«Тур де Франс 2009» турнирінің дүйім жұртқа аты әйгілі жеңімпазы «Астана» велотобы тыйым салынған дәрілерді осы топтың спортшылары пайдаланғандығы себебінен тағы да тергеу нысанасына айналды.
«АСТАНА» ТОБЫ: БІЗДІҢ СПОРТШЫЛАР КІНӘСІЗ
«Дейли телеграф» басылымы қазіргі кезде Францияда «Тур де Франс 2009» велошабандоздар турнирінде бақ сынасып, өнер көрсеткен бірқатар велотоптарға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлап отыр. Команда спортшылары допингті қабылдаған деген күдік өршіп отыр. Тергеу бәйге кезінде кей командалардан шприцтер мен дәрі тамызғыштар тәрізді арнайы медициналық құрал-жабдық тәркілегеннен кейін басталған.
«Дейли телеграф» газетінің баяндауына қарағанда, «Астана» велотобының ресми өкілдері бұл команданың мүшелеріне қатысты сөз боп отырған жарыс тәртібін бұзу жөніндегі тергеудің жүргізіліп жатқанын теріске шығарған.
«Астана» құрамында команда мүшелері ретінде биылғы «Тур де Франс» турнирінің жеңімпазы Альберто Контадор мен үшінші орынды ұтқан Лэнс Армстронг осы бәйгеде бақ жарыстырған еді деп жазады газет.
Контадор да, Армстронг та қазір Парижде, олар мұнда «Тур де Франс 2010» турнирінің жүріп өтер жолын салтанатты түрде жария ету рәсіміне қатысу үшін келді. Сонымен қатар, «Le Monde» газеті де, «L’Equipe» басылымы да сейсенбі күні аты-жөнін жария болмауын қалаған бір адамның «Астана» велотобына қатысты тергеудің жүргізіліп жатқанын айтқан сөзі бар мақала жариялаған еді деп жазады «Дейли телеграф».
Дегенмен, «Астана» велотобының ресми өкілдері, дейді басылым, мұндай жаңалықты өздерінің бірінші рет естіп отырғандарын айтады.
«Астана» велотобы француз баспасөзінен команданың француз прокурорлары тарабынан допинг қолдануға қатысты тергеуге алынып жатқаны жайлы оқып, таңданып отыр», – деп мәлімдепті велотоп өкілі. – «Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл хабары арқылы біз мұндай тергеу жөнінде бірінші рет естідік... “Астананың“ жасырар ешнәрсесі жоқ, спортшыларымыз тыйым салынған дәріні қолданбайды. Париж зертханасында жүргізілген не жүргізіліп жатқан сараптама нәтижесі оң боларына команданың сенімі мол әрі біз бұл істе ынтымақтастыққа әзірміз».
Өткен сәрсенбіде, деп хабарлайды «Дейли телеграф», Франция мемлекетінің допингпен күрес жөніндегі агенттігі (AFLD) өз қызметкерлерінің «Тур дe Франс» турниріне қатысушы шабандоз топтар қолданған қоқыс контейнерлерінен рұқсат етілген дәрілер тізіміне «сай емес» препараттар тапқанын айтқан болатын. Алайда, дейді басылым, онда дүниежүзілік антидопингтік кодекс баптарына қайшы дейтіндей ештеңе табылмаған еді.
ФРАНЦИЯ ЖАНДАРМДАРЫ «АСТАНА» МӘЛІМДЕМЕСІНІҢ РАСТЫҒЫНА ШҮБӘ КЕЛТІРУДЕ
AFLD мәліметіне қарағанда, аталған «айрықша дәрілер қоймасынан» инсулинді қабылдау кезінде диабетиктер қолданатын «ситаглиптин» (sitagliptin) препараты мен қояншық және желікпе торығу ауруын емдеуге қолданылатын, құрысуға қарсы ем ретінде қабылданатын «вальпромид» (valpromide) дәрісі табылған.
Сонымен бірге AFLD Халықаралық велосипедшілер одағын (UCI) айыптаған мәлімдеме жасап отыр. AFLD сөзіне қарағанда, UCI «Астананың» спортшыларымен «артықшылық беретін» қарым-қатынастар жасапты.
UCI басшылығы болса мұндай айыптауды қабылдамай, «толығымен негізсіз» деп атаған. Тергеуді Қоршаған ортаны ластаумен күрес және денсаулық сақтау жөніндегі орталық агенттік полициясының қызметкерлері жүргізеді, деп жазады «Монд» газетіне сілтеме жасай отырып, «Дейли телеграф».
«Монд» газеті қазан айының басында, «Тур де Франс 2009» бәйгесін өткізу барысында «Астана» велотобының өзіне берілген артықшылықты допинг ретінде қарастырыла алатын кейбір дәрілерді пайдалану үшін қолданғанын жазып еді. Басылым өз мақаласында AFLD-дің Халықаралық велосипедшілер одағын (UCI) айыптаған мәлімдеме таратқанын айтқан болатын. «AFLD “Тур де Франс 2009“ бәйгесінде ереженің сақталуын бақылай жүріп, осындай тоқтамға келді» деп жазды «Монд» газеті.
Содан AFLD қазан айының 5-інде аталған себепке байланысты UCI мен Дүниежүзілік антидопингтік агенттік басшылығына, Францияның денсаулық сақтау және спорт министрлері Розелин Башло мен Рама Йадқа, әрі «Тур де Франс» бизнесінің иесі Amaury Sport Organisation (ASO) ұйымына ресми хат жолдаған.
Бір аптадай уақыт өте сала, өзінің қазанның 13 және 14 жұлдызында жарық көрген санында «Монд» Париж прокуратурасының алдын-ала тергеу ісін бастағанын жазды. Бұл тергеу шілде айында, «Тур де Франс» турнирі өтіп жатқан кезде, едәуір мөлшердегі дәрілердің тәркіленуінен кейін басталған еді. Мақалада «Астана» тобының, оның озат шабандоздары Альберто Контадор мен Лэнс Армстронгтың есімдері аталады.
Істің мәнін анықтау шаралары қазан айының соңына таман алдын-ала тергеу ісін бастауға алып келуге тиіс еді, деп атап көрсетеді басылым. Оның үстіне Франк Ванденбруктың өлімі сәрсенбі, қазан айының 14 жұлдызында Парижде «Тур де Франс 2010» турнирін ұйымдастыруға қатысты жүргізіліп жатқан келіссөз барысындағы у-шуды одан әрмен қоздырды.
Таяуда ғана қайтыс болған бельгиялық велошабандоз Франк Ванденбруктің есімі допингті қолданғаны үшін тергеуге алынғандығына байланысты бұған дейін бірнеше мәрте баспасөз арқылы жұрт құлағын шулатқан-ды.
Газеттің айтуынша, ақпарат көзінен Қоршаған ортаны ластаумен күрес және денсаулық сақтау жөніндегі орталық агенттік (OCLAESP) жандармдарының «жүздеген шприц» пен «перфузиялық материалды» тауып, тәркілегені белгілі болған. Аталған жандармдар «Тур де Франс 2009» бәйгесі барысында құқық қорғау шараларын іс жүзіне асырған адамдар екен.
Қазір тәркіленген материалда 2008 жылдың шілде айының 3 жұлдызында қабылданған Францияның есірткі заттар заңсыз саудасымен күрес жөніндегі заңының құзіретіне жататын заттар ізі бар не жоқ екені анықталуда.
Аталған заңның бабын бұзудың жазасы ретінде адамды бас бостандығынан айыру шарасын қолдану көзделген, деп жазады басылым. «Монд» өз мақаласында бір сот орыны қызметкерінің: «Тур де Франс» 2009 кезінде AFLD тіркеген тәртіп бұзушылықпен қазіргі тергеу нәтижесі бір арнада тоғысып отыр» деген сөзін келтіреді.