Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовты ашық сынаған оның кеңесшісі Алпамыс Бектұрғанов бірнеше күннен кейін қызметінен алынды. Әкімшілік енді оны жауапқа да тартпақшы. Ал бұрынғы кеңесші бұл мәселе туралы алдағы уақытта сөз қозғайтынын ескертті.
Шілденің 23-інде Батыс Қазақстан облысынің әкімі аппаратының жетекшісі Амангелді Дәулетжанов облыс басшысын сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған кеңесшісі Алпамыс Бектұрғановтың жасаған мәлімдемесіне түсініктеме беру мақсатында брифинг өткізді.
Брифингте Амангелді Дәулетжанов журналистерге Алпамыс Бектұрғановтың Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен кеңесші қызметінен босатылғанын хабарлады.
- Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Алпамыс Бектұрғанов мырзаны бұдан бұрын да қызметінен босатқысы келген. Оның бірнеше себебі бар, мысалы, ол жұмысқа жиі келмей қалады, сондай-ақ иеленген лауазымына сәйкестік аттестациясынан да өте алмай қалған. Бірақ оның зейнеткерлік жасқа жақындап қалғанын, сонымен бірге денсаулығына байланысты туған қиындықтарды ескере келіп, аттестациядан өтуін кейінге қалдырып отырдық, - дейді Амангелді Даулетжанов.
Амангелді Даулетжановтың айтуынша, Алпамыс Бектұрғановтың атына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармасынан, оны 2009 жылдың шілдесіне дейін аттестациядан өтуге міндеттегені туралы хаттар түсе бастаған.
- Біз Бектұрғановқа егер ол аттестациядан өтпесе, қызметінен босатуға мәжбүр болатынымызды ескерткенбіз. Енді міне, өздеріңіз көріп отырғандай, ол басқаша жасап, облыс әкіміне жала жауып, оның абыройына нұқсан келтіретін күмәнді ақпарат айтып отыр, - деп хабарлады Амангелді Даулетжанов журналистерге.
Сонымен қатар, Амангелді Даулетжанов таяуда Алпамыс Бектұрғановтың мәлімдемесіне құқықтық баға берілетінін де айтып өтті.
- Қазіргі уақытта Бақтықожа Ізмұхамбетов шаруалардан қолы босамай, әзірше бұл жағдайға байланысты түсініктеме бере алмады. Бірақ жақын арада біз Алпамыс Бектұрғановтың мәлімдемесіне құқықтық баға беріп, оны заң алдында жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыратын боламыз, - деп мәлімдеме жасады Амангелді Дәулетжанов.
Ал бұл кезде Астана қаласында жүрген Алпамыс Бектұрғанов болса, биліктегілердің мұндай ресми жауабына қатысты Азаттық радиосына түсініктеме беруден бас тартты, бірақ Оралға келген соң бұл мәселе туралы сөз қозғайтынын жеткізді.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болған кезде Алпамыс Бектұрғанов, 15 шілдеде баспасөз-мәжілісін өткізіп, өз бастығы Бақытжан Ізмұхамбетовты сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған болатын.