Семейдегі қарағайлы орманда үй жануарларын көметін қорым бар. Өліп қалған жануарына деген қимас сезімдерін білдіргендер олардың басына ескерткіш ретінде құлпытас орнатуды дәстүрге айналдырған. Бірақ, бүгінде шағын қорымда бос орын қалмаған.
АДАМ СҮЙІСПЕНШІЛІГІ МЕН ЖАНУАР АДАЛДЫҒЫ
Үй жануарларына арналған қорым, егер ондағы ескерткіштерде көрсетілген уақыттарға сенер болсақ, жақында, 2007 жылы пайда болған. Аз уақыт ішінде қорымның шекарасы кеңіп қана қоймай, Семей қаласының мәдени орындарының біріне айналған. Тіпті, адамның сүйіспеншілік сезімі мен адалдығының үлгісі іспеттес.
Бірақ, өлген сүйікті жануарларын осы қорымға қойғысы келгендердің көптігінен жақында қорым аумағын қоршауға және ендігәрі мұнда жануарларды жерлеуге тыйым салуға тура келген. Сонда да кішкене зираттардың саны көбейіп барады, ал, мұндай жерлеу пайда әкелмейді.
Өлген жануардың иесі тек ескерткіш жасатуға және орнатуға ғана ақша төлейтін, ал, жер ол ақының ішіне кірмейтін. Қазір үй жануарлары қорымында іс жүзінде орын қалған жоқ. Дегенмен көпшілік жұрт өз жануарларының осында көмілгенін қалайды, бұл үшін тіпті ақы төлеуге де дайын.
54 жасар Натальяның мысығы Пон 20 жыл өмір сүріпті. Ол туралы Азаттық радиосына мысықтың иесі былай дейді:
– Бұл дегеніңіз тұтас бір адамның өмірі. Оның ақылдылығы сондай, – бұл әрбір қожайынның өз жануары туралы айтатыны, – мені бір сөзден түсінетін. Ол көшу-қонуды, өмірдегі қиын-қыстау және шаттық кезеңдерді бізбен бірге көрді. Сондықтан біздің оған ескерткіш қоюмыздың өзі аздық етеді. Жер үшін біз төлеген жоқпыз, қайда төлейтінімізді білмедік. Қорымдағы күзетшілерге барып едік, олар бізден ештеңе алған жоқ.
Әу баста жұрттың үй жануарларын осылайша көптеп көме бастайтынын ешкім болжай алған жоқ. Қорымның жұмысшылары өлген жануарлар үшін жерді тегін беру енді ұзаққа созылмас деп санайды. Өз аты-жөнін атамағанды қош көрген қорым күзетшісі Азаттық тілшісіне өз пікірін білдірді:
– Адам сезімі деген шек жоқ нәрсе ғой. Жануар түгілі, кейбір адамдардың молалары ескерусіз, ешбір ескерткішсіз, не қоршаусыз жатыр, олар не ұмытылған, немесе марқұмдарға соңғы құрметті көрсетуге артында қалғандардың ақшасы да жоқ. Ал, мұнда жануарларға ерекше зор құрмет көрсетіліп жатады. Мұны мен артық кеткендік деп санаймын. Маған үй жануарына арнап көр қаздырады, көрсеткен қызметім үшін көп алмаймын, қанша берсе, сонша аламын. Орта есеппен мың теңге.
СҮЙІКТІ ЖАНУАРДЫ «АДАМША» КӨМУ
Кейбір үй жануарларының зираты сапасы мен сәні жағынан адамның бейітінен де асып түседі. Көбісі мәрмәр тақтайшамен, гүлмен сәнделген, айналасы қоршалған. Азаттық радиосының тілшісі осы шаруаға қанша қаражат кететінін анықтаған еді.
Салт-дәстүр қызметін көрсететін дүкенінің жұмысшысы Рустам Рузиев Азаттық радиосына былай дейді:
– Жануарларға ескерткіш қою мен үшін жаңалық деп айта алмаймын. Бүгіндері көп адам жануарын «адамша» көмгісі келеді. Шағын мәрмәр тақтайша алу үшін адамдар маған көп келеді. Оның бағасы үш мыңнан басталып, ары қарай кете береді, көлеміне қарай. Жазуымен бірге сурет салғызу құны үш мың теңгенің (20 доллар) айналасында, қоршауы да сол шамада. Бәрі клиенттің қалауына қарай, осы қызметтердің бағасы шамамен 15 мың теңге (100 доллар) шамасында. Бәрі тапсырыс берушіге байланысты. Кей жағдайда адамның бейітінің басына тас қоюға кейбіреудің ақшасы жетпей жатқанда, бұлар жануардың моласын әспеттейді келіп... Бұл, енді, жақсы шығар, әрине, бірақ, бәрібір мен мұны түсінбеймін.
ВИРТУАЛДЫ ҚОРЫМ
Әрине, сүйікті жануарларын осы қорымға қойғандардың барлығы бірдей ескерткішті мәрмәрден жасатпайды, көп зираттарда фотосуреті бар тақтайша ілінген, бірақ, әрбір молаға гүл қойылған.
Егер осы мәселемен Интернетке кірсеңіз, үй жануарларына арналған виртуалды қорымға тап боласыз, оның модераторы да басқы бетте сөйтіп хабарлайды: «Егер сіздің ақшаңыз жоқ болса, онда сіз тегіннен тегін осы жерге өзіңіздің сүйікті жануарыңыз туралы естелік қалдыра аласыз». Сол бір ресейлік petsparadise.ru сайтында адам өзінің жануары туралы бет аша алады, сөйтіп оған құрмет көрсете алады: үйшік тұрғызуға, жануардың сүйікті ойыншығының суретін салуға болады дегендей.
«Википедия» сайтының мәліметі бойынша, Ресейдегі Тольятти қаласының тұрғындары қожайындары жол апатында қаза тапқан неміс овчаркасына мүсін орнатқан. Ол ит қақтығыс кезінде терезеден ұшып кеткен, иелері қаза болған жерді ұмытпаған.
Әлгі ит ауа райы қандай болып тұрса да, күнделікті иелерін жол бойында күтіп, көрінген шие түстес аутокөлікке жүгірумен болған: ол иттің иелерінің көлігі шие түстес еді. Көрікті овчарканы байқаған қала тұрғындарының кейбіреуі оны асырап алуға әрекет жасаған, алайда, ит тіпті тамақ берген адамға да бармай қойған. Иттің бұндай адалдығы қаладағы билікке де әсер еткен. 2003 жылы сол итке арнап, «Бізге сүю мен адалдықты үйреткен иттің құрметіне» деген жазуы бар мүсін орнатылған.
Көп адамдар үшін үй жануары өмірдің мәні болып кетеді, әсіресе, ешкімі жоқ жалғызілікті адамдар үшін. Олар бар махаббатын жануарға арнайды, өз кезегінде төртаяқтылар да дәл солай қайтарады. Жануар ешқашан сатып кетпейді және ренжітпейді. Сондай-ақ, көп нәрсе талап етпейді. Бір фильмде айтылатындай, оларға тамақ салынған табақ қойсаң, кішкене ойнасаң, сипасаң болғаны, өтеуіне олар сенің ең сенімді және адал досыңа айналады.