Қазақстан 1 қаңтардан бастап ЕҚЫҰ ның бұрынғы, қазіргі және болашақ төрағалары кіретін «Үштігіне» енді. Бұл Қазақстан үшін нені білдіреді және демократияның қанат жаюына қандай көмегі болады?
«Лайықты баспана үшін» қозғалысының басшысы, парламенттің бұрынғы депутаты, бүгінгі оппозиция лидерлерінің бірі де бірегейі Зауреш Батталова бұл туралы Азаттық тілшісіне берген түсініктемесінде былай дейді:
"Қазақстанның «Үштікке» енуі және болашақтағы ЕҚЫҰ- на төрағалығы (Қазақстан оған қол жеткізу үшін бірнеше жылдар керек болды)- бұл біршама жетістік. Осы оқиға әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға қаншалықты әсер етеді, ол билікке тікелей байланысты.
Қоғамның демократиялық бағытта бұдан әрі дамуы сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Мадридте сөйлеген сөзінде алған міндеттемелері мен Қазақстанға «үй тапсырмасы» ретінде берілген міндеттердің орындалуына тікелей қатысты.
Өкінішке қарай, күні бүгінге дейін мойынға алған тапсырмалардың бірде-бірі орындалған жоқ. Біз кейінгі үш-төрт жыл көлемінде билік тарапынан бұл ұйымға құрметтің жоқ екендігін, ЕҚЫҰ-на жүрдім-бардым қарайтынын көріп-біліп жүрміз. Бұл сонымен бірге осы халықаралық ұйымның да берекесіздігін көрсетеді.
Сондай-ақ, көп нәрсе қазақстандық қоғамның өзіне де байланысты. Бірақ біздің оппозиция біртұтас емес. Соған қарамастан, мен жігерлі адам болғандықтан да, ЕҚЫҰ ның «Үштігіне» кіруі қазақстан қоғамына алдыңғы қателерін түзетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қазақстанға демократиялық реформалар өте қажет".
Оппозициялық қозғалыс ардагерлерінің бірі, Коммунистік партияның төрағасы Серікболсын Әбділдиннің ойынша, Қазақстан халқына Қазақстанның «Үштікке» енуі ешқандай да жақсылық әкелмейді, себебі:
-Биліктің өзін-өзі жарнамалауына бұл таптырмас қадам. Елімізде ешқандай нақты демократия жоқ. Істеліп жатқанның барлығы – насихат, биліктің белгілі бір деңгейде Қазақстанды жарнамалауы.
Ал саяси сарапшылардың пікірі қандай? Алматылық политолог Андрей Чеботарев былай дейді:
«Осы уақытқа дейін Қазақстан өзінің саяси жүйесін демократияландыру мәселелерін жүргізуде бейтараптық танытып келсе, енді оған ЕҚЫҰ- ның қазіргі және одан кейінгі төрағаларын қоса есептегенде, халықаралық қоғамдастық тарапынан ықпал арта түседі.
Бұл ықпал ету қысым жасау деген сөз емес деп ойлаймын. Бірақ,соған қарамастан олар сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің берген уәделері мен Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕҚЫҰ қатысқан түрлі шараларда сөйлеген сөздерінде айтқандарын орындау керектігін Қазақстанның есіне салады.
ЕҚЫҰ-ның өкілдері республиканың ресми құрылымдарына үлгі ету мақсатында Қазақстанның түрлі саяси партия басшыларының пікірлеріне құлақ асады».
Алматылық «Айт-парк» пікірталас клубының басшысы Нұрлан Ерімбетов:
«Мен демократия алға жылжиды, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету елімізге жақсы жағынан әсер етеді деп үміттенген едім. Бірақ, маған қазір әлем тез өзгеріп отырғандықтан Еуропа Кеңесі, ЕҚЫҰ немесе БҰҰ сияқты ұйымдардың ролі әлсіреген сияқты көрінеді.Сондықтан осындай ұйымдардың қай – қайсысының қатарына кіру, оған төрағалық ету дәл қазіргі уақытта ешқандай алға жылжуға кепілдік бере алмайды.
Бес-он жыл бұрын бұл ұйымдардың шынымен де ықпалы күшті болатын. Адамзаттың дамуына елеулі үлес қосатын. Бірақ бүгінгі уақытта, бәрі бос сөз болып отырған кезде, осы ұйымдар бірнәрсе бітіреді деген ойыма да кірмейді. Қазір Таяу Шығыста соғыс болып жатыр, ал БҰҰ болса өздерінің әлдеқандай терең ойлы мәлімдемелерімен немесе наразылықтарымен бойын аулақ салып отыр. Еуропада жанжалдар шығып жатқанымен, ЕҚЫҰ осы елдердің бірде- біріне әсер етіп отырған жоқ.
Осы қимылдардың бәрі әлдебір дипломатиялық ойындарға ұқсас. Тіпті Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 6 қаңтар күні Газа секторындағы қантөгіске байланысты жасаған мәлімдемесі де ешкімнің ешнәрсе шешпейтіндігін дәлелдей түсті».
ЕҚЫҰ төрағалығының «Үштігіне» 2009 жылдың қаңтар айының бірінен бастап: Финляндия - бұрынғы, Греция - қазіргі, Қазақстан – келешектегі төраға ретінде кіріп отыр. Қазақстан осы «Үштік» құрамында үш жыл болады: болашақ, қазіргі және бұрынғы төраға ретінде.