Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақтардың күйлерінің партитураларын жинақ етіп шығарғандар ондағы қазақ мәдениеті көмекке зәру екендігін айтады.
БАЯН-ӨЛГИЙДІҢ ҰЛТ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНДЕ БАР-ЖОҒЫ 9 АДАМ ҚАЛҒАН
Баян-Өлгий - қазақ мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған мәдениет ошағы. Статистикалық мәліметтер Моңғолиядағы қазақ ұлттық аймағында 150 мың қазақ өмір сүретінін айтады. Бірақ, бұнда қазақ мәдениетінің өзгеше тұрпаты қалыптасты. Жеке музыкалы-драма театры мен ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс істеді.
Бүгінде сол оркестр мен театрдың жұрнағы ғана қалған екен. Аматыдағы мәдени саясат және өнертану институтының қызметкерлері осы оркестрдін ойнаған күйлерінің «Алтын қордағы» барын алып келіп, мәдени айналымға енгізіп жатқан көрінеді.
Қазақ ССР-інің халық әртісі Алдаберген Мырзабеков 1960-62 жылдары Баян-Өлгийде болып, ұлт-аспаптар оркестрінің дамуына ерекше үлес қосқан адамдардың бірі. Одан бұрын мұнда өнертанушы Хабиболла Тастанов болған екен. Алдаберген Мырзабеков сол кездегі ұлт аспаптар оркестрінің құрамында 40 адамның болғанын айтады:
- Менің алға қойған мақсатым, аталған оркестрді шыңдау, репертуарын молайту, кәсіби шеберлігін арттыру болды. Маған сол кезде оркестрдің дирижерлік қызметін атқарып жүрген, Моңғолияның еңбек сіңірген әртісі Қабыкей Ахмерұлы жақсы көмектесті. Жергілікті жұрт арасындағы танымал күйлерді сол кісінің арқасында оркестрге салдық. Сондай-ақ, Қазақстандағы үлкен формадағы күйлерді оркестрге дайындадық. Оны жергілікті оркестр қалай орындап шықты дейсіз. Соның барлығы үлкен еңбек пен күшті талап еткені рас. Қазір сол оркестр жоқ деуге болады. Құрамында 9 адамы бар оркестрдің қолынан не келеді? Мен барғанда ол оркестрдің құрамында 40 адам болып еді. Бұл дегеніңіз біздегі академиялық Құрманғазы оркестрінің деңгейіндегі құрам. Біз тек қана құрамын емес, репертуарының өзін Құрманғазы оркестрінің деңгейіне жеткізген едік, - деген ол арадағы рухани байланыстың қайтадан жаңғыра бастауынан бір үміт күтетіндігін жеткізді.
- 1980 жылы Мәдениет бөлімін қолыма алғанымда, Баян-Өлгийдегі мәдениет шарықтау шегінде еді. Ол кезде не жоспарласақ та жүзеге асатын. Бәлкім мемлекеттің саясаты да солай болған шығар. Соған орай, халықтың руханиятқа деген сұранысы да жоғары болды. Сол жылдары жыл сайын Өнер фестивальдерін өткізіп тұратынбыз. Аймақтық музыкалы-драма театрында 80-120 адамға дейін қызмет ететін. Қазір бүкілхалықтық өнер фестивалінің өтпегеніне бірталай жыл болды. Келесі жылы осы дәстүрді жаңғыртып, ұлттық аймақтың бой көтергенінің 70 жылдығына орай бүкілхалықтық өнер байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, театрдың да халі мүшкіл, бүгін онда 50-60 адам қызмет істейді. Газет-журналдардың да шығуы некен-саяқ. Тек Баян-Өлгийдің қазақ радиосы ғана күніне 1 сағат хабар таратып тұр, - дейді ол.
«БАЯН-ӨЛГИЙДЕГІ ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТРІН БҰРЫНҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕМІЗ»
Алматыдағы мәдени саясат және өнертану институтының өнер бөлімінің бастығы Қайырғажы Төлен аталған институттың Баян-Өлгийдегі қазақ мәдениетін жандандыруды көздеп отырғанын айтады.
- Келесі жылы Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 70 жыл толады. Соған байланысты, ондағы ұлт-аспаптар оркестріне арнайы партитуралар жазып, соларға арнап шығармалар мен ән-күй түсіріп, оркестрдің құрамын сол баяғы 40 адамға қайта жеткізуді мақсат етіп
Ал, біз қолымыздан келген көмегімізді жасап жатырмыз, бүгін міне партитураларды арнайы басып шығарсақ, оркестрге қажетті ұлттық аспаптарды жеткізіп бердік. Оркестрдің құрып кетпеуінің ең басты шарты оның ізбасарларын тәрбиелеу. Сол үшін де ондағы балалар ансамбліне жетіген, шаңқобыз, сазсырнай секілді ұлттық аспаптарымызды апарып бердік, - дейді ол.
Әрине, ұлт-аспаптар оркестрінің бұрынғы деңгейіне қайта жетуі үшін жекелеген институттардың көмегі аздық ететіні рас. Баян-өлгийлік қандастарымыз бұрынғыдай өнер мен мәдениет майталмандарының Өлгийге келіп, қазақ мәдениетінің қайта жаңғыруына септігін тигізгендігін қалайды.
Баян-Өлгий - қазақ мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған мәдениет ошағы. Статистикалық мәліметтер Моңғолиядағы қазақ ұлттық аймағында 150 мың қазақ өмір сүретінін айтады. Бірақ, бұнда қазақ мәдениетінің өзгеше тұрпаты қалыптасты. Жеке музыкалы-драма театры мен ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс істеді.
Бүгінде сол оркестр мен театрдың жұрнағы ғана қалған екен. Аматыдағы мәдени саясат және өнертану институтының қызметкерлері осы оркестрдін ойнаған күйлерінің «Алтын қордағы» барын алып келіп, мәдени айналымға енгізіп жатқан көрінеді.
Қазақ ССР-інің халық әртісі Алдаберген Мырзабеков 1960-62 жылдары Баян-Өлгийде болып, ұлт-аспаптар оркестрінің дамуына ерекше үлес қосқан адамдардың бірі. Одан бұрын мұнда өнертанушы Хабиболла Тастанов болған екен. Алдаберген Мырзабеков сол кездегі ұлт аспаптар оркестрінің құрамында 40 адамның болғанын айтады:
- Менің алға қойған мақсатым, аталған оркестрді шыңдау, репертуарын молайту, кәсіби шеберлігін арттыру болды. Маған сол кезде оркестрдің дирижерлік қызметін атқарып жүрген, Моңғолияның еңбек сіңірген әртісі Қабыкей Ахмерұлы жақсы көмектесті. Жергілікті жұрт арасындағы танымал күйлерді сол кісінің арқасында оркестрге салдық. Сондай-ақ, Қазақстандағы үлкен формадағы күйлерді оркестрге дайындадық. Оны жергілікті оркестр қалай орындап шықты дейсіз. Соның барлығы үлкен еңбек пен күшті талап еткені рас. Қазір сол оркестр жоқ деуге болады. Құрамында 9 адамы бар оркестрдің қолынан не келеді? Мен барғанда ол оркестрдің құрамында 40 адам болып еді. Бұл дегеніңіз біздегі академиялық Құрманғазы оркестрінің деңгейіндегі құрам. Біз тек қана құрамын емес, репертуарының өзін Құрманғазы оркестрінің деңгейіне жеткізген едік, - деген ол арадағы рухани байланыстың қайтадан жаңғыра бастауынан бір үміт күтетіндігін жеткізді.
Қалкен Әлжікенқызы, Баян-Өлгийдегі «Мәдениет қамқоршысы» қоғамдық ұйымының төрайымы. Алматы, қыркүйек, 2009 жыл.
Баян-Өлгийдегі «Мәдениет қамқоршысы» қоғамдық ұйымының төрайымы Қалкен Әлжікенқызы өткен ғасырдың 80-90 жылдарында Мәдениет бөлімінің бастығы қызметін атқарған екен.- 1980 жылы Мәдениет бөлімін қолыма алғанымда, Баян-Өлгийдегі мәдениет шарықтау шегінде еді. Ол кезде не жоспарласақ та жүзеге асатын. Бәлкім мемлекеттің саясаты да солай болған шығар. Соған орай, халықтың руханиятқа деген сұранысы да жоғары болды. Сол жылдары жыл сайын Өнер фестивальдерін өткізіп тұратынбыз. Аймақтық музыкалы-драма театрында 80-120 адамға дейін қызмет ететін. Қазір бүкілхалықтық өнер фестивалінің өтпегеніне бірталай жыл болды. Келесі жылы осы дәстүрді жаңғыртып, ұлттық аймақтың бой көтергенінің 70 жылдығына орай бүкілхалықтық өнер байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, театрдың да халі мүшкіл, бүгін онда 50-60 адам қызмет істейді. Газет-журналдардың да шығуы некен-саяқ. Тек Баян-Өлгийдің қазақ радиосы ғана күніне 1 сағат хабар таратып тұр, - дейді ол.
«БАЯН-ӨЛГИЙДЕГІ ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТРІН БҰРЫНҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕМІЗ»
Алматыдағы мәдени саясат және өнертану институтының өнер бөлімінің бастығы Қайырғажы Төлен аталған институттың Баян-Өлгийдегі қазақ мәдениетін жандандыруды көздеп отырғанын айтады.
- Келесі жылы Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 70 жыл толады. Соған байланысты, ондағы ұлт-аспаптар оркестріне арнайы партитуралар жазып, соларға арнап шығармалар мен ән-күй түсіріп, оркестрдің құрамын сол баяғы 40 адамға қайта жеткізуді мақсат етіп
Қайырғажы Төлен, Алматыдағы мәдени саясат және өнертану институтының қызметкері. Қыркүйек, 2009 жыл.
отырмыз. Бұл тек біздің тарапымыздан жасалып жатқан жоқ, сол Баян-Өлгийдегі саяси билік те бұған мүдделі. Баян-Өлгий аймағы әкімінің орынбасары Зарқұм Баймергенұлы бізге осындай ұсыныс білдіріп отыр. Бұл тұрғыда олар Ұланбатырдағы құзырлы органдар мен Парламентке хат жазып, Баян-Өлгийдің рухани мәдениетін қайта сергітпек ниетте. Ал, біз қолымыздан келген көмегімізді жасап жатырмыз, бүгін міне партитураларды арнайы басып шығарсақ, оркестрге қажетті ұлттық аспаптарды жеткізіп бердік. Оркестрдің құрып кетпеуінің ең басты шарты оның ізбасарларын тәрбиелеу. Сол үшін де ондағы балалар ансамбліне жетіген, шаңқобыз, сазсырнай секілді ұлттық аспаптарымызды апарып бердік, - дейді ол.