Журналистерді қорғау комитеті: «Қазақстан ЕҚЫҰ беделіне нұқсан келтіріп отыр»

Сөз бостандығын қорғауға арналған акция. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Нью-Йоркте орналасқан журналистердді қорғау комитеті «Баспасөз бостандығына шектеу қойған Қазақстан ЕҚЫҰ ұстанымына қайшы келіп отыр» атты баяндамасын жариялады. Онда елдегі баспасөз бостандығына қатысты берген уәдесін ресми Астананың орындамағаны айтылған.

СӨЗ ЖҮЗІНДЕ ҚАЛҒАН РЕФОРМАЛАР

Қыркүйектің 14-і күні бас штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау жөніндегі комитет арнайы есебін жариялады. Оның ауторы – сөз бостандығын қорғайтын халықаралық комитеттің Еуропалық және Орталық Азиялық бағдарламаларын үйлестіруші Нина Огнянова. Ол бұл есепті Қазақстанға биылғы маусым айында жасаған сапар қортындысы бойынша әзірлеген болатын.

Баяндаманың алғашқы бөлігінде Қазақстан үкіметі ЕҚЫҰ-ға төраға болу үшін елеулі реформалар жүргізуге уәде бергені, бірақ ондай реформалардың ақыры жүзеге аспағаны сөз болған. Сөйткен «Астанада енді саммит өткізу жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болғанына тоғыз айдың жүзі болды, ал үкіметтің бүгінгі әрекеттері ЕҚЫҰ төрағалығына күдікпен қараушылардың сөзін расқа шығарып келеді.
ЕҚЫҰ-ның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін» деп жазады Нина Огнянова.

«Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен азаматтық қоғамның белсенділері екі топқа бөлінді: бірі ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Астананы адам құқығы мен баспасөз бостандығы бойынша белгілі бір реформа жасауға итермелейді деп есептесе, енді бірі мұндай төрағалық биліктің авторитарлық саясатын одан сайын заңдастыра түседі деген күдік келтірген-ді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болғанына тоғыз айдың жүзі болды, ал үкіметтің бүгінгі әрекеттері ЕҚЫҰ төрағалығына күдікпен қараушылардың сөзін расқа шығарып келеді», – делінген есепте.

Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан ЕҚЫҰ алдындағы міндеттерін орындамай отыр, ал оның салдары қолайсыз жайттарға әкелуі мүмкін деп санайды.

«ҚАЗАҚСТАН ЕҚЫҰ БЕДЕЛІН ТҮСІРІП ОТЫР»

Баяндама ауторлары «елдегі адам құқығы мен баспасөз бостандығын шектейтін Қазақстан ЕҚЫҰ-ның халықаралық беделін түсіріп, ұйым жұмысының адам құқығын қорғаушы ретінде мәні мен тиімділігін азайта келе, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің барлығында да адам құқығының құнын төмендетуге жол ашып отыр» деген пікір ұстанады.

«Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болған соң сөз бостандығына байланысты уәде етілген шараларды жүзеге асыратын болар деген үміт болған еді. Алайда, үкімет қылмыстық жазаға тартылатын әрекеттер арасынан «жала жабу» жөніндегі күмәнді баптарды алып тасту жөніндегі уәдесін орындамақ түгілі, керісінше, президент Нұрсұлтан Назарбаев интернетті пайдалануға шектеу қоятын жаңа заң қабылдап жіберді», – дейді есеп ауторы.

Сонымен бірге Журналистерді қорғау комиетінің есебінде үкіметті әлденеше рет өткір сынға алған «Республика» газетіне жасалып отырған қысым мен «Комета-S» баспаханасының жабылуы, бірқатар интернет сайттарға қатысты үкімет қойған шектеулер жайы егжей-тегжейлі сөз болған.

Сондай-ақ «Алма-Ата Инфо» газетінің редакторы Рамазан Есіргепов пен құқық қорғаушы Евгений Жовтистің бас бостандығынан айырылуы және Қырғызстанның оппозиялық журналисі Геннадий Павлюктің өлтірілуі де әңгіме өзегіне айналған. Алматыда жұмбақ жағдайда қаза болған журналист туралы Азаттық радиосы осыған дейін кеңінен ақпарат берген болатын.

САММИТ – КЕЗЕКТІ ҮГІТ-НАСИХАТ ҚҰРАЛЫ

Баяндама ауторы Нина Огнянова Қазақстанда соңғы жылдары билік құқық органдарын басқаша ойлайтындарды басып-жаншитын саяси құрал ретінде пайдалана бастағаны және журналистерді ұрып-соғу фактілерінің жиілегені туралы жазады.

Журналистерді қорғау комитеті баяндамасының тұтас бір тарауы биылғы жылдың соңына қарай Астана қаласында өтеді деп жоспарланған ЕҚЫҰ
«Республика» газетінің журналисі Ирина Медникова АҚШ бас консулдығы кеңсесі алдында тұр. Алматы, 12 сәуір 2010 жыл.
саммитіне арналыпты. Құжатта президент Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізуді қалайтынын бірнеше рет жария түрде айтқаны келтіріледі, ел билігінің жоспарынша, бұл саммит осынау халықаралық ұйымға жасаған Қазақстан төрағалығының мәртебесін одан сайын асқақтатпақ.

Журналистерді қорғау комитеті жоспарланып отырған осы саммиттің күн тәртібіне Қазақстандағы адам құқығы мен сөз бостандығына байланысты мәселелер қойылмағандығына алаңдаушылық білдірді.

«Тәуелсіз журналистер, құқық қорғаушылар мен оппозиционерлер бұл саммитті Назарбаев әкімшілігінің кезекті үгіт-насихаты деп қабылдайды. Олар бұл саммит адам құқығын аяққа таптап отырған авторитарлық билік саясатын одан әрі нығайта түседі деп санайды», – деп жазылған баяндамада.

Олар бұл саммит адам құқығын аяққа таптап отырған авторитарлық билік саясатын одан әрі нығайта түседі деп санайды.
Аталған құжатта «осыған дейін адам құқығын қорғаушы ретінде мәшһүр болған ЕҚЫҰ биыл абыройдан айырылды» делінген.

«Алайда ұйымның өзі де, оның төрағасы да қаласа жағдайды әлі де өзгерте алады. Ол үшін Астанада өтетін саммитте Қазақстандағы қуғын-сүргіндер ашық айыпталып, адам құқығын жоғары қоятын реформалар қолға алынуы тиіс», – деп жазады Нина Огнянова.

Журналистерді қорғау ұйымы баяндамасының қорытындысында, Қазақстанда көптеген журналистер мен адам құқығын қорғаушы қоғамдық ұйымдардың осы елдегі адам құқығы мен сөз бостандығына немқұрайлы қарайтын ЕҚЫҰ мен халықаралық қауымдастықтан көңілі қалғаны айтылған.