Украина мен Польшада футболдан өтетін Еуропа чемионатына ұлттық құрамалар арнайы тігілген жаңа формалармен шығады.
Неміс тігін концерні Adidas Еуропа чемпионатына қатысатын алты команданы формамен қамтамасыз етті.
«БОГАТЫРЬЛАР»
Соңғы әлем чемпионатының финалына іліккен Испания мен Германия құрамалары биылғы алаңға осы компанияның киімімен шығады. Испания құрамасының формасы қызыл және көкшіл, ал немістердікі ақ және жасыл болады.
Ал Ресей мен Украина құрамасының формаларына бұл концерн өзгеше ою-өрнектер салды. Ресей құрамасының формасы орыс «богатырьларының» киіміне ұқсас тігіліпті. Яғни, иығы шығыңқы.
Украина командасының формасының дәл ортасында украин ұлттық оюлары бейнеленген. Қос команданың да формасында герб пен мемлекеттік ту атрибуттары бар.
Дания және Грекия құрамаларының формаларында көп өзгеріс жоқ. Дания қызыл және ақ, ал гректер көк және ақ киіммен алаңға шығады. Грекия киімінде осы ел туының жолақтары бар.
«ТАНГО-2012»
Ресейлік «Чемпионат» порталының мәлімдеуінше, Adidas Еуропа чемпионатына қатысатын алты құраманың әр ойыншысына 7 формадан тіккен. Яғни топтық кездесуден бастап, финалдық ойынға дейінгі аралықта футболшылар жаңа
Ресейлік «Ведомости» газетінің ақпаратына сүйенсек, Ресей құрамасы 2008 жылы бұл компаниямен келісімге отырып, 100 миллион АҚШ долларын төлепті. Ал Adidas компаниясы жыл сайын Ресей құрамасының формасын сатудан түскен қаржының бес пайызын Ресей футбол федерациясына беріп тұрады.
Германия құрамасы Adidas формасын 2018 жылға дейін киеді. Бұл концерн әр командамен келісім-шарт жасасқанда 10 жылдан артық мерзім ұсынып, олардан 100 миллион доллардан жоғары ақша сұрайды.
Биылғы Еуропа чемпионатының ресми добын да осы Adidas компаниясы дайындаған. Ол доп «Tango-2012» деп аталады. Алайда УЕФА мен Adidas бұл допты дайындау кезінде жасасқан келісімдері мен қаржылық шығындары туралы қандай да бір ақпарат берген жоқ. Еуропа чемпионатынан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының доптарын да осы концерн тігеді.
ЖОЛЫ БОЛҒЫШ PUMA
Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Зидан Италия командасының қорғаушысы Матерацциді баспен ұрып құлатуымен есте қалған 2006 жылғы әлем
Сәттілік әкелген Puma-мен Италия футбол федерациясы (ИФФ) келісім-шартты 2018 жылға дейін созды. Алайда ИФФ екі жақты келісімге қанша қаржы жұмсағаны жайлы ақпарат жоқ.
Чехия футболшыларының да киімін германиялық Puma тіккен.
Спорт комментаторы Есей Жеңісұлының айтуынша, биылғы Еуропа чемпионатына қатысатын командалардың формаларын ауыстыруы не естелікке беріп кетуі - алпауыт футбол державаларына ғана тән әдет.
- Командалардың формасында матч өтетін күн жазылып, екі елдің тулары немесе футбол
ҚАЗАҚСТАН: ЖАНКҮЙЕРГЕ ЕСТЕЛІК
Қазақстанда жанкүйерге естелік сыйлау дәстүрі қалыптаспаған. Бұл елдің ұлттық құрама ойыншылары тек ресми матчтарда (Әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу жарыстарында) ғана форма алмастыруға немесе киімдерін жанкүйерлерге сыйлауға құқылы.
- Біз ойыншыларға форманы тек ресми матчтарда ғана ауыстыруға рұқсат береміз.
Спорт комментаторы Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, 2008 жылы Лондонның «Уэмбли» стадионында өткен Қазақстан-Англия ойынында ұлттық құрама бапкері болған Бернд Шторк футболшыларға матчтан кейін форма ауыстыруға тыйым салыпты.
- Ойын алдында бұл туралы Қазақстан басылымдары жаппай жазды. Шторк егер футболшылардың бірі алаңда қандай да бір ағылшындық ойыншымен форма
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының формасын ағылшындық Umbro компаниясы дайындайды.
P.S. Бүгін назарларыңызға сегіз команданың жаңа киімін ұсындық. Алдағы күндері Еуропа чемпионатына қатысатын басқа командалардың формаларымен таныстырамыз.