Демалыс күндері орын алған вандализм оқиғасы тұрғындардың жағасын ұстатқан болатын.
Ескерткіштің тоналғанын алдымен коммуналдық қызметтер байқап, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шығып, ескерткіш тақтаның мәрмәр бөлігі қиратылғанын және жарты айлардың жоғалғанын анықтайды. Кезінде бұл жерде құлпытас болғанын айғақтайтын темір ғана шошайып қалған. Айналасындағы темір бағаналарды суырып алуға күштері жетпегенге ұқсайды, жан-жаққа қаратып, қисайтып кетіпті. Бес айдың бірі де жоқ.
Зират маңайы сыра қалбырларына, темекі қораптарына толы. Бұл басбұзарлықтың анық-қанығына жету Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің экстремизимге, сепаратизмге және лаңкестікке қарсы күрес бөліміне жүктелген еді. Одан қалды, ішкі істер департаментінің барлық бөлімдерінің күші де осыған жұмсалды.
Облыстық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Мәдина Балғашоқованың айтуынша, келеңсіз жағдай орын алғаннан кейін екінші күні тәртіп сақшылары саябаққа таяу орналасқан «Рахат» дүкені маңындағы гаражда орналасқан металл қабылдайтын орында ескерткіштің бөлшектері мен жарты ай салынған қапшықтарды тауып алған. Біраздан соң полицейлер оларды тапсырушыларды да анықтайды. Зират басындағы тасты бұзғандар тұрғылықты жері жоқ, қаңғып жүрген үш адам болып шықты. Олар өздерін Вова, Андрей және Света деп таныстырған.
Күдіктілердің бірі Андрейдің айтуынша, олар ащы суға сылқия тойып алғаннан кейін тағы да арақ сатып алғылары келеді. Бірақ ақшалары жоқ екен. Сосын түсті металл іздеп жорыққа шығады. Тапқандары осы ескерткіш тақта болған. Ондағы жазуды оқи алмадық, қазақша жазылыпты дейді өздері. Тапқан-таянғандарын араққа жұмсапты.
Ал түсті металл қабылдау орнында жұмыс істейтін әйел: «Бұлар кешке келгенде, жарты айлардың тоналғанын сезіп, қабылдаудан бас тарттым. Алайда таңертең ертемен қараңғыда байқамай алып қойдым» дейді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 275-бабына сәйкес өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау деген айып бойынша іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.
Петропавлдағы орталық саябақтың бір бөлігінде кезінде қазақ зираты болған.Мағжан Жұмабаевтың әкесі сол зиратқа жерленген екен. Былтыр жазда Мағжан Жұмабаевтың 115 жылдығы қарсаңында облыстың атқа мінер азаматтары бас болып, қазақтың аяулы ақынының әкесінің басына құлпытас орнатқан болатын. Араға бір жыл салмай зират осындай жағдайға душар болды. Жергілікті тұрғындар бұдан былай қарай түгел саябақ емес, тым болмаса осы зиратқа күзет қойылар ма екен деген үмітте.