Украина ішкі істер министрі міндетін атқарушы Арсен Аваков ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігі күштері елдің шығыс өңірінде болып жатқан оқиғаларға «жауап берудің жедел жоспарын атқарып жатқаны» туралы мәлімдеді.
Краматорск қаласында қарулы адамдар тобы қауіпсіздік күштеріне оқ атып, жергілікті милиция бөлімін басып алған. Reuters агенттігі журналистері түсірген видеода көбі бетперде тағып алған қарулы адамдардың әуелі милиция кеңсесінің сырт жағында автоматты қарудан оқ атып, кейін ғимаратты басып алғаны бейнеленген.
Бұның алдында, сәуірдің 12-і күні ресейшіл күштер Славянск, Донецкі мен Красный Лиманда милиция бөлімдері мен үкімет кеңселерін шабуып жасап басып алған еді.
Славянскіде милиция бөлімін басып алу
Донецкі облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Константин Пожидаев 12 сәуірде қызметінен отставкаға кететіні туралы мәлімдеді. Өз айтуынша, бұндай шешім қабылдауға оны ресейшіл белсенділер мәжбүр еткен.
Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов сенбі күні мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Донецкі облысындағы басқармасы бастығы Валерий Ивановты қызметінен босатты.
Сол күні кешке Киевте Турчиновтың басқаруымен елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төтенше отырысы өтті. Жабық есік жағдайында «елдің шығысындағы ахуалды реттеу мәселелері қаралған» жиында нақты қандай шешім қабылданғаны ресми ақпаратта айтылмайды.
Жергілікті баспасөз құралдары кеңесте елдің шығысында төтенше жағдай жариялау мүмкіндігі туралы мәселе талқыланғаны жайлы хабарлады.
Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сөйлескен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров егер Киев Украинаның оңтүстік-шығысында билікке талап қойып жатқандарға күш қолданатын болса, ол келесі аптада Женевада төртжақты кездесу өткізуге кедергі болатынын ескерткен.
«Ел тағдырына жауапкершілікті мойнына алуға Киевтің қауқарсыздығы көрініп отыр» деп мәлімдеген Лавров.
Ресей сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде Украинаның шығысында болып жатқан оқиғаларды «арандатудағы» Ресейдің рөліне қатысты Джон Керридің алаңдаушылық білдіргені айтылған.
Осыған дейінгі уағдаластық бойынша, АҚШ, Еуропа Одағы, Ресей және Украинаның қатысуымен сәуірдің 17-і күні Женевада Украинадағы дағдарысты реттеу жөнінде кездесу өткізу жоспарланған еді.
Бұған дейін Украина сыртқы істер министрі міндетін атққарушы Андрей Дещица Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа телефон арқылы сөйлескенде Мәскеу «Украинаның шығыс аймағындағы ресейлік агенттердің арандатушылық іс-әрекеттерін тоқтатуы керек» деп айтқан еді.