Алматыда тамыздың 23-і күні Қазақстан Әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровқа қастандық жасалды. Полиция бұл қылмысқа күдікті ретінде судьяның бұрынғы күйеу баласын іздеп жатыр.
Полицияның хабарлауынша, сот төрағасына дүйсенбі күні таңертең Алматыда көше бойында Mitsubishi Pajero автокөлігін мінген белгісіз адам қарудан оқ атқан. Кеудесіне оқ тиіп жараланған әскери сот төрағасы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалап отыр.
Қылмыскер оқиға болған жерден бой тасалап үлгерген. Арада біраз уақыт өткенде оның автокөлігі қала аулаларының бірінен табылған.
Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция Серік Байбатыровқа оқ атқан адам оның бұрынғы күйеу баласы 39 жастағы Руслан Едресов болуы мүмкін деген жорамал айтады. Қазір күдіктіні іздестіру шаралары қолға алынды деп хабарлады Азаттық радиосына Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Полиция бұл оқиғаға қайын ата мен күйеу бала арасында кикілжің себеп болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.
62 жастағы Серік Байбатыровтың мамандығы заңгер, Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ол ұзақ жылдардан бері Қазақстанның сот жүйесінде жұмыс істеп келеді. 1991-2007 жылдар аралығында Талдықорған облыстық әділет басқармасының бастығы, Талдықорған облыстық соты төрағасы, одан соң Алматы қалалық сотының, кейіннен Алматы облыстық сотының төрағасы болды.
2007 жылдың наурыз айынан бері Қазақстан әскери сотының төрағасы қызметінде.