Егер де алға қойған осы бір таңғажайып мақсат расымен орындалып, Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ететін болса, онда ол Нұрсұлтан Назарбаевтың әу бастағы қалауына сай келе қоймайды. Ақорда ЕҚЫҰ-ын өз ыңғайына салып басқаруға тырысатынын білдірді.
РАХАТ ӘЛИЕВ: ПРЕЗИДЕНТ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТҮСТІ
Өз айтуныша, бұдан көп жыл бұрын осы идеямен президентке барып, маңыздылығын айтып түсіндірген, сөйтіп ақыр-соңында президенттің «иә» деген келісімін алған бір адамның ойы осы. Бұл оның қуғындағы туысқаны, немерелерінің әкесі — Рахат Әлиев. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету идеясын ұсынумен ғана тоқтамай, Еуропада оның іске асуына білек сыбана кірісіп, белсенді атсалысқан.
Еуропалықтар ақыр аяғында қазақтардың қалауына ыңғай білдіруге көнген. Олар болашақ төрағаның жеке басы бірінші күннен-ақ ол идеяға аса қуана қоймағанын, күйеу баласын мейлінше шеттетуге тырысқанын қайдан білсін.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиев президенттің ол идеядан қалай қорыққанын, күйеу балам менің күлкі болуымды тілеп, арандатпақ емес пе екен деп күдіктенгенін, өте қауіпті авантюраға итеріп тұр деген ниетпен кейде, тіпті, ЕҚЫҰ кімге керек, не үшін керек дегендей толық түсініспеушілік танытқанын есіне алған еді.
Жеребе Қазақстанға түскен сәтте президент одан сайын уайымға берілген, Рахат Әлиевтің пікірінше, машақатты 2010 жылға жақындаған сайын одан ары күйзелісі күшейе берген.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУ ИДЕЯСЫН ЖЕРЛЕУШІЛЕР
Біріншіден, Рахат Әлиевтің ойынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасында интеллектуалдық қолдаушылар толықтай дерлік қалмаған. Ол өзінің айналасындағы жақын жақтастарын бас қалқасынан біртіндеп айырып, өңшең дарынсыз және тілалғыш атқарушыларды қалдырды.
Оның бүкіл президенттік жасағы, бүкіл алып кеңсесі ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге дайын емес, ол аздай, бұл идеяның жаназасын шығарушының кейпін көбірек байқатады.
Біресе президенттің сенімді серігі (сенімді ме екен?), парламенттің бас кураторы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ атынан келіп отырған қонақтарға жұрт алдында тосын сөз айтады. Оның сөзінше, қазақ халқының «елдік ерекшелігі» бар, яғни, ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары мен бостандығына қатысты қағидалары әзірге қазақтың деңгейі жетпейтін түсініктер.
Біресе Нұрсұлтан Назарбаевқа берілгендігін көрсету мақсатында Бас прокуратура Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабының үстінен Линч сотын ұйымдастыруға кіріседі. Мейлі делік, кітапты жазалап, оны кірпіш кесектерімен атқыласын. Солай-ақ болсын. Алайда, Бас прокуратура кітапты оқыған жанды соттауға уәде беруіменен халықты түгел жазалауға бет қойды.
Ақырында басты айыптаушыларды тізгіндеуге тура келді. Кітапты оқуға салынған тыйымды алып тастады. Елде бір де бір маңызды шешімнің жоғарыдағы адамның келісімінсіз қабылданбайтынын естен шығармау керек.
ЕҚЫҰ-ындағы АСТАНАДАН КРЕМЛЬ НЕ КҮТЕДІ?
Нұрсұлтан Назарбаевтың уайымын Ресей басшылығы бәрінен де жақсырақ түсінеді. Ресейліктер осы ұйым ішінде өздерін қолдау міндеті түрінде Астананы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуден мағына табуға итермелеп жатыр.
Бұл жағы жуырда Астанаға келіп қайтқан Владимир Путиннен аңғарылды. Шамасы, бұл ЕҚЫҰ-нда қазақстандық президенттің ең бір атқарғысы келмейтін жұмысы шығар.
Қазақстандық жүйенің осал тұсынан тиетін соққыларға төтеп беруге тура келмек, ал, Владимир Путин бұған қоса Нұрсұлтан Назарбаев Ресей үшін де соққыға төтеп береді деп күтеді.
АСТАНА ЕҚЫҰ НЕМЕН АЙНАЛЫСАТЫНЫН БІЛДІРДІ
Президент қосындағы әлдекімнен шыққан жаңа идея Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕҚЫҰ-на төрағалық етуден түбегейлі бас тартуы тақырыбына жаңа өң береді.
Ол идея бойынша Қазақстан өзінің қара басқыр «елдік ерекшелігін» жеңіп, жүйесін ЕҚЫҰ ұсыныстарына сай өзгерте алмаса, онда ЕҚЫҰ-ын өзгертуге талпынып көру керек.
Жуырда болған парламенттің төменгі палатасындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЕҚЫҰ қызметінің сатылап өзгеруін қолдайтынын мәлімдеді.
Ондағысы — ұйым қызметінің «пікірі мен ұстанымын ескере отырып, барлық қатысушылардың мүдделеріне сәйкес келуі».
Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың төрағалық етуімен ЕҚЫҰ-ның қандай міндеттер алатынын және немен айналысатынын айшықтады.
Міндеттер 5 басымдылыққа арқа тірейді: лаңкестікке, есірткі жолдарына, қару-жарақ саудасына, адам саудасына қарсы күрес және Ауғанстанды қалпына келтіру. Соңғысы жеке тармақпен ерекше аталған.
Былайша айтқанда, 2010 жылы ЕҚЫҰ өзінің басты міндеті — адам бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз етумен айналыспайтынын Қазақстандағы билік әлемге анық түсіндірді. Болды.
Басқаша айтқанда, Астанадағылар ол жақта бостандық және құқықтармен шұғылданғысы келмейтінін ашық айтуда. ЕҚЫҰ-ның бұған келіспейтінін Астана жақсы біледі.
Және ЕҚЫҰ да бұған келіспеуде. Осы жақында ғана Астанада тағы бір конференция болып өтті. Ол жиында ЕҚЫҰ-ның еуропалық өкілдері келешек тұрақтылық үшін демократияландыру, адам бостандығы мен құқықтарының қағидалары негізгі тұтқа екенін тағы да қайталап, атап айтты.
ЕҚЫҰ басшысының орынбасары Жанет Клетцер өзінің ашық мәлімдемесінде демократияландыру — демократиялық құрылымдардың, адам құқықтарын қастерлеудің және құқықтық мемлекет құрудың жалғасып жатқан нығаю процесі екенін атап көрсетті. Жанет Клетцердің пікірінше, нағыз бейбітшілік пен қауіпсіздікке осы ғана себеп бола алады.
Бұндай бағытты ресми Қазақстан қабылдамайды.
(Журналист Александр Народецкий бұл мақаласында өзінің көзқарасы мен байламын айтады. Ол Азаттық радиосының позициясымен сәйкес келмеуі мүмкін)