«Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің соты Астанада өтетін болды. Бірақ жабық соттың басталуы тағы да кейінге шегерілді. Соттағы айыпкерлердің бірінің адвокатының айтуынша, сотқа ұлттық атом компаниясының өкілдері де қатысады.
ҚОРҒАУШЫСЫЗ АЙЫПКЕР
Қаңтардың 12-күні Астананың Сарыарқа аудандық сотында «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша алғашқы сот отырысы тағы да кейінге шегерілді. Оған сот отырысына Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің келмеуі себеп болды.
Осының қарсаңында баспасөзге берген сұқбатында адвокат Нұрлан Бейсекеев өзінің берген өтініші қаңтардың 10-күні Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралып, сот алқасы оны қанағаттандырмай тастағандығын айтқан еді. Адвокат өз өтінішінде Мұхтар Жәкішевтің ісін «Қазатомпром» компаниясы тіркелген жерде, яғни Алматының Алмалы аудандық сотында қарауды сұраған болатын.
Адвокат Бейсекеев өз өтінішін оның қатысуынсыз қарап, қанағаттандырмай тастаған Астана соты «қолданыстағы заңды бұзды» деп бағалады.
ҚАЛАУСЫЗ АДВОКАТ
Қаңтардың 12-дегі сотқа «Қазатомпром» компаниясының екі өкілі келді. Бірақ, олар бұл күні сотқа «ешқандай куәлік берген жоқ» деді лезде біткен сот отырысынан соң журналистерге адвокат Ақан Байқанов. Ол сотта Мұхтар Жәкішевтің бұрынғы күзетшісі әрі осы қылмыстық істегі айыпкерлердің бірі Талғат Қыстаубаевты қорғайды.
Атап өтерлік жайт, Ақан Байқанов өз әріптесі Нұрлан Бейсекеевтің пікірін қоштамайды және қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының шешімін құптайды.
«Қылмыстық кодекстің ережелеріне сәйкес, егер қылмыс бірнеше жерде жасалған болса, онда сот соңғы тергеу жүргізілген жерде өткізіледі. Тергеу Астанада өтті», – деді ол.
Айта кетейік, Талғат Қыстаубаевтың зайыбы Сара Сағындықова сот процесі кезінде күйеуінің мүддесін адвокат Ақан Байқановтың қорғауына қарсылық білдіріп отыр, ол бұл адвокатты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің адамы деп санайды.
Қаңтардың 12-күні журналистер осы мәселеге Ақан Байқановтың пікірін сұрады.
– «Адвокаттық қызмет туралы» заңның төртінші бабы бойынша, сотта мен өзімнің қорғауымдағы Қыстаубаевтың мүддесін танытуға міндеттімін. Ол оның немесе менің қалауыма байланысты емес, заң сондай міндет жүктейді, – деп мәлімдеді адвокат Ақан Байқанов.
Сөз саптасына қарағанда, Ақан Байқанов әлі шықпаған сот шешімінің қандай болатындығына қазірден бастап әзірленген секілді. Себебі, сот тыңдауын қазақ тілінде жүргізуді сұраған өз өтішін соттың қайтарып тастауына байланысты қойылған сауалға ол: «Алдағы уақытта біз бұл мәселені апелляциялық шағымда қозғайтын боламыз» деп жауап берді.
Еске сала кетейік, айыпкер Талғат Қыстаубаев орыс тілінен қазақ тіліне аударатын тәржімашы сұрағанымен сот оның өтінішін қанағаттандырмай тастағаны болатын. Мұхтар Жәкішевтің бұрынғы күзетшісіне «айыпты ауырлататын жағдайда» ұрлық жасаған және оққағарлық қызмет бабын теріс пайдаланған деген айып тағылып отыр.
Мұхтар Жәкішев пен Талғат Қыстаубаевтың ісі бойынша келесі ссот отырысы 18 қаңтар 2010 жылы өтпекші.
«Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев былтырғы жылы мамыр айында жемқорлық айыбы бойынша қамауға алынған болатын. Кейіннен оған шамамен 670 мың долларды жеп қойған деген айып тағылды.
Жәкішевке кейіннен жаңадан тағылғандардың біреуі – 2003 жылы «Қазатомпром» компаниясының өкілдігін Венада заңсыз ашқаны туралы айып. Қазір ол ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысында қамауда отыр.