Қытайдың Ащылы ауылында басталған қисса жаттау өнері бұл күнде осы елдегі қазақ мектептерінде оқытылатын сабақтардың біріне айналып бара жатыр.
Бұған дейін Қытайдың Алтай аймағы Көктоғай ауданы оқушылары «Қаражорға» биін мектеп биі ретінде қабылдап, кейін Шыңжаң өлкесіндегі қазақ мектептері түгел осы биді әр екі сағат сайын болатын дене шынықтыру сабағында билеп тұруды үрдіс еткен.
Енді Санжы дүнген автономиялы аймағына қарасты Ащылы ауылдық орта мектебінен бастау алған «Қазақ балаларының өлеңді жаттап айтуы» сабағы Қытайдағы басқа да қазақ мектептерінде де оқытылып жатыр.
ҚИССА СЫНЫБЫНДА – ҚЫРЫҚ БАЛА
Ащылы ауылдық №2 орта мектебі директорының орынбасары Қанатхан Әбілғалиұлы Қытай еліндегі орта білім беретін мектептерде сабақ үш дәрежеде (мемлекеттік сабақ, жергілікті сабақ және мектеп сабағы) жүргізілетінін айтты. Қанатхан Әбілғалиұлының айтуынша, мемлекеттік сабақ – республика мектептерінде жаппай оқытылатын пәндер. Ал жергілікті сабақтың кестесін
аймақтық оқу-ағарту бөлімінің өкілдері бекітетін көрінеді. Үшінші дәрежелі, яғни мектеп сабағын мектеп өз мүмкіншілігіне қарай бейімдеп оқытады екен.
– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз мектепте «Қазақ балаларының өлеңдерді жаттап айтуы», «Жас түлек» ақындар айтысы» және «Домбыра үйрену» пәндерін ұйымдастырып отырмыз, – деді мектеп директорының орынбасары Қанатхан Әбілғалиұлы.
Қанатхан мырзаның айтқанынан түсінгеніміз, «2008 жылдан бері қолға алынып келе жатқан бұл іс-қимылдың арқасында оқушылар қысқа өлеңдерді қойып, ұзақ-сонар дастандарды жатқа айтатын деңгейге жеткен».
– Мектебімізде 670 бала оқиды. Соның қырыққа жуығы аптасына бір рет қисса сыныбына келіп дәріс алады. Қазір оқушыларымыздың алды «Қобыланды батыр» секілді жырларды жатқа айтатын дәрежеге жетті, – деді Қанатхан Әбілғалиұлы.
11 ЖАСАР ҚИССАШЫ
Қобыланды батыр жырын жатқа айтатын оқушылардың бірі – Қуаныш Елеуұлы. «Үйдің кенжесі екенін, өзіне дейінгі төрт апайының ұзатылып кеткенін» айтқан Қуаныш:
– Әкем мен шешем тауда мал бағады. Мен жатақханада тұрып оқимын. Жасым 11-де, – дейді.
Қуаныштан «Қандай-қандай қиссаларды жатқа білесің?» деп сұраған едік:
– «Қобыланды батыр» мен «Шолақ қол қатын» дастанын жатқа айтамын, «Бақтағай»
мен «Ғазезжанды» жартылай білемін, – деді.
Қуаныш болашақта ақын болғысы келетінін, қазір мектептегі айтыстарға қатысып жүргенін, сондай-ақ күй де тартатынын айтты.
Мектеп директорының орынбасары Қанатхан Әбілғалиұлының сөзіне қарағанда, Қуаныш кішкентайынан-ақ өлеңге құмар болыпты.
– Әке-шешесі орталықтан жырақ, осыдан 90 шақырым жерде, тауда мал бағып жүрсе де, балаларының қабілетін аңғарып, жастайынан өлең жаттатқан екен. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақ балаларының өлеңдерді жаттап айтуы» атты оқулығымды құрастырып, өлең-жырға бейімі бар балаларды ұйымдастырып баулып жүргенімде екінші сыныпта оқитын кішкентай бала келді. Сыныптағы ең кішкентайы болғанымен араға екі жыл салып, ең үздік оқушыға айналды. Қазір «Бала ақындарды тәрбиелеу» сыныбында оқиды. Ақындық қабілетімен де көзге түсіп жүр, – деді Қанатхан Әбілғалиұлы.
«ӨТКЕНІН ЕСІНЕ ТҮСІРУ ҮШІН АШЫП ОТЫРМЫЗ»
Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, оқушылардың арасында сауалнама жүргізіп, сол сауалнаманың нәтижесінде ынтасы бар балаларды қисса сыныбына іріктеп алады. Ол балалар Қытайдағы Шыңжаң халық баспасы, Ұлттар баспасы, Іле баспасында, «Нұра» журналында басылып шыққан қисса-дастандарды жаттайды.
Балаларды ынталандыру үшін үздік оқушыларға осы баспалардан шыққан кітаптарды сыйға тартып отырады екен.
– Ұлттық мәдениетті жандандыру, өз ұлтын тану және өткенін есіне түсіру негізінде ашып отырмыз бұл сыныптарды. Егер қазір қисса сыныбында қырықтың үстінде бала оқып жатса, бұл – осы еңбегіміздің өнімі, – дейді Қанатхан Әбілғалиұлы.
Ол кісінің айтуынша Санжы дүнген автономиялы аймағының Ащылы ауылынан бастау алған бұл үрдіс қазір Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарында жалғасып жатыр.