Түрлі ескерткіштерден кенде емес Қостанайда соңғы жылдары әлемдік тарихи тұлғалардың мүсіндері де орнатылуда. Бірақ аймақ тарихымен тікелей байланысты қазақтың әйгілі азаматтарына ескерткіш орнату туралы ұсыныстар іске аспай келеді.
Қостанай облысында патшаның отарлау саясаты кезіндегі және кешегі коммунистік идеалдар әлі күнге дейін сақталып, ал қазақ халқының тарихи мәдени мұраларына мән берілмей отырғанына тұрғындардың бір бөлігі қынжылыс білдіреді.
Солардың бірі Болат Ысқақов, Азаттық радиосы тілшісіне хабарласып, совет билігі жүргізген ұжымдастыру тұсында қойдай қырылған аштық құрбандарына ескерткіш орнатылуы керек деген пікірімен бөлісті.
«Қазақтың бас батыры Қобыланды ұрпақтары негізінен Қостанай өңірінде тұрады. Батыр ескерткіші неге жоқ?» – деп күйінеді ол.
Оның сөзін тағы бір тұрғын Лайық Шалдыбаев та қуаттайды.
«Облыс орталығында қазақ-француз орталығы деп аталатын ғимараттың алдында орналасқан кісі бойындай Чарли Чаплиннің ескерткішінің немесе француз императоры Наполеонның Қостанайға қандай қатысы бар? Өйткені, Қостанай сахна тарландары, қазақ киносы мен театрының негізін салушылар Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыровтардың туып-өскен жері. Чаплиннан көрі қазақ көрермендеріне олардың есімдері жақсы таныс және шын құрметке де солар лайық емес пе?» – дейді ол.
Сондай-ақ ол Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қарасты Күнтимес мекенінде туған қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановқа облыс орталығында ескерткіш орнату туралы ұсыныс бірнеше жылдан бері аяқсыз қалып келе жатқанын айтады.
«Орыс армиясының офицері болған Шоқанның өзі кезінде: «Мен қазақтар француздармен төбелесіп жатыр дегенді естісем, қазақтар жеңіп шықса екен деп тілеймін, сібірліктер мен ресейліктер айқасып қалса, сібірліктерді жақтаймын, ал Суворовтың Отан соғысындағы жорықтары туралы оқығанда орыс солдаты француздарды жеңіп шықса екен деймін» деген екен. Енді Шоқан тұратын орынға Наполеон жайғасып алыпты», – дейді Лайық Шалдыбаев.
Әйткенмен облыстық мәдениет басқармасының тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің бастығы Қоғабай Әлімғазин қазақ-француз орталығы алдындағы мүсіндер жеке меншік иесінің ынтасы бойынша қойылған, олар мәдени ескерткіштер қатарына жатпайды, бар болғаны ғимаратты көріктендіру үшін қойылған мүсіндер деген уәжді көлдеңен тартып отыр. Ол әлемдік тұлғалардың қай-қайсысының да ескерткіші орнатылғаннан ешбір зиян жоқ деген пікірде.
Ал оның бұл пікірімен келіспейтін тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының сөзінше, қазақ-француз орталығының қазақ мәдениетіне ешқандай қатысы жоқ.
«Қазақ жерінде қазақ тарихына, қазақ жеріне қатысты еліне елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың ескерткіштері де тұруы керек қой. Қостанайда орыс тілінде жарық көретін «Наша газета» газеті орыс губернаторларының есімдерін есте қалдыру мақсатында оларға ескерткіш орнату мәселесін көтеріп жатыр. Біз болсақ өзіміздің ұлыларымызды ұлықтай алмай отырмыз», - дейді ғалым.
Қалалық мәдениет басқармасының бастығы Әбдібек Божақов қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнату туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің арнаулы шешімі барын, келешекте оның ескерткішіне байқау жариялануы мүмкін екендігін айтады.