Қаңтардың 21-і күні The Financial Times басылымы Солтүстік Африкада пайда болған жиһадшылар мәселесі туралы мақала басты.
The Financial Times («Файнэншл таймс») кейбір Батыс елдері басшыларының «Франция әскерінің Малидегі әрекеті мен Алжирдегі атыстан соң Солтүстік Африкада ислам жиһадшылары қайтадан күшейуі мүмкін» деп алаңдап отырғанын жазады.
Өткен апталарда Мали мен Алжирде террорлық әрекеттер болды. Малиде «Әл-Қаида» жергілікті қарулы топтармен бірігіп, елдің солтүстік аймақтарын жаулап алды. Осыдан соң Франция Малиге әскер кіргізді.
Францияның әскер кіргізгеніне наразы болған қарулы топтар өткен аптада Алжирдің шығысындағы газ кенішін басып алды. Өлгендер арасында 37 шетелдік азамат бар.
ЖИҺАДШЫҒА АШУЛАНҒАН КЭМЕРОН БЛЭРДІҢ ЖОЛЫНА ТҮСТІ МЕ?
Ұлыбритания премьер-министрі қаңтардың 18-і күні «Қазір Батыс елдері әлемде қайта күшейіп келе жатқан ислам жиһадшыларымен бетбе-бет келіп отыр. Бізге үлкен қауіп жақындап келеді» деп мәлімдеді.
Оның бұл сөзін мамандар Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің 2001 жылы қыркүйектің 11-і күні терроршылардың Нью-Йорктегі сауда орталығына шабуылынан кейін жасаған мәлімдемесіне ұқсатып отыр.
Кэмерон «Ұлыбритания үшін Солтүстік Африкадағы оқиғаларға белсенді араласатын кез келді» десе, тағы бір мәлімдемесінде «Африкадағы жиһадшылар мен осыдан он жыл бұрын Пәкістан мен Ауғанстанда пайда болған жиһадшылар арасында көп ұқсастық бар» деген.
Кэмеронның пікірінше, «жиһадшылармен қақтығыс бірнеше айларға емес, ондаған жылдарға созылып кетуі мүмкін».
Автордың ойынша, АҚШ қорғаныс министрі Леон Панеттаның пікірі біршама өзгеше. Леон Панетта «жиһадшылар өз қозғалысын әлемге таратпай тұрғанда, оларды Малидің ішінде-ақ басып тастау қажет» деген.
Автордың пайымдауынша, «АҚШ басшылары Солтүстік Африкадағы экстремистер жайлы пікірін өте сақтықпен білдірген».
Автор мақаласына New York Times («Нью-Йорк Таймс») газеті тілшісінің «Африкадағы «Әл-Қаида» мүшелері АҚШ-қа тікелей қауіп төндіріп тұр ма?» деген сұрағына АҚШ-тың Африкадағы әскери басшыларының бірі, генерал Картер Хэмнің «Жоқ, олай емес» деп жауап бергенін де қосқан.
«ЕУРОПАҒА ШАБУЫЛ ҚАЙДАН?»
2013 жылы қаңтардың 17-сі күні Алжирдегі газ кенішіне қарулы топ басып кіріп, жұмысшыларды кепілге алды. Полициямен арадағы атыстан ондаған адам қаза тапты. Осы оқиғадан соң Ұлыбритания басшылары «Африкадағы «Әл-Қаида» мүшелерінің белсенділігі артуы мүмкін. Бірақ олардың Еуропаға шабуыл ұйымдастыруы неғайбіл» деп мәлімдеген.
Батыстың кейбір барлау қызметтері Йемендегі «Әл-Қаида» мүшелерінен көп қауіп күтеді. Өйткені олар туралы «соңғы жылдары АҚШ нысандарына шабуыл жасауға дайындалып жүр» деген сөз шыққан.
Мақала авторының зерттеуінше, Ұлыбритания арнайы қызметтері Оңтүстік Азия мен Шығыс Африкадан шығатын жиһадшылардан көбірек қауіптенеді. Себебі Англияда ислам экстремистерімен байланыс орнатуы мүмкін деп саналатын Пәкістан мен Сомали азаматтары көп. Керісінше Англия мен Сахель (Солтүстік Африка мен Орталық Африканың арасындағы белдеу, бұл белдеуде Мали орналасқан) аймағын байланыстырып тұрған факторлар әлдеқайда аз.
Басылым «Ұлыбритания мен оның одақтастарының Малидегі Француз әскеріне қолдау көрсетуге бейіл екенін» ескертіп, «Ұлыбритания қазірдің өзінде Франция әскерін Малиге тасу үшін ұшақтарын беріп жатыр» деп жазады. Алайда АҚШ пен Ұлыбританияның қорғаныс министрі «әзірше Малиге әскер кіргізу жайлы жоспардың жоқ екенін» мәлімдеген.
«СИРИЯДА ҮШ МЫҢ САРБАЗ САЙЛАНЫП ЖАТЫР»
The Financial Times жиһадшыларға қатысты екінші бір мақаласында «АҚШ пен оның одақтастары «Әл-Қаида» жетекшісі Усама Бен Ладенді өлтірген кезде жиһадшылар енді бас көтермейтіндей, жеңілгендей көрінген еді. Алайда олар 18 ай өткенде қайта «тірілгендей» деп жазады.
Батыс елдерінің барлау қызметтері «Африкадағы «Әл-Қаида» мүшелерінің Малидегі жергілікті қылмыстық топтармен бірігіп, елдің солтүстігіндегі біраз жерлерді бақылауға алғанын» айтып, қауіптеніп отыр.
Автордың ойынша, «Франция үкіметі жиһадшылар әрекетін тоқтатуға еріксіз кіріскен». Бірақ жиһадшылар да Францияның осы ісіне қарымта ретінде Алжирдегі газ бекетіне шабуыл ұйымдастырған.
The Financial Times-тің дерегі бойынша, «Сириядағы «Джабхат әл-Нусра» жиһадшылар тобы Башар әл-Асад билігіне қарсы күрес бастаған». Ал Батыс барлау қызметтерінің мәліметі бойынша, олардың құрамында кем дегенде үш мың сарбаз бар. Асад режимі құлайтын болса, «Джабхат әл-Нусра» мүшелері бұл аймақта жаңа проблемалар туғызуы мүмкін.
«БҰЛ ЖОЛҒЫ КҮРЕС КҮРДЕЛІ БОЛМАҚ»
Батыс елдері олардан бөлек, Йемендегі «Әл-Қаида» мүшелерінен қауіптеніп отыр. Автордың пайымдауынша, АҚШ пен Еуропа елдері бұл қаупінің себебі бар. Өйткені Пәкістандағы жиһадшылардан гөрі, күрделі жарылғыш құрылғыларды жасай алатын Африка экстремистерімен күресу әлдақайда күрделі.
Біріншіден, Африкадағы жиһадшылардың АҚШ пен Еуропаға қаншалықты тікелей қауіп төндіріп тұрғанын дәл болжау қиын. Өткен аптадағы Алжирдегі террорлық актілер Батысты абыржытып тастады. Себебі бұл топтар қазір әлсіз болғанымен, болашақта Еуропа елдерінде террорлық әрекеттер ұйымдастыруды жоспарлауы әбден мүмкін.
Екіншіден, Батыс елдері осы топтың мүшелерін жиһадшылар деп айыптағанда асыра сілтеуге ұрынып, өздерін жеккөрінішті етіп алған. Көптеген жиһадшылар өздерін «Әл-Қаиданың» мүшесіміз деп жарияласа да, олардың «Әл-Қаидамен» тығыз байланысы туралы нақты дәлел жоқ.
Үшіншіден, АҚШ пен оның барлау қызметі өздерінің негізгі міндеті Африкадағы жаңа қарулы топтардың қарым-қабілеті мен күш-қуатын дәл бағамдау екенін түсінуі тиіс.
Автордың ойынша, «Францияның Малидегі әрекеті дұрыс. Жиһадшы топтармен күрескенде, Батыс проблеманы терең зерттеп, прагматикалық саясат ұстануы керек; жиһадшылар әрекетін тоқтату үшін сол аймақтағы жергілікті күштермен бірлесіп күресуі қажет».