Қырғыз президенті Құрманбек Бакиев Бішкектен қашып кетті, үкіметі басшысы Данияр Үсенов қызметінен түсті. Қырғыз оппозициясы билікті өз қолына алғандығын мәлімдеді. Қамаудан босатылған оппозиция жаңа билік құрамын бекітіп, алғашқы шешімдер қабылдап та үлгерді.
ОППОЗИЦИЯ БИЛІГІН ОТУНБАЕВА БАСҚАРАДЫ
Қырғызстанда сәрсенбі күні кешкісін Халық Құрылтайының орталық атқару комитеті, елде қалыптасқан жағдайға байланысты, республикадағы барлық билікті өз жауапкершілігіне алғандығын хабарлады.
Халық құрылтайы комитетінің құрамына оппозиция басшылары енді. Олардың қатарында Алмаз Атамбаев, Өмірбек Текебаев, Темір Сариев, Болотбек Шерниязов және басқа да оппозициялық саясаткерлер бар.
Ал Халық Құрылтайы орталық атқару комитетінің төрайымы болып Роза Отунбаева сайланды. Ішкі істер министрінің қызметін Болот Шерниязов атқаратын болып шешілді. Қорғаныс министрлігіне Исмаил Исаков қамаудан босатылып келген соң басшылық етеді.
Оппозиция көсемі Өмірбек Текебаевтың Азаттыққа хабарлауынша, билікті өз қолына алған комитет бірқатар шешімдер қабылдады.
Олар: 1.Халық жасақтарын құру; 2.Тұрат Мадылбековты Бішкек қаласының коменданты етіп тағайындау; 3.Барлық құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерінің Бішкек комендантына толық бағынуы; 4.Бішкектің ішкі істер ресурстарының барлығын қала комендантына өткізу.
Сәрсенбі күні кешкісін мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде Өмірбек Текебаев елдегі билік президент Құрманбек Бакиев пен оның саясатына қарсы шыққан жергілікті қауымдастықтың қолына өтті деп мәлімдеді.
БАКИЕВТІҢ ҚАЙДА ЕКЕНІ БЕЛГІСІЗ
Заңды түрде Қырғызстанның қазіргі президенті саналатын Құрманбек Бакиевтің қайда екендігі белгісіз. Сәрсенбі күні оппозиция мен
Сондай-ақ Бакиев оппозиция басшыларының билікпен келіссөздеріне қатысқан жоқ. Сәрсенбі күні кешкісін оппозиция келіссөздерді елдің үкімет басшысымен өткізгендігі хабарланып отыр.
Данияр Үсеновтың өзі келіссөздерден кейін көп ұзамай премьер-министр қызметінен босату туралы өтінішін жазып берген. Азаттықтың хабарлауынша, Үсеновтың өтініші Отунбаеваның қолында.
Бакиевпен келіссөздер өткізе алмағандығына қарамастан, оппозиция көсемдері Бішкек көшелеріндегі қаптаған халықты үйді-үйлеріне ертеңге дейін тарауға шақырды. Алайда баскөтерушілер сәрсенбі күні кешкісін Ақ үйді тағы бір мәрте шабуылдап көрген.
Сәрсенбінің кешінде президент Құрманбек Бакиев ұшақпен Бішкектен ұшып шығып, Қазақстандағы әуежайлардың біріне қонды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Қазақстанның шекара қызметінен білу мақсатымен хабарласқан Азаттық тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров: «Бізде ондай ақпарат жоқ» деп қысқа қайырды.
АДАМ ШЫҒЫНЫ КӨП
Ақ үйге шабуыл сәрсенбі күні таңертең басталған болатын. Ғимараттың шатырына бекінген сұрмергендер халықты қақпаға қарай жақындатпады. Кешке қарай биліктің бұл бекінісін БТР-мен бұзбақ болған еді, бірақ шатырдағылар ауыр әскери техниканы да жарып жіберді.
Бұдан басқа Бішкекте ең маңызды деген мемлекеттік мекемелердің ғимараттары көтерілісшілердің қолына өтті. Олардың қатарында парламент үйі, бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, тергеу абақтысы бар. Мемлекеттік телеарна да оппозицияның бақылауына өтті.
Бұдан бөлек, елдегі Нарын, Алай, Қарақұлжа, Ақсы, Тоқтоғұл, Ош, Тоқмоқ және басқа да қалаларда билік көтерілісшілердің қолына өтті.
Алайда Бішкектегі қақтығыстар барысында зардап шеккендер саны да аз емес болып отыр. Күні бойы зардап шеккендер саны нақты айтылмай келді. Ресми органдар ел астанасындағы ұрыс кезінде 21 адам қаза болды десе, оппозиция мен адам құқығын қорғаушылар 40 кісі қайтыс болды деп келтірді.
Тек сәрсенбі күні түн ауа қырғыз денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Азаттық радиосына қаза болғандар саны 40-қа, жараланғандар 400-ге жуықтағандығын, бұл көрсеткіш әлі үш есеге дейін өсуі мүмкін екендігін мәлімдеді.
ҚЫРҒЫЗСТАН ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА
Алғашқылардың бірі болып Қазақстанның сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Қанат Саудабаев көрші елдегі жағдайға қатысты алаңдаушылығын жеткізді. Саудабаев сәрсенбі күні Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевқа телефон соғып, билік пен оппозиция бір мәмілеге келетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ол екі жақты келіссөздер жүргізуіне ЕҚЫҰ тарапынан көмек көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.
Бұл уақытта Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев, ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында, республикадағы бүгінгі оқиғаларға американдық арнайы қызметті айыптады. Қазіргі таңда Мәскеуде тұрып жатқан Асқар Ақаев қазіргі президент Құрманбек Бакиевтің жүргізіп отырған саясатын қылмыс деп атады.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин Қырғызстанда болып жатқан жағдайға Кремльдің ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді. Бұған дейін Путин қырғыз саясаткері Темір Сариевті Мәскеуде қабылдаған деген ақпарат тараған болатын.
БҰҰ-ның бас хатшысы, сондай-ақ Бішкектегі АҚШ елшілігі қырғыз билігі мен оппозициясын бітімге келуге шақырып отыр.
Қырғызстан астанасындағы оқиғалардан түсірілген видеоны қараңыз, Бішкек, 7 сәуір 2010 ж.
Қырғызстанда сәрсенбі күні кешкісін Халық Құрылтайының орталық атқару комитеті, елде қалыптасқан жағдайға байланысты, республикадағы барлық билікті өз жауапкершілігіне алғандығын хабарлады.
Халық құрылтайы комитетінің құрамына оппозиция басшылары енді. Олардың қатарында Алмаз Атамбаев, Өмірбек Текебаев, Темір Сариев, Болотбек Шерниязов және басқа да оппозициялық саясаткерлер бар.
Ал Халық Құрылтайы орталық атқару комитетінің төрайымы болып Роза Отунбаева сайланды. Ішкі істер министрінің қызметін Болот Шерниязов атқаратын болып шешілді. Қорғаныс министрлігіне Исмаил Исаков қамаудан босатылып келген соң басшылық етеді.
Оппозиция көсемі Өмірбек Текебаевтың Азаттыққа хабарлауынша, билікті өз қолына алған комитет бірқатар шешімдер қабылдады.
Олар: 1.Халық жасақтарын құру; 2.Тұрат Мадылбековты Бішкек қаласының коменданты етіп тағайындау; 3.Барлық құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерінің Бішкек комендантына толық бағынуы; 4.Бішкектің ішкі істер ресурстарының барлығын қала комендантына өткізу.
Сәрсенбі күні кешкісін мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде Өмірбек Текебаев елдегі билік президент Құрманбек Бакиев пен оның саясатына қарсы шыққан жергілікті қауымдастықтың қолына өтті деп мәлімдеді.
БАКИЕВТІҢ ҚАЙДА ЕКЕНІ БЕЛГІСІЗ
Заңды түрде Қырғызстанның қазіргі президенті саналатын Құрманбек Бакиевтің қайда екендігі белгісіз. Сәрсенбі күні оппозиция мен
Бішкектегі үкіметке қарсы шыққандар жарақат алған адамды өзгелері көтеріп әкеле жатыр. 7 сәуір 2010 жыл.
биліктің қақтығыстары барысында да президент Бакиев еш жерден байқалмады. Алайда президенттің елде коменданттық сағат енгізу туралы жарлыққа қол қойылғаны жарияланған еді.Сондай-ақ Бакиев оппозиция басшыларының билікпен келіссөздеріне қатысқан жоқ. Сәрсенбі күні кешкісін оппозиция келіссөздерді елдің үкімет басшысымен өткізгендігі хабарланып отыр.
Данияр Үсеновтың өзі келіссөздерден кейін көп ұзамай премьер-министр қызметінен босату туралы өтінішін жазып берген. Азаттықтың хабарлауынша, Үсеновтың өтініші Отунбаеваның қолында.
Бакиевпен келіссөздер өткізе алмағандығына қарамастан, оппозиция көсемдері Бішкек көшелеріндегі қаптаған халықты үйді-үйлеріне ертеңге дейін тарауға шақырды. Алайда баскөтерушілер сәрсенбі күні кешкісін Ақ үйді тағы бір мәрте шабуылдап көрген.
Сәрсенбінің кешінде президент Құрманбек Бакиев ұшақпен Бішкектен ұшып шығып, Қазақстандағы әуежайлардың біріне қонды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Қазақстанның шекара қызметінен білу мақсатымен хабарласқан Азаттық тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров: «Бізде ондай ақпарат жоқ» деп қысқа қайырды.
АДАМ ШЫҒЫНЫ КӨП
Ақ үйге шабуыл сәрсенбі күні таңертең басталған болатын. Ғимараттың шатырына бекінген сұрмергендер халықты қақпаға қарай жақындатпады. Кешке қарай биліктің бұл бекінісін БТР-мен бұзбақ болған еді, бірақ шатырдағылар ауыр әскери техниканы да жарып жіберді.
Бұдан басқа Бішкекте ең маңызды деген мемлекеттік мекемелердің ғимараттары көтерілісшілердің қолына өтті. Олардың қатарында парламент үйі, бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, тергеу абақтысы бар. Мемлекеттік телеарна да оппозицияның бақылауына өтті.
Бұдан бөлек, елдегі Нарын, Алай, Қарақұлжа, Ақсы, Тоқтоғұл, Ош, Тоқмоқ және басқа да қалаларда билік көтерілісшілердің қолына өтті.
Алайда Бішкектегі қақтығыстар барысында зардап шеккендер саны да аз емес болып отыр. Күні бойы зардап шеккендер саны нақты айтылмай келді. Ресми органдар ел астанасындағы ұрыс кезінде 21 адам қаза болды десе, оппозиция мен адам құқығын қорғаушылар 40 кісі қайтыс болды деп келтірді.
Тек сәрсенбі күні түн ауа қырғыз денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Азаттық радиосына қаза болғандар саны 40-қа, жараланғандар 400-ге жуықтағандығын, бұл көрсеткіш әлі үш есеге дейін өсуі мүмкін екендігін мәлімдеді.
ҚЫРҒЫЗСТАН ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА
Алғашқылардың бірі болып Қазақстанның сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Қанат Саудабаев көрші елдегі жағдайға қатысты алаңдаушылығын жеткізді. Саудабаев сәрсенбі күні Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевқа телефон соғып, билік пен оппозиция бір мәмілеге келетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ол екі жақты келіссөздер жүргізуіне ЕҚЫҰ тарапынан көмек көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.
Бұл уақытта Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев, ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында, республикадағы бүгінгі оқиғаларға американдық арнайы қызметті айыптады. Қазіргі таңда Мәскеуде тұрып жатқан Асқар Ақаев қазіргі президент Құрманбек Бакиевтің жүргізіп отырған саясатын қылмыс деп атады.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин Қырғызстанда болып жатқан жағдайға Кремльдің ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді. Бұған дейін Путин қырғыз саясаткері Темір Сариевті Мәскеуде қабылдаған деген ақпарат тараған болатын.
БҰҰ-ның бас хатшысы, сондай-ақ Бішкектегі АҚШ елшілігі қырғыз билігі мен оппозициясын бітімге келуге шақырып отыр.
Қырғызстан астанасындағы оқиғалардан түсірілген видеоны қараңыз, Бішкек, 7 сәуір 2010 ж.
Your browser doesn’t support HTML5