Қытайда үйқамақта отырған қазақ қаламгері Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы Қазақстан мемлекеттік сыйлығынан үміткер шығармалар тізімінен алынып тасталды. Ал, тізімде қалғандар қатарында Қазақстан президенті мен Астана қаласын мадақтаған шығармалар бар.
«БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ПРОБЛЕМАСЫ ЕМЕС»
Өмірінің жартысына жуығын Қытай түрмелерінде өткізген, қазірде Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы саяси себептерге байланысты Қазақстанның мемлекеттік сыйлығынан үміткер шығармалар тізімінен алынып тасталған. Бұл туралы осы сыйлықты беру жөніндегі комиссия мүшесі, жазушы Дулат Исабеков айтып отыр.
– Ол шығарманы бәріміз де қолдадық. Бірақ, өздерінде бір заң бар екен. Ол жоғарғы жақтан келді. Оған комиссия мүшелері кінәлі емес. Ол шығарма бәрібір өтпейді, оның саяси мәні бар, біздің елдің азаматы емес, біздің елдің проблемасы емес, роман әлі бітпеген деген бірнеше
Ол шығарма бәрібір өтпейді, оның саяси мәні бар, біздің елдің азаматы емес, біздің елдің проблемасы емес, роман әлі бітпеген деген бірнеше себеп айтылды.
Қазақстанда тұңғыш рет 2009 жылы толық көлемде Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан екі мың данамен жарық көрген Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын 2010 жылы қаңтар айында мәдени саясат және өнертану институты Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ұсынған болатын.
ЖАЗУШЫ-ДИССИДЕНТ
Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Дөрбілжін ауданына ауып барған.
1944 жылы Үрімжіде оқып жүрген кезінде ұлттық азшылықтар көтерілісіне байланысы бар деген айыпқа қалып, Қытай билік орындары тарабынан қудаланып, абақтыға қамалған.
1952 жылы қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып, әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жыл бойы Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде айдауда болған.
Содан 1980 жылы ғана жазасын өтеп, әрі ақталып бостандыққа шығады.
1986 жылдың желтоқсан айының 30-ы күні қайтадан тұтқындалып, «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасаған» шетел жансызы деген айыптаулармен 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жаза мерзімін Үрімжі қаласының № 1 түрмесінде өткізеді.
Қытай үкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты заңсыз қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде штаб-пәтері Лондон қаласында орналасқан Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
Қазір Қажығұмар Шабданұлы Қытайдың Шәуешек қаласындағы өз отбасында үйқамақта отыр. Бүгінде жазушы 85 жасқа келді.
«НАЗАРБАЕВТЫ МАҚТАСАҢ – МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ АЛАСЫҢ»
Жазушы Дулат Исабековтің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік сыйлығынан үміткерлер тізімінде бес әдеби туынды қалған. Олардың ішінде Қазақстан перзиденті және Астана қаласын мадақтаған бірнеше шығарма бар.
– Оны жоққа шығара алмаймыз. Ақындардың өздеріне: «Осындайдан аулақ жүрмейсіңдер ме, таза өлеңдеріңді неге жазбайсыңдар? Бір
Біздің көп адамдар шығармаларды оқымай, көңіл-күймен барады, соның кесірі де тиіп жатыр.
Дулат Исабеков өзі Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына шын лайықты деп санаған шығармалардың бәрі биылғы іріктеу кезеңдерінен өтпей қалғанына қынжылыс білдіріп, мемлекеттік сыйлық беруде де саясат барын атап өтті.