Президент сайлауы қашан болмақ?

Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен оның орнына президенттікке тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесінде. Астана, 21 наурыз 2019 жыл.

AzattyqLIVE Қазақстан президентінің сайлауы, оның саяси, заңдық, қоғамдық қырларын талқылады. Хабар сарапшысы - бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев.

Қазақстан Конституциясында кезекті президент желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтетін тең және төте сайлау негізінде сайланатыны жазылған. Бұған қоса президенттің кезектен тыс сайлауы Қазақстан президентінің шешімімен тағайындалатыны, оның "конституциялық заң мен тәртіп негізінде жүзеге асатыны" да көрсетілген.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатып, парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшылығына тағайындалуы Қазақстан қоғамында "президент сайлауы қашан болады?" деген сұрақты туындатты.

Қазақстанда соңғы президент сайлауы 2015 жылы 26 сәуірде өтті. Ол кезектен тыс сайлау болды. Ал президент сайлауы Конституцияда көрсетілген мерзімінде тек бір рет – 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен. Қазақстанда бес рет президент сайлауы және бір рет мемлекет басшысының өкілетін созуға арналған референдум өтіп, барлығында Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен жеңіске жеткен.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті болып сайлануға кімнің құқы бар?

Президент сайлауы Конституцияда белгіленген тәртіппен - желтоқсанның бірінші жексенбісінде өте ме, әлде кезектен тыс сайлау жариялана ма? Оған қандай негіз бар? Бұл саяси науқан биыл бола ма, келесі жылға қала ма? Егер кезектен тыс сайлау жарияланса, тәртібі, реті қалай болмақ? Заңдық тұрғыда қайшылықтар туындамай ма?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде президент сайлауының өту мерзімі жайлы талқылауға осы тақырыпты зерттеп жүрген саяси сарапшы, бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев қатысты.

Тікелей эфир хабарының видеосы: