WSJ басылымы маусымның 4-і күні Қытайдағы ұйғыр ұлтының қазіргі саяси ахуалы жайлы АҚШ-та тұратын, қуғындағы бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы Рәбия Қадырдың мақаласын басты. Рәбия Қадыр «Әлемдік демократия теріс бағытта дамып бара жатыр» дейді.
Рәбия Қадырдың WSJ-те ("Уолл Стрит Джорнал") шілденің 2-сінде басылған мақаласы «Бұл апта - америкалықтар үшін тәуелсіздік мерекесін тойлайтын уақыт. Бірақ Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі ұйғырлар үшін бұл - қаралы апта» деп басталады.
«ҮКІМЕТ ҚЫТАЙДАҒЫ ИСЛАМ АЙМАҒЫН ЖОЙҒЫСЫ КЕЛЕДІ»
2009 жылы шілденің 5-і күні Үрімжі қаласында бейбіт түрде басталған шерудің соңы қанды қақтығысқа ұласты. Рәбия Қадыр «Қытай билігі «197 адам қаза болды» деп хабарлағанымен, тәуелсіз ұйымдардың есебі бойынша, толқу кезінде құрбан болғандар саны одан әлдеқайда көп» дейді.
Мақала авторының жазуынша, «Полиция келесі күндері де мыңдаған ер адамды, тіпті жасы 12-ге толмаған жас балаларды да қамаған. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының зерттеуінше, 43 адам із-түзсіз жоғалған. Хабар-ошарсыз кеткендер одан да көп болуы мүмкін».
Рәбия Қадыр мақаласында «Бұл шеру не себепті қатігездікпен жаншылды?» деп сұрайды. «Қытай үкіметі мені бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы болғандықтан толқуды ұйымдастырды деп айыптады» дейді ол. Мақала авторы өзін кінәсіз санайды. Ол «бұл іске Қытай үкіметі жауапты» деп біледі.
Автордың пікірінше, Пекин ұйғырларды «жұмыс күші жетіспейді» деген сылтаумен мақсатты түрде Қытайдың басқа аймақтарына жұмысқа жібереді. Ал этникалық қытайларды Шыңжаң өлкесіне ішкі жақтан көшіріп әкеліп жатыр.
Рәбия Қадыр «Үрімжідегі толқуға Гуаньдун провинциясындағы төбелес түрткі болды. Шыңжаң өлкесі де бодан болған Тибеттің кебін кигелі ұйғырлар полиция тарапынан қысым көріп келеді. Мұнда адам құқықтарын таптау - қалыпты жайт. Сөз бостандығы шектелген, сырттан келетін ақпарат жолы жабылған» деп жазған.
Мақаладағы мәліметтерге қарағанда, Қытай үкіметі осы аймақтағы сақтық шараларын күшейткен. Кезекті толқудан қауіптенген билік өкілдері ауылдық жерден келген ұйғыр жұмысшылардың Үрімжіде уақытша тұруына тыйым салды. Полиция күдікті деген ұйғыр жастарын әр түрлі оқу орындарында әлі де тұтқындап жатыр.
Автордың пайымдауынша, Қытай үкіметі христиандар мен Фалунгун (Қытайдағы эзотерикалық ұйым – ред.) өкілдерін қудалап жатқандықтан, ұйғырлар тығыз қоныстанған ислам аймағын да жойып жібергісі келеді.
«ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСПЕН БҮРКЕМЕЛЕУ»
Рәбия Қадыр мақаласында өткен айда Қытай басшылары заңсыз деп таныған медреседе 12 жасар баланың қаза тапқанын дәлел ретінде келтіреді. «Ұйғырларға қысымды күшейте түсу үшін Қытай үкіметі нәсілшілдік әрекеттерін ислам экстремизміне қарсы күрес деген сылтаумен бүркемелейді» дейді ол.
Мақалада 2011 жылы «Пекиннің «Шыңжаңдағы жағдай тыныш, әрі қалыпты» деп мәлімдегені, арада екі апта өтпей полиция жасағының Қотан қаласында шерушілерге оқ атып, 14 адамды опат қылғаны» айтылған. Автор «Қытай үкіметінің қыспағы ұйғырлардың ашу-ызасын туғызып отыр. Олай болса, мұндағы бейбітшілік қарудың күшімен ғана сақталады» дейді.
Ұзақ жылдар Қытайдағы ұйғырлардың құқықтары үшін күресіп келе жатқан Рәбия Қадыр қысымды тоқтату үшін халықаралық күштердің араласуы қажет екенін айтқан. «Соңғы жылдары ғана халықаралық ұйымдар ұйғыр мәселесіне көңіл бөле бастады» дейді ол.
Рәбия Қадыр «Әлемдік демократия теріс бағытта дамып барады. Былтыр Жаңа Зеландия Қытаймен әскери одақтастығын күшейте түсті. Ал Израиль болса, Қытай үкіметін жаңа әскери технологиямен жабдықтады» деп өкініш білдірген.
Ұйғыр конгерісінің жетекшісі «Бұл әрекеттің бір де біреуі ұйғырдың заңды қарсылығын тоқтата алмайды. Бірақ біз әділетті саяси шешім үшін радикалды қадамдарға барып жатсақ, оны Қытай пайдаланып кетеді. Себебі Қытай өлкедегі этникалық және діни араздықты қоздыра түспек. Бассыздықпен күресіп жатқанына өзге әлемді сендіру үшін дүрбелеңді өз мүддесіне пайдаланады. Әлем осыны түсінсе екен» деп жазады.