“Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының өткен сабақтары және алдағы мақсаттар мен оппозиция жетекшілеріне қарсы қозғалып отырған істің астары жайында Төлен Тоқтасынов Азаттық радиосына берген сұхбатында әңгімеледі.
- Төлен мырза, мобил байланысының арқасында сізді алыстан, Моңғолиядан тауып отырмыз. Моңғолияда не шаруамен жүрсіз? Сізді Қазақстан билігі күтіп отырған көрінеді, қылмысқа қатысыңыз бар делінеді.
- Моңғолия алыс болса Азаттық радиосы сөйлеп тұрған Чехиядан алыс болар. Ал былай ол Қазақстанға іргесі тиіп тұрған ел. Жарты жыл болды, Моңғолияның қазақ аймағы Баян Өлкеде ем қабылдап жатырмын. Халық емі.
- Қазақстан оппозициясының жүріс-тұрысында жаңа бағыт пайда болған сыңайлы. Осыдан 10 жыл бұрын Назарбаевтың қарсыласы Әкежан Қажегелдин денсаулығымды түзеймін деп Батысқа кетіп, міне енді үн-түнсіз қалды. Басқа тұлғалар да Батысқа бас сауғалап кетті. Сіз болсаңыз Шығыста ем қабылдауды жөн көріпсіз.
- Шығыста жеке шаруамен жүрмін, денсаулық түзеп жүрмін. Осылай қайырғым келеді бұл әңгімені. Бірақ елмен, жора-жолдастарыммен хабарласып тұрамын. Телефон, интернет бар емес пе.
Күні кеше сіздерден, Азаттық радиосының веб-сайтынан, Шолпан актрисаның қазасын оқып, Астанада шала салынған үйде 15- қабатта лифттің шахтасына түсіп кеткен жас азаматшаның қыршын кеткені қабырғама қатты батты. Міне, елдегі қарапайым халықтың тұрмысы осыған ұқсас. Қай жерде қара түнекке батып, қай шұңқырға құлайтыныңды білмейсің.
- Төлен мырза, ағайынды Байсақовтардың жайы негізінен біржақты болған сияқты – екеуі де Украинадан “саяси босқын” мәртебесі мен қорғаныс тапты. Бірақ оның есесіне Қазақстан билігі “қылмыскерлерді жасырды” деген айыппен оппозиция серкелеріне қарсы жаңа қылмыстық іс қозғап, олардың ішінен ең басты айыпталушы сіз болып шықтыңыз. Соған байланысты қандай ойыңыз бар?
- Менің бірінші кезекте айтқым келетіні – Борис Костановты өлтіртті деген “Есентай Байсақовтың ісі” бойынша басқа кісілер сотталды. Өзіңіз де білесіз, олардың бірі ауыр жазасын түрмеде өтеп, денсаулығына байланысты таяуда ғана бостандыққа шықты. Өкініштісі, тағы бірі – Асқар Дүйсембаев – он жарым жылға кесіліп, қазір жазасын түрмеде өтеу үстінде. Демек мен бұл іс аяқталды деп айта алмаймын.
Оған қоса талай жыл бойы шетелде жүруге мәжбүр болған және еліне, Қазақстанға оралуға мүмкіндіктері жоқ ағайынды Байсақовтар да жетіскен жері шамалы. Басқалардың халі де дәл сондай.
Ал енді “қылмыскерлерді жасырды” деген іс туралы айтсам, ол істе әңгіме бірнеше тұлғаның тағдыры жөнінде болып отыр ғой – ол істе Горбенко, Лукин, Жекебаев, Кошевойлар бар ғой...
- Олардың барлығы Ғалымжан Жақиянов әкім болып тұрған кезіндегі Павлодар облыстық әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері ме?
- Ия, олар Ғалымжан Жақияновтың Павлодар облыстық әкімдігіндегі орынбасарлары. Олардың бірі Семей облысына әкім болған кезінде де бірінші орынбасары болды.
Бірақ “қылмыскерлерді жасырды” деген іске оралсақ, бұл жерде барлығы да нақақ айып екенін, мұның барып тұрған арандатушылық екенін сіз түсінесіз ғой. Бұл істі қозғаудың кімге қажет бола қойғанын мен түсінбей-ақ қойдым. Жалпы Ішкі істер министрлігінде мұндай істі қозғауға кімнің ақылы жетті екен?! Министрлікте білімді де есті кісілер отырған сияқты ғой! Міне сондықтан да маған бұл істің кімге керек бола қойғаны түсініксіз.
Қазірдің өзін де бұл істің заңнамалық келешегі жоқтығы анық байқалады. Оның төңірегінде жаңғырығы көкке жетердей айқай-шу, дау-дамай туып жатыр. Бұл іс Қазақстанның ішкі ісі болудан қалды, оны Украина да талқылай бастады. Бұл мәселе Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Варшавадағы мәжілісінде көтерілді. Менің ойымша, әлі талай сөз болады.
- Төке, Қазақстанда бірнеше кісінің аузынан соңғы қылмыстық істің көздеген басты нысанасы оппозицияның қазіргі жетекшілері емес, жазасының мерзімі алдағы жылы аяқталатын Жақиянов деген пікір шықты, ондай пікір айтқандардың ішінде саясаттанушылар да, журналистер де, адам құқын қорғаушылар да бар. Ал сіз қалай ойлайсыз?
- Бұл істің артында пәлен тұр деп мен кесіп айта алмаймын. Басқа пікірлермен қатар сіз келтірген пікірдің де жаны бар шығар!? Әйтсе де, мен Бауыржан Мұхамеджанов бастаған Ішкі істер министрлігінің, жұмсартып айтқанда, “сауаттылығына” аң-таң болып отырмын...
Күні кеше мен Ішкі істер министрлігі басшыларының “Литер” газетіне берген сұхбатын оқыдым. Меніңше, ол Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы болды. Міне сол бастық “біз Ресейдің азаматы болып табылатын Максим Лысыхтың кісі өлтіргенін дәлелдедік” деп соқты. Ал Ресей соты, - оның сөзінше, - жай сот емес, билер соты оны ақтай салды.
Неге екенін білесіз бе? – Бұл менттің логикасы ғой! - Өйткені, Лысых қымбат сұрайтын 4 адвокатты жалдапты-мыс. Міне Мұхамеджанов бастаған İшкі істер министрлігінің ойы жеткен жері осы!
Ал Жақияновты нысанаға алды деген пікірге келсек, менің ойымша, оны түпкі мақсатының бірі ретінде қарастырған да дұрыс шығар.
- Төлен мырза, алдағы қараша айында “Қазақстанның демократиялық таңдауы” (ҚДТ) қоғамдық қозғалысының құрылғанына 7 жыл толады. “ҚДТ” республикалық қоғамдық бірлестігі өзінің алдына қойған мақсат-мүдделеріне жете алды ма? Алдын орай айтсам, менің білуімше, қоғамдық қозғалыс дәл сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы болып тұрған және “ақ” дегені алғыс, “қара” дегені қарғыс болып тиетін кезде оның тепкісіне қарсы тұру үшін құрылды емес пе? Енді Рахаттың өзі “ауыр” және “аса ауыр қылмыстар істеді” деген айыптармен сырттай 40 жылға сотталып, шетелде бас сауғалап жүр. Ал сіз “ҚДТ” қозғалысының қосқан үлесі ретінде нені айта алар едіңіз?
- Ең бастысы, “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының негізгі мақсаты Рахат Әлиевпен күресу болған жоқ-ты. Қазақстанның демократиялық қауымдастығы үшін ол кезде және қазір де, ең алдымен, біздің саяси жүйемізді қайта құру болды, яғни ол кезде де және қазір де біз еліміздің саяси жүйесін өзгерту деп білдік; бізге парламенттік республика болған лайық деп санадық; бізге биліктің барлық тармағын дауыс беру арқылы сайлау керек деп түсіндік және халықтың билікті сайлауға шынайы құқы болуы тиіс деп есептедік.
Бұл мақсаттар бүгін де өзекті болып қалды. Ал қозғалыс осы мақсаттарына жете алды ма? дегенге оралсақ, менің ойымша, барлық күрес әлі алда. Біздің сол кезде бастаған ісіміз зая кеткен жоқ деп ойлаймын. Тағы да қайталаймын: сол мақсаттарымыз қазір де көкейтесті мәселе болып қалды – біздің халқымыз бен елімізге саяси реформалар қажет.
- Төлен мырза, баршаға мәлім ғой: ҚДТ қозғалысы дүниеге келіп үлгермей, келесі күні-ақ жікке бөлінді, дәл сол сәтте қызметтерінде отырған жоғары лауазымды шенеуніктердің тобы қозғалыстан бөлініп шықты емес пе? Сол уақытта қоғамда және баспасөз құралдарында қызу талқыланғандай және Мұхтар Әбіләзовтің естеліктерінде жазылғандай, “ҚДТ” құрылтайшыларының ішінде ресми биліктің жансызы болыпты және қозғалыстың ішінен жік шығуына сол жансыз мұрындық болды. Ал “Ақ жол” партиясының да жікке бөлінуі демократтардың қатарында биліктің жансызы барлығын тағы да дәлелдеп бергендей болды.
- Жансыздың барлығын жалғыз Мұхтар Әбіләзов айтқан жоқ. Ол туралы марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы да айтты және ол тіпті Әлихан Байменовтың жансыз екенін оның бетіне айтқан болатын. Керек десеңіз, Алтынбек тіпті президенттің сөзін келтірді. Президент сөзбе-сөз “Мен онда Әлихан Байменовты жібердім. Ол менің "көзім" болады” деп айтыпты. Ия, ондай жансыздың болғаны рас.
Ал сауалыңыздың астарына келсек, менің ойымша, уақыты келгенде бәрі де мәлім болады. Барлық сауалға уақыттың өзі жауабын береді. Дәл қазір оны айтудың мезгілі емес.
- Жарайды, Төке, онда мен сұрағымды басқаша қояйын. Сол кезде тәуелсіз және оппозициялық басылымдар жарысып тұрып жазғандай, қозғалыстан бөлініп шыққан әлгі шенеуніктер сол қадамы арқылы өздерінің табанды 2 үзеңгілесі – Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әбіләзовті билікке қолма-қол ұстап берді және биліктің ол екеуін қатаң жазаға тартуына мүмкіндік берді.
- Сұрағыңызды түсіндім. Бірақ мен тағы да қайталап айтамын: барлығын да уақыт көрсетеді. Барлық сұраққа да уақыттың өзі жауабын береді.
Ал ҚДТ қозғалысының жікке бөліну себептеріне келсек... ҚДТ-ның сол кездегі құрылтайшылары бір күні жиналып, бәрін де саралайды. Менің ойымша, олар бір-біріне деген өкпе-наздарын, жіберген қателерін талдайтын уақыт келеді. Оның уақыты да ақыры келеді.
- Төлен мырза, сол жылдары, 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың басында бұқара халық сіздерге сенді, үмітпен қарады және сіздермен қиямет-қайымға дейін еріп баруға әзір тұрды деп ойладыңыздар ма? Дәл сол кезде уыстарыңызда Қазақстанның тарихын кері бұратын анық мүмкіндік болды, бірақ кейбір ҚДТ құрылтайшыларының сужүректілігінен сол мүмкіндікті уыстан шығарып алған жоқсыздар ма?
- Сіз тағы да менен дәп қазір жауап алғыңыз келіп отыр.
Тарихты күрт бұруға деген мүмкіндікке келсек, егер сен күреске білек сыбанып кіріскен екенсің, онда соңына дейін күрес, тұра қалып қашпа, -деп мен сол кезде де айтып жүрдім, қазір де сол ойымда қалдым. Ал ол кезде жай күрес емес, не өмір, не өлім үшін күрес болды...
- Жеке бастың қамы үшін емес қой...
- Әрине! Бірақ та қазір, арада 7 жыл өткен соң, бұл туралы айтуға болатын шығар деймін. Ол кезде шынымен де қалың ел бізге сенді, елдің алдыңғы қатары, тіпті алдыңғы қатары емес-ау, саясатқа құлағын түріп жүретін бөлігі, елде өзгеріс болатынын сезген бөлігі сенген болатын.
Ақиқатында да қозғалысты көрген халықтың еңсесі бір көтеріліп қалған еді. Сөз жоқ, талай адам, тіпті ондаған мың халық ҚДТ құрылтайшыларының алда оң өзгерістер болады деген сөздеріне шын жүрегімен нанып қалды.
- Төлен мырза, тағы бір маңызды мәселені аттап өте алмай отырмын. Сол кезде ҚДТ жетекшілерінің көбі билікке бір алданыш үмітпен қарайтыны, оның ішінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз істеріне жылы қабақпен қарайтынына сенетіні көзге оттай басылатын. Ең қызығы, оппозицияның жаңа серкелері өздерін саяси романтиканы бастан кешіп жүргендей сезетінін жұрт көріп отырды емес пе?
- Ия, расында да менің әріптестерім, оның ішінде өзім де болдым, президент Назарбаевқа алданыш сезіммен қарады. Шынымен де біз сол уақытта романтикаға тойып жүрдік. Өзіміз көтеріп жүрген игі мақсаттарымызға мейлінше тез жете қоямыз деп ойладық және Назарбаевтың соншалықты қатыгездікке баратынын түсінбедік.
Бүгін, әрине, ондай романтиканың иісі де қалған жоқ. Әлбетте бүгін Назарбаевқа сеніммен қараған алданыш сезім ғайып болған. Назарбаевтың билікке ақырғы сәтіне дейін жармасатыны айдан анық, ол билікті ешкімге де қолдан беріп қойып отырмайды. Өйткені, оның бар көксегені – билік!
- Төлен мырза, әңгімеңізге рахмет!