Ауғанстанда әйелге зорлық-зомбылық жасау жиі болатын оқиға. Өзіне бағынбаған әйелінің мұрны мен ернін кесіп тастаған нашақор ауғанның әрекеті елді тағы шулатты.
Бұл оқиға 2010 жылы «Time» журналының бірінші бетіне шыққан, мұрны кесілген "Аиша оқиғасын" еске түсіреді.
ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
Героинге тәуелді нашақор есірткіге ақша таппай қиналып жатқан. Әйелінен бағалы заттарын сатуды талап етеді, әйелі бас тартқан. Ашуға булыққан күйеуі оның мұрны мен ернін кесіп тастайды. Өлімнен қалған 30 жастағы Ситара күйеуі Азимнен неше түрлі қорлық көріп келгенін айтады.
Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясының Анжил ауданында тұратын Ситараны адамдар ессіз жатқан жерінен тауып алады. Қанға бөккен әйелдің мұрны мен ерні қасында, еденде жатыр екен. Әлгі адамдар Ситараны ауруханаға апарады, дәрігерлер оған көмек көрсетеді. Оқиға жергілікті және ұлттық БАҚ-тан айтылған соң ішкі істер министрлігі желтоқсанның 13-і күні қашып кеткен Азимді іздеуге кіріседі.
Билік өкілдері Азимді іздеп жатқанда Ситараның келбетін қалпына келтіру үміті пайда болды. Ауғанстанда пластикалық операция жасамайды, бірақ Ситара желтоқсанның 17-сі күні Түркияға аттанды. Әйел құқығы үшін күресетін ауғандық әйелдер тобы оны Кабул әуежайына дейін шығарып салып, қолдау көрсетті.
Ситараның басындағы жағдай ауған халқы үшін таңсық емес. Бұл елде әйелдерге зорлық-зомбылық жасау оқиғалары жиі болып тұрады. "Талибан" билігі келмеске кеткеннен бері әйелдер біршама жетістікке қол жеткізсе де, отбасында жәбір көру, мәжбүрлеп тұрмысқа беру қалыпты жағдай, қыздардың мектепке баруына және үйден тысқары жерде жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Әйелдер арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші әлем бойынша ең жоғары деңгейде тұр.
Ситараның кішкентай төрт баласы бұл сұмдық оқиғаға куәгер болған. Олар айғайлап, жылап көршілердің назарын аударған. Ситараның 14 жасар қызы Ферештаның айтуынша, әкесі бұрыннан есірткіге тәуелді, нашаға ақша таппаған кезде анасы мен оның сіңлілерін сабайтын болған. Ферешта желтоқсанның 15-і күні жергілікті телеарнаға «Анам ақша беруден бас тартқан сайын оны ұрып-соғатын» деп сұхбат берді.
Ауғанстанның адам құқықтары бойынша тәуелсіз комиссиясының төрағасы Сима Самар болған жағдайды «жабайылық» деп атады. Ол желтоқсаннның 16-сы күні Кабулда өткен баспасөз мәслихатында«Бұл - адамгершілікке қарсы жасалған қылмыс. Оның қашып кеткенін сылтау етпей, полиция бұл мәселеге барынша жауапты қарауға тиіс. Қылмыскер ұсталып, жазалансын» деді.
«ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ ДҰРЫС ҚОРҒАЛМАЙДЫ»
Полиция әзірге екі адамды тұтқындап отыр. Бірақ олардың аты-жөні анықталмады. Ситараның балалары өзі шетелде емделіп келгенше туыстарының үйінде тұрады. Қазір Ситараны емдеуге кететін қаржыны Ауғанстанның есірткіге қарсы күрес министрлігі мен бірнеше ауғандық үкіметтік емес ұйымдар аудармақ. Герат провинциясының губернаторы Сайед Файзулла Вахиди Ситара үйіне оралғанша оның балаларына қарасатынын айтып, уәде берді.
Герат тұрғындары әділдік талап етіп, бірнеше наразылық акциясын өткізді. Шерушілер әйелдерге қол көтерген адамдарды жазалай алмайтын үкіметті айыптап, үнсіз қалған дін қызметкерлерін сынады.
Әйелдер ісімен айналысатын провинциялық бөлім осы жылы әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың 180 оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.
БҰҰ-ның жаңа баяндамасында Ауғанстанда әйелдерге қол көтеру оқиғаларының көбейгені айтылады. Ұйым дерегі бойынша, өткен жылмен салыстырғанда әйелдерге зорлық-зомбылық жасау әрекеті 30 пайызға артқан.
Ауғанстан 2009 жылы әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға тыйым салған арнайы заң қабылдаған еді. Заңда кәмелет жасына толмаған балаларды некелестіру, белгілі бір келісімге келу мақсатында қыздарды сату немесе сатып алу, әйелге зорлық жасау сияқты жазалануы тиіс әрекеттер атап айтылған.
Бірақ БҰҰ баяндамасында осындай қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тарту өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға ғана артқаны көрсетілген.
Баяндамада «заң баяу, әрі ретсіз жүзеге асып жатыр» деп жазылған. БҰҰ «Шетел әскері мен миллиондаған доллар қаржының арқасында ауған әйелдерінің құқығын қорғау шаралары жасалған еді. 2014 жылы халықаралық күштер елден кетеді» дейді.
Ситара басынан кешкен оқиға Ауғанстандағы тұрмыстық қатігездікті бүкіл әлемге паш еткен басқа бір жағдаймен үндеседі. 2010 жылы америкалық «Time» журналында мұрны кесілген жасөспірім ауған қызының суреті жарияланған еді. Үйінен қашып кетпек болған Аишаны күйеуі сабап, мұрнын кесіп тастаған. Аиша АҚШ-та емделді, қазір сонда тұрып жатыр.
Фруд Бежанның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.