Қаңтардың 16-сы күні Алматыдағы Израиль мемлекетінің консулдығы орналасқан ғимарат алдына келген төрт адам Газа секторындағы әскери іс-әрекеттерді айыптап, Израиль басшылығына наразылық үндеуін оқыды.
Қазақстанда тіркелмеген «Абырой» жастар қозғалысының атынан Таяу Шығыстағы Газа секторында қалыптасқан жағдайға байланысты Израиль елінің басшылығына жазылған үндеуді қозғалыстың өкілі Азамат Жетпісбаев оқыды. Үндеуде Газа секторындағы әскери іс-әрекеттердің салдарынан бейбіт тұрғындардың, соның ішінде балалар мен әйелдердің қаза болып жатқанына айыптау айтылып, Газа секторындағы қантөгісті дереу тоқтату үшін ХАМАС басшылығымен келіссөздер жүргізу Израиль басшылығына талап етілген.
Наразылық шарасын «Абырой» қозғалысы мен «Ар.Рух.Хақ» ұйымының әрқайсысынан екі адамнан - жиыны 4 кісі өткізді. Азамат Жетпісбаевтың айтуынша, ол бұл шараның өтетіні туралы Алматыдағы бірқатар ұлттық-патриоттық, жастар және мұсылман ұйымдарына күні бұрын хабарлағанымен, олардан ешбір адам келмеді.
Үндеуді осы шараны баспасөзде көрсету үшін жиналған 15 шақты журналистке оқып берген соң, Азамат Жетпісбаев Израиль консулдығының өкілдеріне табыс етпек болғанымен, көпқабатты ғимараттың күзетшілері консулдықтың бүгін жұмыс істемейтінін айтып, оларды ғимаратқа кіргізбей қойды. Үндеу авторлары талаптарын сол күзетшілерге тапсырып, тарап кетті.
Бір атап өтер жайт, әдетте бұндай шара кезінде қара көбейтіп жүретін заң орындарынан да ешкім болмады, тек полицияның күзет бөлімшесінен бір жас офицер мобильді телефонмен болған жайтты біреуге хабарлап жатты. Ал бас-аяғы жарты сағаттай уақытқа созылған шара аяқталып біткенше құқық органдарынан ешкім келген жоқ.
Израиль әскерінің ХАМАС радикалды тобына қарсы «Құйылған қорғасын» атты әскери операциясын бастағанына тура үш апта болды.
Израиль жағы әскери операцияның негізгі мақсаты – Израиль жерін ХАМАС жаугерлерінің зымыранмен атқылауын тоқтату деп жариялаған болатын. Бірақ әзірге ол мақсатқа жеткен жоқ – қаңтардың 15-і күні Израильге қарсы 20-дан астам зымыран атылды.
Халықаралық қауымдастық өкілдері Газа секторындағы қантөгісті тоқтатып, жағдайды бейбіт жолмен реттеуге әрекеттеніп жатыр.
Қаңтардың 15-і күні Мысыр басшылығы Израильдің жоғары лауазымды өкілі Амос Гилад ұсынған бейбітшілік жоспарын талқылады. Кейбір ақпараттарда ХАМАС жағы бұл жоспарға келісетіндей ыңай білдіріп отырғаны айтылған.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун бейсенбі күні Изралиь басшылығымен келіссөз өткізді. Ал бүгін ол Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездеспекші.
Израильдің сыртқы істер министрі Ципи Ливни Гаа секторында ұрыс әрекеттерін тоқтатуға қатысты келіссөз өткізу үшін бүгін Вашингтонға аттанады. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуде аймақтағы қару-жарақ контрабандасын және ХАМАС жасақтарын қаруландыруды тоқтатуға бағытталған шараларды талқыламақшы.
Израиль әзірге ХАМАС-тың бейбітшілік орнату туралы соңғы бастамаларына өз жауабын берген жоқ. ХАМАС тарабы егер Израиль өз әскерін Газа секторынан шығарып, өткізу бекеттерін ашуға келіссе, онда Израиль территориясын зымыранмен атқылауды бір жыл мерзімге тоқтату туралы ұсыныс білдірген болатын.
Жұма күні Алматыдағы Израиль мемлекетінің консулдығы алдында өткен шара туралы бейнесюжетті мына жерден қараңыз.