Мақат ауданы – Атырау аймағындағы ең байырғы кен орындарының бірі. Бұл жердегі алғашқы мұнай көзі сонау 1915 жылдары табылған еді. Ал 2005 жылы Атырау облысы Мақат кен орнының 90 жылдығын атап өтті. Бірақ бір ғасырға тарта уақыт өтсе де, Мақат жоқшылықтан көз ашпай отыр.
Біз Мақатқа Азаттық радиосына хабарласқан Любовь Байриттің өтінішіне орай барған едік. Телефон арқылы бірнеше жыл қатарынан сыз тартып, аңыраған суық үйде тұрып келе жатқанын айтқан Любовь Федоровна тұратын №5 ірі панельді үш қабатты үйдің салынғанына 50 жылға тарта уақыт өтсе де, әлі бірде- бір жөндеу жұмысы жүргізілмепті. Қабырғаларының ортасы ырсиып, кейбір балкондары құлап, ондағы тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұр екен. Любовь Федоровнаның айтуынша, жылудың жоқтығына да 7 жылдан асыпты.
- Бірде мені құлаған балкон басып қала жаздады. Бірінші қабаттың астындағы жертөлелер (подвал) ешуақытта тазаланған емес. Аудандық әкімшілікті былай қойып, Президентке де, Премьер-Министрге де арыз-шағым жаздық..Облыстық әкімшілік «шыдай тұрыңдар» дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Қанша уақыт шыдауға болады? - деп көзіне жас алды Любовь Байрит.
Оның Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт мүгедек әке-шешесі де дәл осындай құлағалы тұрған үйде тұрып, өмірден өтіпті. Бұл үйде жалпы саны 14 пәтер бар екен. Барлығында тұрғындар бар. Жас балалар да жетерлік. Тұрғындар қыста жылусыз бүрсеңдесе, күн жылына үйлерінде канализацияның мүңкіген исінен отыра алмайтындарын айтып шағымданады.
Осы үйдің тұрғындарының бірі Хансұлу Аюпова да бізге қабырғасы жарылып, ар жағынан дала көрініп тұрған пәтерін көрсетті. 10 баланы өсірген Батыр ана балаларымен қоса 5 немересі, 2 келінімен құлағалы тұрған ескі үйдің аядай үш бөлмесін паналап отырғалы біраз жыл болған.
- Қанша шағымдансақ та, кең үйге қолымыз жете алмай жүр. Сатып алатындай балаларымыздың табысы күн көрістен аспайды, - дейді Алтын алқа иесі.
Тұрғындардың айтуынша, олардың жергілікті әкімшіліктің табалдырығын тоздырғалы 5-6 жыл болған көрінеді. Бірақ қорытынды көрінбейді. Өткен жылдың 14-ші қаңтарында облыстық әкімшіліктен тексеруге келген комиссия «айқай шығаратын ештеме жоқ. Бұл үй салынған уақытта 140 жыл тұруға есептелген» деп кетіпті. Ал Любовь Федоровна болса күн сайын кешке үйіндінің астында қаламын ба деген қорқынышпен ұйықтайтынын айтады.
Жақында осы үйдің жағдайын тексеріп қайтқан комиссия мүшесі, облыстық мемлекеттік архитектуралық қала құрылысын бақылау басқармасының бөлім бастығы Мәдениет Ахметпен сөйлескенімізде, ол да үйдің жағдайының нашарлығын теріске шығармады. Алайда бізге «бұл үйдің нормативтік қызмет ету мерзімі 100-150 жыл екені рас. Тек үй мүлде қараусыз қалған. 2 балконның құлағанын көзіммен көрдім. Подвалынан су кетіп жатыр, жылу жүйелері жоқ. Осылардың бәрін қалпына келтіру аудандық әкімшілік пен жекеменшік пәтерлер кооперативінің (ЖПК) міндеті. Бұл жағдайды тұрғындарға түсіндірдік. Әкімшілік жұмыс жасаймыз деп уәде берді», - дегенді айтты.
Ал жекеменшік пәтер кооперативін іздегенімізде ол мүлде жоқ болып шықты.
Қақаған қыста бүрсеңдеп отырған жалғыз бұл үйдің тұрғындары ғана емес. Бүкіл Мақат жылусыз отырған көрінеді. Дәл осындай жағдай басқа да көпқабатты үйлерге тән жайт. Осындай №3-ші үйдің тұрғыны Лариса Кадырова да үйінің көк басып, аңырап тұрғанынан хабардар етті.
- Әкімшілік жылыту қазанын қойды. Одан пайда не? Оны іске қосу үшін ток қажет. Ал ауданда күндіз жарықты өшіріп тастайды. Үйіміз деген аңырап тұр. Ал үстіңгі қабатта тұратын Маша деген зейнеткер қарттың жағдайы мүлде ауыр. Суықтан пәтерінің қабырғасын қап-қара болып түк басқан.Ол үйінде бас киіммен, пальтомен және пимамен жүреді және солай ұйықтайды. Бір сөзбен айтқанда бұл жер туберкулез бен демікпе ауруының ұясы болып отыр, - дейді Лариса Қадырова.
Ларисаның пікірінше, әкімшіліктегілер тұрғындардың жағдайын жасауға тырысудан гөрі олардың ескі үйлерінен заңсыз түрде дүкендер ашуға жол беріп, пайда тауып отыр.
- Ашылған дүкен иелері тұрғындардың қарсылығын елеп отырған жоқ. Онсызда ескі үйдің қабырғаларын оңды-солды бұзып, қоймаларға айналдыруда. Соның салдарынан пәтеріміздің қабырғалары жарылып кетті. Бұл мәселе жайлы да арызданбаған жерім жоқ. Сот пен прокуратурада әділдік жоқ. Олар менің ісімді қараудан бас тартты. Жоғарғы сотқа да жазғанмын. Ендігі үмітім - БҰҰ–да. Жіберген арызыма жауап күтіп жүрмін, - деді шарасыз халіне күйінген әйел.
Мақаттағы 70 шақты көпқабатты үйге «Сенім» және «Рүстем» деп аталатын екі жеке меншік пәтерлер кооперативі қызмет көрсетеді екен. Бұрында мұндағы үйлерге жылу подвалға дейін келсе, енді подвалдың өзі аңырап, ондағы канализация ағындылары сірескен көк мұзға айналыпты. Енді бір қатты аяз ұрса подвалдағы канализацияның өзі де мүлде істен шығатын түрі бар.
Бұл мәселе жайлы «Рүстем»ЖПК жетекшісі Жақсылық Түлеповпен сөйлесудің реті келмеді. Бірақ оның жергілікті баспасөз бетінен осы ЖПК-ге қарасты 15 үйдің жылусыз отырғанын растап, «биліктің облыстағы ақпарат көздері арқылы Мақат қысқа дайын деп жар салғандарымен келіспеймін» деп қынжылғанын оқыдық.
Мақаттың қысқа сақадай сайлығы жайлы шындыққа жанаспайтын ақпараттың неге сүйеніп айтылғанын аудан әкімі Сырым Рысқалиевтен сұрағанымызда ол: «мен бұрынғы мәлімет үшін жауап бермеймін» деп, өзінің жаңадан тағайындалғанын айтты.
«Ал жылу Мақатта көптен жоқ. Подвалға келіп тұрған жылуды үйіне көтеру - әркімнің өз шаруасы. Дегенмен мұны да демеуші тауып шешуге тырысып жатырмыз. Жедел топ құрдық. Осы мәселелер жауапкершілігін орынбасарларым арасында бөлдім», - деген әкім «осындай айқай-шу жұмыс істеуге белсеніп отырған адамның қолын байлайды, мен халыққа жақын болуға тырысып жүрген адаммын» деп, біздің қойған сауалымызға ренжігендей болды.
Жақында Атырауға премьер-министр келіп кетті. Мақаттықтар арыздарын оның интернеттегі блогына да орналастырыпты. Бірақ К.Мәсімов оны оқымаған ба, ол жайлы сөз қозғамады.
Ал премьер-министрмен жүздесу барысында облыс әкімі Бергей Рысқалиев та «осы жылы облыс тұрғындары газбен, электр энергиясы және ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі» деген ақпар берді. Бұған Мәсімов те таңқалған сыңайлы.
«100 пайыз дейсіз бе?!» деп күдіктене қайталап сұрағанымен, ар жағын қазбаламай, «әкімдерің жақсы жұмыс жасайды» деген баға беріп кетті. Бірақ, обыс әкімі айтқан 100 пайыздың әзірше Мақатқа қатысы болмай тұр.

«Бізге енді әкімнен қайыр жоқ. Қыс түскен сайын әкім ауысады. Әр жаңа әкім мен өткенге жауап бермеймін, шаруамен енді танысып жатырмын дегенді айтады. Қаншама комиссия келді. Біз бұл үйдің жарамсыз деп танылғанын білеміз. Қайсыбір жылы сел болып, үй суға толғанда, бұзамыз, басқа үй береміз деп уәде берген әкім. Бірақ тек бірнеше құты су (Мақатта таза ауыз суы да қат), тамақ беріп уатып қойды. Жуырда тағы комиссия келіп кетті. Әлі қорытындысын айтқан жоқ. Енді БҰҰ-ға шағымданғаннан басқа амалымыз жоқ», - деседі тұрғындар.