Қазақстанға қандай латын әліпбиі қажет?

Лингвист Жанат Аймағанов әзірлеген ABCnet жобасы.latin_alphabet/24

AzattyqLIVE хабарында Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова мен латын әліпбиінің өзіндік нұсқасын жасап ұсынушылардың бірі, филолог Арман Байқадам латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл сәуірде "2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс" деп мәлімдеген болатын. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы жылдың соңына дейін латын әліпбиінің нұсқасы дайындау үшін арнайы комиссия құрылғаны туралы айтқан.

"Биылғы жылы көңілге қонымды барлық әріпті қабылдау қажет. Бірнеше нұсқа әзірлеп, оны талқылаймыз. Содан кейін латынға көшу жұмыстарының жоспарын түзу керек", - деген министр.

Сонымен бірге Қазақстанда қоғамдық белсенділер, филолог ғалымдар өз бастамаларымен әзірлеген латын әліпбиінің бірнеше нұсқасын ұсынып, түрлі ой-пікірлерін ортаға салып жүр.

Латын әліпбиінің нұсқасы қандай болуы қажет? Латындағы 26 таңба аясындағы әліпби қажет пе, әлде қосымша таңбалар жасалғаны жөн бе? Таңбаларға ноқаттар, өзге қосымша белгілер енгізу дұрыс па? Дыбыстар дәл берілуі үшін нені ескерген жөн? Әліпби авторлары арасындағы басты принципті қайшылықтар неде?

AzattyqLIVE хабарына ​Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова мен латын әліпбиінің өзіндік нұсқасын жасап ұсынушылардың бірі, филолог Арман Байқадам қатысты.