Беларусьте "2011 жылы сәуір айында Минск метросында жарылысты ұйымдастырды" деп айыпталып, өлімі жазасына кесілген екі адамның бірі Владислав Ковалев атылды.
Үкімнің орындалғаны туралы анықтаманы Владислав Ковалевтің Витебск қаласында тұратын туыстары пошта арқылы алған.
Ковалевтің анасы, пошта жәшігінен хатты алып оқыған Любовь Ковалеваның сөйлесуге шамасы келмей, жылай берді.
- Хатты мамам пошта жәшігінен алды. Жоғарғы сот... 16 наурызда хат жазып...
Беларусь жоғарғы соты 2011 жылы 30 қарашада "Минск метросындағы жарылысты ұйымдастырды" деген айыппен Дмитрий Коноваловты, "сыбайлас болды" деген айыппен Владислав Ковалевті өлім жазасына кескен.
2011 жылы 11 сәуірде Минскідегі «Октябрь» метро станциясында болған жарылыстан 15 адам көз жұмып, үш жүздей адам жараланған еді.
Айыпталушылар өткен жылы 7 желтоқсанда ел президенті Александр Лукашенкоға хат жазып, кешірім жасауын өтінді - бірақ президент ол өтінішті орындаудан бас тартқан.
Ковалевтің анасы Любовь Ковалева жуықта ел президенті Александр Лукашенкоға
Президент Александр Лукашенко наурыздың 14-і күні Владислав Ковалевті де, метродағы жарылыс бойынша өлім жазасына кесілген екінші адам Дмитрий Коноваловты да ақтаудан бас тартты.
Ковалевтің анасы наурыздың 16-сы күні адвокаты арқылы арыз жазып, ұлының КГБ абақтысында да, ішкі істер министрлігі түрмесінде жоқ екенін айтып, оның қайда отырғанын хабарлауды өтінген. Бірақ жергілікті мекеме арызды қабылдаудан бас тартып, жоғарғы соттан сұрау керегін мәлімдеген.
Еуропарламент осы аптада Беларусь президенті Александр Лукашенкоға хат жолдап, өлім жазасына кесілген адамдардың жазасын жеңілдетуді кеңес еткен. Резолюцияда Владислав Ковалев пен Дмитрий Коноваловты тергеу барысында көптеген қателік кеткені де жазылған.
Құқық қорғаушылар да тергеу мен сот барысында көптеген қисынсыз деректер бар екенін айтып, "кінәсіз адамдар жазаланбауы үшін істі қайта қарау керек" деген еді.
ЕУРОПАДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ «ЖАЗАЛАУШЫ»
Беларусь - Еуропадағы өлім жазасын қолданатын жалғыз ел. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының дерегінше, 1991 жылдан бері Беларусьте
Amnesty International ұйымының 2010 жылғы мәліметінше, әлемде 17 мың 800 адам өлім жазасына кесілген. Бұл үкімді жиі қолданатын - Азиядағы мемлекеттер (Қытай, Иран, Сауд Арабисы, Иемен). Ұйымның айтуынша, тек Қытайдың өзі сол жылы мыңға тарта адамға осындай үкім шығарған.
Өлім жазасын қолданудан дүние жүзінің 139 ел біржолата бас тартты. Соңғы 10 жылда 31 мемлекет мұндай үкімді заңдарынан алып тастады не қолданбайтын болды.
Бұрын СССР құрамында болған елдердің арасынан Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салды. Қазақстан, Тәжікстан және Ресей мұндай үкім шығару мен оны орындауға мораторий жариялады.