Шығыс Еуропадағы UniCredit банк тобының ең ірі шығын зардабын қазақстандық АТФ Банк көруде, соның әсерінен банктің 600-ден 700-ге дейінгі қызметкері жыл соңына дейін жұмыссыз қалғалы отыр.
Австриялық die Presse газетіне берген сұхбатында UniCredit банк тобының шығыс еуропалық бөлімін басқаратын Федерико Гиццони Қазақстан мен Украина елдері бойынша 600-700 адамнан жұмыстан қысқартылатынын айтты.
Қаржы дағдарысы көптеген батыстық банктерді қаражатты Шығыс Еуропадағы өкілдіктерінің есебінен шектеп, қаржыны үнемдеу бағдарламасын іске қосуға мәжбүрлеп отыр. Жуық күндерде ғана бірінші рет кең ауқымда қызметкерлерді қысқарту жоспары туралы UniCredit-тің италиялық-австриялық тобының жетекшілігі жариялады.
Газет дағдарыс басталмас бұрын банктің Украина мен Қазақстанда ірі салымдар жасағанын еске салады. Гиццонидің өзі мойындағандай, сол кезде салынған инвестициялар бүгіндері өте қымбатқа түсіп отыр. «Қалай болғанда да, ұзақ мерзімге созатын болсақ, салымдарымыз өзін өзі ақтайды», – деп үміттенеді ол.
Украинада UniCredit 1,5 миллиард еуроға елдегі төртінші банк — Укрсоцбанкті сатып алған еді. 2008 жылы украиналық еншілестің активтерін қайта бағалау нәтижесінде топқа 333 миллион еуроны есеп-шоттан шығаруға тура келді.
«Өткен жылы-ақ біз Украинада 600-700 қызметкерді қысқартқанбыз, биыл да тура сондай қысқарту жүреді», – дейді Гиццони. 2008 жылдың соңына қарай елде банк қызметкерлерінің саны 10700 болатын. Мақалада атап айтылғандай, UniCredit бизнес жүргізетін елдердің арасында мемлекетке банкрот болуы қаупі төніп тұрған Украина саяси тұрғыдан тәуекелділігі ең жоғары ел болып саналады.
Басқа австриялық банктер де Украинадағы қызметкерлерінің санын азайтуды көздейтіндерін мәлімдеді. Атап айтқанда, Erste Bank және Raiffeisen International еншілес бөлімшелеріндегі қызметкерлердің тиісінше 10-15 пайызын жұмыстан қысқартуды жоспарлауда.
Қазақстанға келер болсақ, топтың мұнда шеккен зияны одан да көп. Екі жыл бұрын die Presse басылымында үлкендігі жағынан елдегі үшінші несиелік мекеме боп бағаланған АТФ Банкке тиесілі акциялардың бақылау пакетін UniCredit тобы 1,45 миллиард еуроға сатып алған еді [әдетте Қазақстандағы іргелі банктер үштігіне Казкоммерцбанк, Халық Банк және БТА Банкті жатқызады, соңғы уақытта жоғары лауазымдағылар Альянс Банкті жүйеқұраушы төртінші банк деп атап жүргенін айта кеткен ләзім].
Газет орталықазиялық елдің қаржы секторы дағдарыс басталмай тұрғанда да тұрақтылықтан ада еді деп жазады. Raiffeisen бағасын қымбат санап, АТФ Банкті сатып алудан бас тартқан еді, қазір енді, бүгінгінің көзімен қарағанда, сол жолы өте дұрыс істеген боп шықты. Өйткені, шығын қаупі үлкен әлгіндей қадамға барған UniCredit тобының, активтердің құнсыздануы салдарынан, Қазақстанда былтыр 417 миллион еуро зиян шеккені айтылып отыр. Сол себепті, штатты қысқартудан үнемделген қаражатпен қандай да бір мөлшерде шығынның орнын толтыруға ұмтылған UniCredit тобы Шығыс Еуропадағы барлығы 80 мың қызметкердің екі мыңын қысқартпақ.
Айтпақшы, жалпы алғанда, дағдарысқа қарамастан UniCredit тәп-тәуір қызмет нәтижесін көрсетіп отыр. Өткен жылы бұл топтың пайдасы 4 миллиард еуроға бағаланған. Бірақ, соңғы кездегі Шығыс Еуропадағы валюта девальвацияларына байланысты банк белгілі бір соманы есеп-шоттан шығарып отыруға мәжбүр. Бір ғана осы себеппен-ақ банк 1,027 миллиард еуро көлемінде шығынға батты, әсіресе Қазақстанда ірі мөлшерде – 417 миллион еуроға зиян шекті, шығынды жоба бойынша екінші орында 333 миллион еуро зиян көрсеткішімен Украина тұр. Сонымен қатар Польша, Ресей және Латвияда да банк шығынға батты.
Бұдан бірнеше күн бұрын UniCredit Италия мен Австрия үкіметтерінен 4 миллиард еуро сомасында көмек сұрамақ ниетте деп жарияланды. Австрия мемлекеті банкке 2,7 миллиард, ал Италия 1,3 миллиард еуро береді деп күтілуде. Әзірге банкирлер мен ресми құрылымдар арасында келіссөз жүріп жатыр, Гиццонидің сөзіне қарағанда, берілетін көмек көлемі әлгі айтылғандағыдан гөрі азырақ болуы ықтимал.
UniCredit Италия мен Австрия үкіметтерінен миллиардтаған мөлшерде көмек сұрау ниетінде деген ақпарат АҚШ-тың New York Times газетінің сайтында да шықты. Басылымның айтуынша, 2007 жылғы несиелік дағдарыстың басынан бері банктің бүкіл әлем бойынша шеккен шығыны 1 триллион доллардан асып кеткен.
Мақалада айтылғандай, UniCredit 2005 жылы Орталық және Шығыс Еуропаның банкілік секторында көшбасшы болған. Ал, қазір бір кезде келешегі зор боп көрінген нарықты жебірлікпен игеруге деген асығыстықтың зардабын көтеруге мәжбүр.
«Шығысеуропалық бизнес шығынға толы боп шықты, ал аймақтағы елдер күйреудің алдында, – деп жазады газет. – Бұл күндері Венгрия, Румыния, Сербия және Украина Халықаралық валюта қорынан шұғыл көмек сұрап үлгерді».