Мұсылман қауымдастығындағы АҚШ-тың тұңғыш арнайы өкілі қызметіне кірісті

Фарах Пандит, АҚШ Мемлекеттік департаментінің мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкілі.

АҚШ Мемлекеттік департаменті мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкіл қызметін жаңадан енгізді. Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон АҚШ-тың тұңғыш арнайы өкілі Фарах Пандиттің антын қабылдады. Ол Кашмирде дүниеге келген.

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДҮНИЕЛЕРГЕ НАЗАР САЛУ


Хиллари Клинтон президент Барак Обаманың Қайырда және Анкарада сөйлеген сөзінде мұсылмандар әлемімен жаңаша қарым-қатынастың, өзара мүдделестік пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың басталғаны туралы мәлімдегенін тілге тиек етті.

Осы аптада өткен ант қабылдау рәсімінде мемлекеттік хатшы бұл қарым-қатынас «екінші тарапқа да құлақ асуды, пікір алмасуды және бейбіт әрі жарқын болашаққа апаратын ортақ тұғыр жасауды талап етеді» деп нақтылады.

Бұл жаңа қызметті енгізудегі тағы бір мақсат — мұсылмандарға әртүрлі ақпарат көздері бұрмалап жеткізетін Құрама Штаттардың
Әлемде бір миллиард төрт жүз миллионнан астам мұсылман бар... Жоқшылық, аштық, климаттық өзгерістер, жемқорлық әлемнің тұс-тұсына, барлық халықтар мен діндерге бірдей ауыз салуда.
ұстанымы жайында шындықты көрсету. Бұған қатысты сөйлеген сөзінде Хиллари Клинтон мұсылмандар әлемінде Америка жайында қате тұжырымдардың, дұшпандық насихаттың және стереотиптердің ықпалында қалып отырған аймақтар бар деді.

Тұңғыш арнайы өкіл Фарах Пандит, Хиллари Клинтонның айтуынша, барлық адамға ортақ дүниелерді нысанаға алмақ: «біз балаларымыздың жарқын болашағын таңғы аста, түскі және кешкі аста тілейміз, бізге керегі барған сайын нығая беретін тұрақты бейбітшілік емес пе».

Сөзін ары қарай жалғастырған Хиллари Клинтон былай деді: «Әлемде бір миллиард төрт жүз миллионнан астам мұсылман бар... Жоқшылық, аштық, климаттық өзгерістер, жемқорлық әлемнің тұс-тұсына, барлық халықтар мен діндерге бірдей ауыз салуда. Бұл жағдай біздің бәрімізге бірдей құдайға сенетін адамдар ретінде аш-жалаңаш қаріп-қасірлердің алдындағы борышымызды орындауда белсенді роль ойнау және сол арқылы жалпылай бірлесу міндетін артады».

ЖАСАМПАЗДЫҚ ҚАТЫНАС КЕРЕК

Фарах Пандит – Кашмирде туылған америкалық мұсылман. Оның бала кезінде үй іші Үндістаннан АҚШ-қа қоныс аударған. Шілдедегі өз номинациясы кезінде ол өзінің жеке және қоғамдық секторлардағы тәжірибесінің қатардағы мұсылмандардың тыныс-тіршілігіне жасампаздықпен қарауға және оларды елітудің амалын табуға көмек болатынын мәлімдеген.

«Меніңше, мәселе ньюанстарда, сыйластықта, - дейді Фарах Пандит. – Құлақ аса білу керек және жасампаздықпен қарау қажет. Ойға алған мақсатты жүзеге асыру үшін әртүрлі типті бастамалардың бүтін бір ағымын жасау керек».

Бұл әйелдің тағайындалуы, не дегенмен де, Вашингтонның мұсылмандар әлемі алдындағы АҚШ-тың беделін көтеруге ұмтылуын көрсетеді, сондай-ақ, Еуропа, Африка және Азиядағы мұсылмандардың алаңдаушылықтарымен есептесіп, оны жою бағытында шара қолдануға даярлығын білдіреді.

Каирге барғанда сөйлеген Барак Обаманың маусымдағы сөзі өз пікірі бойынша Американың мұсылмандарға деген қарым-қатынасының жаңа дәуірін бастауға баспалдақ болды. Оның сөздерін мұсылмандар әлемі жақсы қабылдады.

Мұсылмандардың басым бөлігі бұрынғы президент Джордж Буштың сыртқы саясатын Америкамен қарым-қатынастағы басты қиындық деп санайтын. Оның сыртқы саясаты мұсылмандар әлеміне қарсы бағытталған деп білетін, өйткені, Ирактағы басқыншылық, мұсылмандарды жаппай сотсыз-тергеусіз Гуантанамоға жабу және Абу Грейб түрмесіндегі тұтқындарды қорлауға қатысты үлкен дау-жанжалдар соның көрінісі.

Өз жоспарларын ортаға салған Фарах Пандит Мемлекеттік департаменттің өз ішінен Америка мен шекарадан тыс қауымдастықтар арасындағы диалогқа, мәдени алмасулар мен қала басшылығының өкілдері деңгейіндегі кездесулерге арналған инфрақұрылым жасау қажеттілігін айтты.

Түптеп келгенде, Фарах Пандит үшін бұл жаңа миссия емес. Ол бұрынғы президент Джордж Буштың әкімшілігінде Еуропалық және Еуразиялық аймақтардағы мұсылмандар мәселесі жөніндегі аға кеңесші болып қызмет еткен. Ол сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі және Кабулдағы Америкалық халықаралық даму агенттігі жүйелерінде жұмыс істеген.

Бұл қызметте жол жүру, сапар шегу көп болмақ, сондықтан Фарах Пандит елшілік құрылымдарына арқа сүйейтін болады. Және де оның күш-қайраты әлемнің шалғай аудандары мен ауылдарын қамтымақ, және ол өзінің қызметінде мұсылман жастарға ерекше көңіл бөлінеді деп көздеп отыр.

ЫСТЫҚТЫ БӘСЕҢДЕТУ

Вашингтондағы Америкалық университетте жүргізілетін исламдық зерттеулердің белді сарапшысы Акбар Ахмед Фарах Пандитпен Ақ үйде 2007 жылы кездескен, сол кездесуде ол Фарахтың дипломатиялық біліктілігі мен жаңа қызметке керекті тәжірибелілігіне тәнті болған.

Акбар Ахмедтің пікірінше, егер Вашингтон көптеген жылдар бойы Америкадан сезіктеніп, көбіне жау санап келе жатқан
Обаманың уақыты аз. Дағдарыс Ауғанстанда және Пәкістанда ушығып отыр, ал бұлар мұсылман елдер. Палестиндік ахуал қайтадан қайнап келеді, тыңдап жатуға уақыт жоқ.
мұсылмандардың бетін бері қаратқысы келсе, онда Америка өте нақты өзгерістерге баруға тиіс.

Егер Фарах Пандит мұсылмандар әлемінен естігендерін шешім тіліне аудара алатын болса, онда дейді Акбар Ахмед, қазіргі әкімшілік мұсылмандар әлемімен диалогта сәтсіздікке ұшыраған Джордж Буштың командасына бұйырмаған жетістікке қол жеткізген болар еді.

«Обаманың уақыты аз, - деп түйіндейді Акбар Ахмед. – Дағдарыс Ауғанстанда және Пәкістанда ушығып отыр, ал бұлар мұсылман елдер. Палестиндік ахуал қайтадан қайнап келеді, тыңдап жатуға уақыт жоқ. Тек қиындықты түсінуге ғана уақыт бар, ал Фарах сол қиындықтарды сөзсіз түсінеді. Қайнау температурасының төмендеуіне сеп болатын, жұрттың үмітін туғызатын және мұсылмандар әлемін елең еткізетін шешімдер ұсына бастау керек».