Крандағы қарсылық 7 күнге созылды
Бағжан Аязбекова мен келіні Гүлім Бабақова туыстары Азамат Аязбековті босатуды талап етіп, құрылыс кранының басында отыр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
Азамат Аязбековтің анасы Бағжан Аязбекова мен жұбайы Гүлім Бабақова туыстарының ісі ойдан құрастырылғанын айтады. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
Полицейлер Бағжан Аязбекова мен келіні Гүлім Бабақова шыққан кранның маңында жүр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
Құтқарушылар Бағжан Аязбекова мен Гүлім Бабақованы жерге түсіруге дайындалып жатыр. Астана, 4 маусым 2013 жыл.
Құтқарушылар Бағжан Аязбекова мен Гүлім Бабақованы жерге түсіруге дайындалып жатыр. Астана, 4 маусым 2013 жыл.
Бағжан Аязбекова (қызыл киімді) мен Гүлім Бабақова (оң жақта) краннан жерге түсірілді. Астана, 4 маусым 2013 жыл.
- Басым айналып тұр. Ана жақта жеті күн болған соң аяғымды баса алмай тұрмын. Қарнымыз ашты, ешкім дұрыстап тамақ әкелмеді. Жасым 53-те. Қан қысымым көп. Бірақ олар бізге жеті күнде екі рет қана тамақ берді. Аштан-аш, хабар-ошарсыз ұстады. Бірнеше ұялы телефон ала шыққан едік, сонымен сөйлестік, - дейді Бағжан Аязбекова Азаттық тілшісіне. Астана, 4 маусым 2013 жыл.
Бағжан Аязбекова (оң жақта) мен келіні Гүлім Бабақова (сол жақта) журналистерге бас прокуратураның жоғарғы сотқа берген қарсылығын көрсетіп тұр. Ол құжатта "Азамат Аязбековке байланысты сот актісі өзгертіліп, жаңа сот қарауына жіберілсін. Сот тексеру дұрыс болмай, сот заңды теріс қолданып, жазықсыз адам сотталыпты" деп жазылған. Астана, 4 маусым 2011 жыл.