Accessibility links

Шығыс Украинаның ресейшіл қалалары


Мариупольдегі ресейшілдердің жергілікті әкімдік ғимаратына шабуылы. Украина, 13 сәуір 2014 жыл.
Мариупольдегі ресейшілдердің жергілікті әкімдік ғимаратына шабуылы. Украина, 13 сәуір 2014 жыл.

Шығыс Украина қалаларындағы әкімдік ғимараттарын басып алған ресейшіл күштер биліктің талабы бойынша оларды сәуірдің 14-і күні босатуы тиіс еді. Бірақ ахуал күрделене түсті.

Азаттық тілшісі Шығыс Украинадағы қақтығыс ошақтарын шолып шықты.

СЛАВЯНСК

Славянск полициясының штаб-пәтерінде Ресей туы тігіліп тұр. Бетперде киген адамдар ғимарат алдына құм толы қаптарды үйіп, тосқауыл жасап қойған. Ресейшіл күштер мемлекеттік күзет қызметінің кеңсесін де басып алды.

Жергілікті БАҚ камуфляж киген қарулы адамдардың сәуірдің 14-і күні таңертең әкімдікке басып кіргенін айтады. Сепаратистер «қала мэрі қашып кеткен соң, Вячеслав Пономарев деген адамның билікті қолына алғанын» мәлімдеді. Өзін «Микола» деп таныстырған ресейшіл күштердің ұйымдастырушысы «Интерфакс» агенттігіне жауынгерлерінің «қырағы» екенін, «соңғы сәтке дейін шайқасатындарын» айтты.

Славянск қаласындағы оқиғаны мына видеодан көре аласыз:
Сепаратистер Славянск әкімдігінің ғимаратын басып алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

100 мың тұрғыны бар көмір өндіретін қаладағы мектептер мен колледждер уақытша жабылды. Ата-аналарға балаларын үйден шығармау туралы ескертілді.

Сәуірдің 13-і күні Украина арнайы жасақтары ресейшіл күштермен атысқан еді. Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Facebook парақшасына «Ұрыс кезінде мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бір офицері қаза тауып, бесеуі жараланғанын» жазды. Оның айтуынша, екі жақта да опат болғандар мен жараланғандар бар.

ЛУГАНСК

Сәуірдің 14-і күні бірнеше жүз адам қалалық әкімдік алдына жиналды. Әкімдік қызметкерлері басқа жаққа көшірілді. Ресейшіл наразылар аудан басшыларына «беріліңдер» деген шарт қойды. Жергілікті журналистер наразылар арасында казактар мен бетперде тағып, камуфляж киген адамдардың болғанын айтады. Бұл топтың ішінде жергілікті коммунист депутаттар да жүрген. Ал «Еуромайдан» шерушілері Украинаның тұтастығы үшін шеруге шықты.
Луганскідегі қақтығыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:54 0:00


ГОРЛОВКА

Ресейшіл белсенділер жергілікті полиция ғимаратын басып алып, «Донецк халық республикасы» деген жалау көтерді. Олар қала әкімдігін де басып алды.

Сәуірдің 14-і күнгі ол оқиғаны мына жерден көре аласыз:
Горловка полициясының ғимаратын басып алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

Ресейшілдер жергілікті полиция бастығы орынбасарын ұстап алып Донецкіге әкеткен.
ДОНЕЦК

Ресейшіл күштердің шегінетін түрі жоқ. Олар аймақтағы әкімдік ғимаратын басып алып, «Донецк халық республикасы» деген ту көтерді. Сәуірдің 12-сі күні әскери киім киген жүздеген адам полицияның штаб-пәтерін басып алып, полиция бастығын қызметінен кетуге мәжбүр етті.

ХАРЬКОВ

Сәуірдің 13-і күні ресейшіл шерушілер украиналық белсенділермен қақтығысып, 50 шақты адам жараланды. Полицияның айтуынша, 10 адам ауруханаға түскен.

ЗАПОРОЖЬЕ

Сәуірдің 13-і күні шамамен 3 мың украинашыл шеруші көшеге шығып, ресейшілдермен қақтығысты. Украиналықтар өздерін қоршап алған қарсыластарына бірнеше сағат бойы ұн, жұмыртқа лақтырып, сүт шашқан.

КРАМАТОРСК

Ресейшіл әскерилер сәуірдің 13-і күні полицияның штаб-пәтерін басып алды.

Мына видеоға шабуылдың жақсы ұйымдастырылғаны, 20 шақты адамның әскери форма киіп, автоматтан оқ атқаны түсірілген:
Краматорск полициясы ғимаратын басып алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

МАРИУПОЛЬ

Мұндағы әкімдікті бетперде киген қарулы адамдар басып алды. Ресейшіл күштер ғимарат алдына тосқауыл құрып, төбесіне Ресей туын іліп қойды. Мариуполь – Ресей шекарасынан небәрі 50 шақырым жердегі қала.

МАКЕЕВКА

Өнеркәсібі дамыған бұл қалада да сепаратистер бірнеше ғимаратты басып алған. Куәгерлердің айтуынша, «олар күш қолданбаған».

Мұндағы оқиғаны мына видеодан көре аласыз:
Макеевка әкімдігін басып алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00


ДРУЖКОВКА

Сепаратистер аудандық әкімдік ғимаратын басып алды.

ЕНАКИЕВО

Бұндағы үш ғимарат: қала кеңесі және прокуратура ғимараттары, жергілікті полицияның штаб-пәтері сепаратистер қолына өтті.

ХАРЦЫЗСК

Бұл қалада да сепаратистер жергілікті билікке қарасты ғимараттарды басып алған.

(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)
XS
SM
MD
LG