Теміртаулық дарынды қыз сызу пәніне арналған оқулық жазып шықты

Оқушы қыз Розлана Ғабдуллина. Теміртау, қараша, 2010 жыл.

Мектеп оқушысы Розлана Ғабдуллина мектеп бағдарламасынан әлдеқашан озып кетті. Азық-түлікке, өсімдіктерге тәжірибе жүргізумен айналысатын жас қыз жақында сызу пәніне арналған оқулық жазып шықты. Ал дәл осы кезде көптеген дарынды балалар Теміртаудан кетіп жатыр.

РОЗЛАНА ҒЫЛЫММЕН АЙНАЛЫСУДЫ АРМАНДАЙДЫ

15 жастағы Розлана Ғабдуллина мұғалімдері мен білім саласындағы шенеуніктерді өзінің асқан қабілеттілігімен таң қалдырады. Ол үнемі әлденені «бүлдіріп» жүреді. Мектеп оқушысы Азаттық радиосына берген сұқбатында ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты жоспарларын жүзеге асыру үшін ғылыми-парктикалық конференцияларға қатысып жүргенін айтып берді.

– Мысалы мен әртүрлі сұрыптағы нандардың сапасын: олардың физико-химиялық қасиеттерін, ылғалдылығын, кеуектілігін зерттедім. Демалыстарда сараптама жүргіздім. Осыдан кейін Қарағанды облысындағы наубайшылар өз жұмыстарын жауапкершілікпен орындайды екен деген байламға келдім, –
Әртүрлі сұрыптағы нандардың сапасын: олардың физико-химиялық қасиеттерін, ылғалдылығын, кеуектілігін зерттедім.
дейді Розлана Ғабдуллина.

Бірақ оның өзінің, мұғалімдері мен ғылыми қызметкерлердің естерінде физикаға қатысты жоба мықтап қалды. Жас қыз көрінетін жарық сәулелері спектрінің әр бөліктерінің өсімдіктерге ықпалын зерттеді.

– Егер қызанақты немесе қиярды қызыл үлдірмен жауып қойса, олардың шынымен де жақсы өсетіндігін тексердім. Мен үш өсімдікті: қияр шөбін, үрме бұршақты және қызанақты алдым. Жұмыс барысында өсімдіктердің үш түрі болатындығын анықтадым. Олардың біреуі қызыл, екіншісі ақ, ал үшіншісі қызыл үлдірдің астында жақсы өседі екен. Бұл жобаны атқару үшін біраз еңбектенуге тура келді. Ал есесіне бұл еңбегімді лайықты бағалады, – дейді Розлана.

Жас қыздың айтуынша, ол тәжірибелер жүргізуді өте қызықты көреді. Бірақ Теміртауда реактивтер, материалдар мен приборлар табу өте қиын екен. Ғылым ол үшін жай ғана ермек емес, өмірлік мақсат болып отыр. Розлана ғылыми-зерттеу саласында жұмыс істегісі келеді. Бірақ ол Қазақстанда мұндай мамандардың аса ешкімге қажеті жоқ деп ойлайды.


ОҚУЛЫҚ ЖАЗУ

Розлана жоғары сынып оқушылары үшін сызу пәніне арналған оқулық жазып шығуын өзінің ең үлкен жетістігі деп санайды. Бұл үшін ол біраз тер төкті. Бірақ мұғалімдер мен оқушылар оның бұл еңбегін жоғары бағалады. Бұл электронды оқулық қазір Теміртаудағы №23 орта мектептегі барлық компьютерлерге салынған дейді Розлана.

– Біз оны алдымен сынақтан өткіздік. Содан кейін балалар осындай оқулықпен жұмыс істеудің оңайлау екендігін айтты, ал мұғалімдер болса үлгерімнің жоғарылағанын атап өтті. Онда суреттер өте көп және түсінікті тілмен жазылған. Ескі оқулықтармен оқу қиындау. Өйткені, оқу бағдарламасы өзгергендіктен ескі оқулықтар бағдарламаны толық қамти алмайды. Ал жаңа оқулықтардың көпшілігі түсініксіздеу тілмен жазылған. Міне сондықтан мен жаңа бағдарламаның талаптарына жауап беретін
№23 мектеп директорының орынбасары Анна Брыскина. Теміртау, қазан, 2010 жыл.
оқулықты жазып шықтым, – дейді 15 жастағы Розлана.

Тіпті Теміртаудағы барлық мектептердің мұғалімдері үшін сызу пәнінен ашық сабақ өткізілген. №23 мектеп директорының орынбасары Анна Брыскинаның айтуынша, жаңа оқулыққа қатысты өте жақсы пікірлер айтылған. Мұғалімдер бұл бағдарламамен жұмыс істеуге келісіп отыр. Оның үстіне ол тіпті жоғары оқу орындарында да қажет болады.

– Оқулықты жаппай пайдалануға беру үшін үш жылдай өтуі керек. Білім саласындағы жоғарыдағы басшылар біздің оқушымыздың еңбегін бағалап, оның облыстық, тіпті республикалық деңгейге шығуына мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Біздің мектептің тоғызыншы сынып оқушылары осы бағдарламаны зерттеген соң бұдан ары колледжде де осы бағдарламамен жұмыс істеуге білек сыбанып отыр. Кім біледі, мүмкін Розлана тағы бір оқулық жазып шығатын болар, – дейді Анна Брыскина.


БӘЙГЕЛЕР МЕН ОЛИМПИАДАЛАР ЖЕҢІМПАЗЫ

Розлана өзінің көпқырлы қабілетін 5-ші сыныптан байқата бастады. Көптеген пәндер бойынша облыстық, республикалық деңгейдегі толып жатқан бәйгелер мен олимпиадаларға қатысты. Бір күннің ішінде бірнеше
13 жасында ол мектеп бағдарламасынан озып, жоғары оқу орындары деңгейіндегі олимпиадаларға қатыса бастады.
бәйгеге қатысып, соның барлығында да жүлделі орындарға ие болғаны да бар. Бала кезінен оны ғылыми жұмыстар, техникалық пәндер өзіне тартып тұрады.

– Он бір жылдан бері Розлана кіл үздік оқумен келеді. 13 жасында ол мектеп бағдарламасынан озып, жоғары оқу орындары деңгейіндегі олимпиадаларға қатыса бастады. Өткен жылы болған ғылыми-практикалық конференцияда ол бірден үш пәннен: химиядан, математикадан және орыс тілінен үш жобаны қорғап, жеңімпаздардың үштігіне енді. Жастығына қарамастан оның университетке түсуге арналған сертификаты бар, – дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анна Брыскина.

Жақында Роза Ғабдуллина мұғалімдерін тағы да таң қалдырып, тағы үш зерттеу жобасын қорғады. Осының нәтижесінде ол ағылшын тілі мен физикадан бірінші, ал химиядан үшінші орынды иеленді.


ШЕТЕЛДІКТЕР КӨЗІН АШТЫ

Айтпақшы, 15 жасар мектеп оқушысы Розлана Ғабдуллина бүкіл Қазақстан бойынша таңдалып алынған дарынды отыз баланың қатарында «Шетелде оқыту» жазғы мектебінде болып қайтты. Америкалық және Шотландиялық волонтерлер білім алу үшін грантты қай жерден қалай алуға болатынын және дарынды балалар үшін шетелде қандай мүмкіндіктердің бар екендігін түсіндірді.

– Біздің мемлекетіміз де өзіңді жетілдіруге мүмкіндік беретіндігін білген кезде қатты ренжідім. Не себепті бұл жайында бұрын ешкім айтып бермеген? Қазақстанның білім беру жүйесі нашар деп есептемеймін, бірақ өз кемшіліктері бар, ұйымдастыру жағы әлсіз, – дейді Розлана.

Жас қыз әзірге болашақ мамандығын таңдап үлгерген жоқ. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бұдан да тереңірек айналысқысы келеді. Бірақ болашағының белгісіздігі секемдендіреді. Ол халықаралық қатынастар факультетіне де түспекші болған. Розлана Ғабдуллина бакалавр дәрежесін Қазақстанда алып, ал магистратураны шетелде оқығысы келеді. Мүмкін сол жақта тұрып та қалар.


ДАРЫНДЫЛАР ТЕМІРТАУДАН КЕТІП ЖАТЫР

Қалалық білім бөлімінің әдістемешісі Ирина Тишкинаның айтуынша, Теміртауда дарынды балалар көп. Психологтардың пікірлеріне қарағанда, провинциалық қала мен өмір қиындықтары балалардың қабілетін одан сайын аша түсетін көрінеді. Оның айтуынша, балалардың ерекше дарыны байқала бастаған 5-ші сыныптан соң ата-аналары оны басқа мектепке ауыстырып, тіпті баласы үшін өзге қалаға көшіп кетеді екен.

Ирина Тишкинаның айтуынша, бүгінде Қарағанды облысында дарынды балаларға арналған тоғыз мектеп бар. Онда жоғары білікті мұғалімдер
Қазақстанның білім беру жүйесі нашар деп есептемеймін, бірақ өз кемшіліктері бар, ұйымдастыру жағы әлсіз.
балаларды арнайы бағдарлама бойынша оқытады. Көптеген дарынды балалар Теміртаудан шыққанымен Теміртауда бір де бір мұндай мектеп жоқ. Екі халықаралық мектеп олимпиадасы мен өзге де бәйгелердің жеңімпазы болған бұрынғы теміртаулық Тимур Әбішев – осындай дарынды балалардың бірі.

– Бұл жеткіншектің біліміне көптеген адамдар қайран қалатын. Олимпиадалар мен бәйгелердегі оның көрсеткен біліміне талайлар таңдай қағатын. Бірақ, өкінішке қарай, біздің оқушымыз Тимур Әбішев Қазақстанда қалмады. Ол бағдарламашы-математик мамандығына оқу үшін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына кетті. Теміртаулық көптеген дарынды балалар дәл осылай жасайды. Өйткені, Теміртауда олардың алға жылжуы үшін жағдай жоқ, – дейді әдістемеші Ирина Тишкина.

Осыдан екі жыл бұрын қалалық білім бөлімінің қызметкерлері Теміртауда дарынды балаларға арналған президенттік мектептің ашылуына қол жетізбек болып әрекеттенгенін айтады Ирина Тишкина. Бірақ одан ештеңе шықпады. Биліктегілер бұл үшін бюджетте қаржының жетіспейтіндігін көлденең тартты. Дегенмен ата-аналар мен мұғалімдер Теміртауда мұндай оқу орны ашылатындығынан әлі де күдер үзбейді және осы үшін бар күштерін салмақ.