Орталық Азия елдерінде Жеңіс күні қарсаңында Георгий лентасы таратыла бастады. Жергілікті тұрғындардың кейбірі бұл лентаны Ресей басқыншылығының символы санайды.
Әулие Георгий лентасы - империялық және советтік Ресейдің әскери символы. Қазір оны Жеңіс күні қарсаңында кейбір Орталық Азия елдерінде саясатқа қатысы жоқ деген желеумен таратып жатыр.
ГЕОРГИЙ ЛЕНТАСЫ ЖЕҢІСТІҢ ҒАНА БЕЛГІСІ МЕ?
Бірақ бұл лента Украинадағы Ресейдің сепаратистік әрекетін бейнелейтін символға айналғандықтан оған наразылар да бар. Өзбекстан астанасы Ташкенттегі Ресей елшілігі сарғыш-қара лентаны мамырдың 9-ы – Жеңіс күні қарсаңында тарата бастады.
Азаттықтың Өзбек қызметі тілшісі сәуірдің 23-і күні елшілік маңынан өткен ташкенттіктердің көбі лентаны алмай кеткенін байқады. Ресей елшілігінің өкілі Азаттыққа «Георгий лентасын алғандар туралы есеп жүргізген жоқпыз» деді.
Тәжікстан астанасында лентаны ресейлік «Еуразиялық зерттеулер институты» үкіметтік емес ұйымы таратып жатыр. Ұйым Азаттықтың Тәжік қызметіне 150 мектеп оқушысының «Бәрі де есімізде!» деген ұранмен лента таратуға көмектескенін айтты.
Ал Қырғызстанның шекара қызметі Георгий лентасы эстафетасын Тәжікстан шекарасынан бастады. Лента мамырдың 9-ы күні Мәскеудегі Қызыл алаңға жеткізіліп, сол жерде үш ардагердің қолына тапсырылады.
ВИДЕО: Қырғызстандағы эстафета
«ШОВИНИЗМДІ ҚҰРМЕТТЕЙ АЛМАЙМЫЗ»
Георгий лентасын соңғы жылдары Ресей президенті Владимир Путин насихаттауға кірісті. Совет Одағы құлағаннан бері аздап ұмытыла бастаған лента қазір патриотизм символы ретінде қайта тірілді.
2005 жылы «РИА-Новости» агенттігі журналистері мен «Студенттер қауымы» аталатын ұйым Жеңіс күні қарсаңында лента тарату кампаниясын бастады. «РИА-Новости» таратылып, кейін «Россия сегодня» деген жаңа атаумен қайта құрылса да, лента тарату науқаны жалғасып келеді.
Украинадағы Ресей әрекетін жақтаушылар Қырымға жасалған басқыншылықты қолдап, Украинаның жаңа үкіметіне қарсы екендерін білдіру үшін осы лентаны пайдаланды. Бұл лентаны көптеген Ресей депутаттары да кеудесіне тағып алды, Шығыс Украинадағы ресейшіл белсенділер де солай етті.
Ресейдің Украинадағы әрекеті Орталық Азия елдерін геосаяси тұрғыда әрі-сәрі етіп қойғандай. Путиннің «барлық орыстілділерді қорғау» туралы мәлімдемесінен кейін этникалық орыстар тұратын бұл республикалардың басшылары Мәскеумен араздасуды қаламайды.
Ал бұл елдердің жергілікті тұрғындарының Георгий лентасына деген көзқарасы басқаша. Тәжік журналисі Сафват Бурхонов Азаттыққа «Георгий лентасы – Ресей басқыншылығының белгісі» деп мәлімдеді.
«Ресей осылай өзінің күшін көрсетіп отыр. Себебі НАТО әскерлері Ауғанстаннан шығады. Екіншіден, Ресейдің әлемдегі ықпалы азайды. Сондықтан Орталық Азиядағы ықпалын арттыру үшін түрлі шараларды іске асырмақ. Оның үстіне, Тәжікстанда Ресейдің әскери базасы бар» дейді ол.
Өзбекстан астанасы Ташкентте тұратын Жахонгир ака Шосалимов: «Украинадағы дағдарыс өзбек қоғамын Ресейге күмәнмен қарауға мәжбүр етті. Біз Ресей халқын құрметтейміз. Ресейге шексіз махаббатпен қараймыз. Бірақ олардың шовинизмін құрметтей алмаймыз. Олар өз мүддесін Өзбекстанның мүддесінен жоғары қоймасын. Егер орыс ұлтшылдығы мен шовинизмі болмаса, біз де оларды қолдар едік» дейді Азаттыққа.
(Люк Джонсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)

Your browser doesn’t support HTML5