бойынша программист курсын аяқтаудамын және Ақтөбедегі Баишев атындағы университеттің экономикалық факультетінде сырттай оқимын. Шахмат, нард, футбол ойнағанды ұнатамын. Футболды тек қатар-құрдастарыммен ғана ойнаймын. Қоғамдық жұмыстарды ұнатамын, колледжде «Көңілді тапқырлар клубы» командасына қатысқанмын, – деді Серім.
МАҚСАТ АЙТБАЕВ АЛҒАДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ӨСКЕН
Алға балалар үйінің директоры Кенжеғазы Байғазин осы қызметте болған 15 жылғы жұмысын қысқаша баяндап берді:
– Он жылдың ішінде 9 директор ауысқан, ал, менің бұл қызметте отырғаныма, мінекей, 15 жыл болды. 1995 жылдан бері түлектерді бақылауда ұстап келемін. Жұмыс берушілермен байланыс орнатамыз, еңбекақысы үлкен Теңіздің мұнай компанияларына орналастырамыз. Көптеген түлектердің есепшоттарында миллион теңгеден бар. Биылғы түлектеріміз 43, көбісін Жастар үйіне жөнелттік, – деді директор.
Кенжеғазы Байғазиннің айтуынша, алғаш рет университеттің спорттық факультетіне жыл он екі ай айналысуға болатын баскетболды түбегейлі спортқа айналдырған балалар үйінің бес түлегі түсті. Тәртіп пен тазалық – біздің басты мақтанышымыз дейді ол.
Алға балалар үйінің директоры Кенжеғазы Байғазин қасіретті тағдыры жайында біздің Азаттық радиосы жазған өз түлегі Мақсат Айтбаевты да еске алды.
- Оның мінезі ашық-жарқын емес еді, тіпті, біртүрлі, қызық болатын. 12 жасына дейін «Чайка» шипажайында болды. Мақсаттың үлгерімі орташа еді, есесіне ағылшын тілін жақсы білетін және Ребекка Мартин келгеннен кейін екеуін бірге жиі көретін болдық. Бірімен бірі жақын болып кеткені көрініп тұрды. Ребекка Мақсаттың қамын жеді. Балалар үйінен кейін Мақсат жергілікті университетке түсті, оқуының ақысын Ребекка төлеп тұрды. Екінші курстан кейін Ребекканың соңынан Америкаға кетті. Ол жақта колледжге түсті. Мақсаттың визасының мерзімі бітіп келе жатты.
Кенжеғазы Байғазин америкалық Ребекка Мартиннің балалар үйіне демеушілік көрсеткісі келетіні жөніндегі өзіне жеткен сыбыс туралы айтты.
– Біз ешқашан демеушілік көмектен бас тартпаймыз, себебі, оның бәрі балалардың қамы ғой. Бізде Бейбітшілік Корпусынан бір ерікті өз қаражатына балаларға арналған 200 керует сатып әперді, – дейді директор.
«ЛОНДОНДА ӨТЕТІН ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДЫ АРМАНДАЙМЫН»
Түлектердің бірімен сөйлескім келетіні туралы қолқа салып едім, директор Кенжеғазы Байғазин қуана келісті. Балалар үйінің тәрбиеленушісіне аумақты аралатуды және менің сұрақтарыма жауап беруін тапсырды.
Катя Попова 1992-93 жылдарда дүниеге келген кадет қыздар арасындағы еркін күрестен Қазақстанның 15 жасар жеңімпазы. Катя маған өзінің бірінші рет сұхбат беріп тұрғанын ескертті.
– Ата-анам қайтыс болғанда мені бауырларыммен бірге Алға балалар үйіне жөнелтті. Екі жыл бұрын мен еркін күреспен айналыса бастадым. Оқуым жақсы. Жаттықтырушым менде қабілет барын айтады. Бауырларым Олег пен Егор бокспен айналысады. Біздің балалар үйінде екі стадион бар және көбіміз спортпен шұғылданамыз. Бір бөлмеде бес адамнан тұрамыз. Зәбір-жапа көрмейміз. Жақсы тамақтандырады. Қазір 29 шілде күні Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына дайындалудамын. Таңертең және кешке екі сағаттан жаттығамын. Біздің тәрбиеленушілеріміз қазір жазғы лагерде, менің құрбыларым мен үшін алаңдайды және жеңіс тілейді. Лондонда өтетін Олимпиадаға қатысуды армандаймын, мен ол кезде 18 жасқа толамын.
Мен қоштасар кезде Катяны фотоға түсірейін дегенімде бір тәрбиеленуші қуанышпен тоғанға жүгіріп барып, «осылай жақсырақ болады!» дегенді айтып, фонтанды іске қосты.