Автономия құруды ұйғарған мәжіліс Қырым татарларының ұлттық мәртебесін анықтайтын референдум өткізбек. Референдумда нақты қандай сұрақ қойылатыны әзірге мәлім емес.
Қырым татарларының ұлттық референдумын өткізу туралы мәселе сәуірдің 15-іне дейін шешілуі тиіс. Бұл туралы Азаттыққа Қырым татарлары мәжілісі (ресми емес парламент) төрағасының орынбасары Нариман Желал хабарлады.
Қырым татарлары жетекшілерінің бірі Мұстафа Жемилев БҰҰ-да сөйлеген сөзінде наурыздың 16-сы күні Қырымда болған референдумды «ақылға сыймайтын, әрі арсыздықпен өткізілген референдум» деп атады.
Ал наурыздың 29-ы күні Бақшасарай қаласында өткен құрылтайда меджлис басшысы Рефат Чубаров Қырым татарлары автономиясын құру туралы шешімді жариялады. Чубаровтың түсіндіруінше, Ресей Федерациясының конституциясы мен Ресей субъектілерінің аймақтық заңдарымен танысып шыққан соң Қырым татарлары өзін өзі билеу құқығын талап етуді ұйғарған.
Қырым татарларының автономияны қай елдің құрамында құрғысы келетінін және шекарасы қандай болатынын Чубаров айтқан жоқ. Ол «автономия құру талабымызды іске асыру үшін халықаралық құқық нормаларына сүйенеміз» деп мәлімдеді. Мәжіліс бұл мәселе бойынша Ресей және Украинамен, БҰҰ, Еуропа кеңесі, ЕҚЫҰ сияқты ұйымдармен келіссөздер жүргізбек.
Бақшасарай қаласында өткен құрылтайға Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин және Татарстан президенті Рустам Минниханов қатысты. Ол барлық мәселелерді талқылау үшін Қырым татарлары жетекшілерінің Ресей басшылығымен кездесуіне көмектесуге уәде еткен. Равиль Гайнутдинов «Қырым татарлары Қырымдағы жағдайды ушықтырмайды» деп сенеді. Бірақ оның айтуынша, «қырым татарлары жер телімдеріне иелік ету құқықтары заңдастырылып, діни ғимараттарды қайтарып алу сияқты проблемалары шешіледі деп үміттенеді».
Мәжіліс төрағасының орынбасары Нариман Желал Азаттыққа «Қырым татарлары өзін өзі басқару мәселесіне» қатысты ойларын айтты.
– Қазір Қырым татарлары өз еркінен тыс қиын жағдайға тап болып отыр. Қырымдағы қазіргі жағдайға байланысты отандастарымызды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқығын қорғау үшін ішкі ой-пікірлеріміз бен саяси ұстанымдарымызға қайшы шешімдер қабылдауға мәжбүрміз. Қазір Украина Қырым аумағына қатысты әлдебір шешімдерін Ресейдің келісімінсіз іске асыра алмайтын болып қалды. Осы күрделі жағдайды ескере отырып және ұзақ әрі қызу таластардан кейін біз Қырым үкіметінің құрамына өз өкілдерімізді кіргізу туралы шешім қабылдадық. Біздің отандастарымыз Қырым үкіметі құрамына енетін өкілдеріміздің мәжіліске онша қатысы жоқ бейтарап ұстанымдағы адамдар болғанын қалады. Біз олардың бұл талабын шамамыз келгенше орындадық. Қырым үкіметі төрағасының орынбасары қызметіне Ресей азаматы, белгілі бизнесмен, меценат, Қырым татарларының АТР телеарнасының қожайыны Ленур Ислямовты ұсындық. Тағы бір орынға Қырым татарлары мәжілісі төрағасының орынбасары Заур Смирновты жібердік, - дейді ол.
Азаттықтың «Қырым татарлары арасында өтетін ұлттық референдумда қандай мәселе көтеріледі?» деген сұрағына Нариман Желал:
– Референдум тақырыбын ойластырып жатырмыз. Сәуірдің 1-і күні мәжіліс отырысын өткізіп, кадр мәселесіне қатысты түпкілікті шешім қабылдадық. Айтпақшы, оған «бұл шешіміміз Қырымда біздің еркімізден тыс болып жатқан өзгерістерді мойындаймыз дегенді білдірмейді» деген тармақ қостық. Мәжіліс мүшелерінен екі жұмыс тобын құрдық. Оның бірі Қырым татарларының өзін өзі билеу құқығын және олардың жалпы құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ресей, Украина, Қырымның заң актілеріне ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Ал екінші топ референдум өткізуге қатысты ұсыныстарды даярлайды. Әзірше екі топ жұмыс істеп жатыр, референдумға қатысты нақты ештеңе айта алмаймыз, - деді.
Азаттық тілшісі оған: «Қырымның басшылық органдарына Қырым татарларының енуі туралы келіссөздерге Татарстан басшысы Рустам Минниханов белсенді түрде қатысты. Оның Қырымдағы жағдайға араласуын заңды деп санайсыз ба?» деген сауал қойған еді.
– Қырымға үш мәрте келген Рустам Минниханов кейін Владимир Путинмен кездесті. Татарстан билігі мен дінбасыларының басқа да көптеген өкілдері келіп кетті. Өзіміздің бастамамызбен шақырған Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдиннің келуі біз үшін маңызды болды. Қырым татарлары мен Татарстанда тұратын татарлардың арасында алыс ағайындық болмаса, жақын туыстық жоқ. Бірақ Қазан татарлары бізді бауырлас халық деп таныса, одан жамандық көрмейміз. Алайда біз Ресей мен оның кейбір субъектілерінің әрекеттері мен шешімдерінің қандай астары барын жақсы түсініп отырмыз. Меніңше, олар әуелі өз мүддесін көздейді, бірақ кейбір шешімдерінің Қырым татарларына көмегі тиіп жатса, қарсы болмаймыз, - деді Нариман Джелял.
Ал жергілікті журналист Дилявер Осман Ресей азаматтығын алғысы келмейтін Қырым татарлары көпшіліктің ырқына бағынуға мәжбүр деп санайды.
– Қырымда өткен референдумға Қырым татарларының көбінің қатыспағанын ескере отырып, олардың қай елдің құрамында болғысы келетіндерін және қандай мәртебе иеленуді көздейтінін болжауға болады. Референдумға қатыспау арқылы олар емеурін білдіріп отыр, енді мына референдум арқылы нақты жауаптарын беріп қалар, - дейді ол.
Азаттықтың «Қырым татарлары референдум арқылы Ресей құрамында өмір сүруден бас тартты делік. Ары қарай не істемек ойлары бар?» деген сұрағына журналист:
– Егер бұл мәселенің түйіні Қырым татарларының қолында болса, оңай шешілер еді. Өкініштісі сол, қазір көп мәселелер көпшіліктің құқығы тұрғысынан шешіліп жатыр. Ал Қырым халқының басым бөлігі – орыстілділер. Қазір көп мәселелер көпшілік дауыспен шешілетіндіктен, Қырым татарларының шешімі өздері үшін ғана маңызды. Бірақ референдум нәтижесі Ресей мен Украина елдеріне және халықаралық ұйымдарға айқын сигнал болмақ, - деп жауап берді.
Ресей Қырым қалаларын қамқорлыққа алу туралы шешім қабылдады. Қырым премьері Сергей Аксеновтің сөзіне сілтеме жасаған «Қырыминформ» агенттігінің хабарлауынша, түбектегі әр қала мен ауданға Ресейдің бір-бір патронат субъектісі бекітілмек. Мысалы, Қырымның Бақшасарай қаласына Татарстан қамқорлық етсе, Мәскеу – Севастопольге, Санкт-Петербург – Симферопольге, Краснодар өлкесі - Керчьке, Түмен облысы - Черноморск қаласына, Башқұртстан - Белогорск ауданына, Ленинград облысы - Симферополь ауданына, Липецк облысы Красноперекоп ауданына қарайласады деп жоспарланған. Қырымдағы қалалар мен аудандарға бұл субъектілердің нақты қандай көмек көрсететіні хабарланбады. Бірақ бұл шефтік қолдау Ресей басшылығы талай мәлімдеген гуманитарлық көмек түрінде болуы мүмкін.
(Мақала авторы - Азаттық тілшісі Любовь Чижова).
Қырым татарлары жетекшілерінің бірі Мұстафа Жемилев БҰҰ-да сөйлеген сөзінде наурыздың 16-сы күні Қырымда болған референдумды «ақылға сыймайтын, әрі арсыздықпен өткізілген референдум» деп атады.
Ал наурыздың 29-ы күні Бақшасарай қаласында өткен құрылтайда меджлис басшысы Рефат Чубаров Қырым татарлары автономиясын құру туралы шешімді жариялады. Чубаровтың түсіндіруінше, Ресей Федерациясының конституциясы мен Ресей субъектілерінің аймақтық заңдарымен танысып шыққан соң Қырым татарлары өзін өзі билеу құқығын талап етуді ұйғарған.
Қырым татарларының автономияны қай елдің құрамында құрғысы келетінін және шекарасы қандай болатынын Чубаров айтқан жоқ. Ол «автономия құру талабымызды іске асыру үшін халықаралық құқық нормаларына сүйенеміз» деп мәлімдеді. Мәжіліс бұл мәселе бойынша Ресей және Украинамен, БҰҰ, Еуропа кеңесі, ЕҚЫҰ сияқты ұйымдармен келіссөздер жүргізбек.
Бақшасарай қаласында өткен құрылтайға Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин және Татарстан президенті Рустам Минниханов қатысты. Ол барлық мәселелерді талқылау үшін Қырым татарлары жетекшілерінің Ресей басшылығымен кездесуіне көмектесуге уәде еткен. Равиль Гайнутдинов «Қырым татарлары Қырымдағы жағдайды ушықтырмайды» деп сенеді. Бірақ оның айтуынша, «қырым татарлары жер телімдеріне иелік ету құқықтары заңдастырылып, діни ғимараттарды қайтарып алу сияқты проблемалары шешіледі деп үміттенеді».
– Қазір Қырым татарлары өз еркінен тыс қиын жағдайға тап болып отыр. Қырымдағы қазіргі жағдайға байланысты отандастарымызды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқығын қорғау үшін ішкі ой-пікірлеріміз бен саяси ұстанымдарымызға қайшы шешімдер қабылдауға мәжбүрміз. Қазір Украина Қырым аумағына қатысты әлдебір шешімдерін Ресейдің келісімінсіз іске асыра алмайтын болып қалды. Осы күрделі жағдайды ескере отырып және ұзақ әрі қызу таластардан кейін біз Қырым үкіметінің құрамына өз өкілдерімізді кіргізу туралы шешім қабылдадық. Біздің отандастарымыз Қырым үкіметі құрамына енетін өкілдеріміздің мәжіліске онша қатысы жоқ бейтарап ұстанымдағы адамдар болғанын қалады. Біз олардың бұл талабын шамамыз келгенше орындадық. Қырым үкіметі төрағасының орынбасары қызметіне Ресей азаматы, белгілі бизнесмен, меценат, Қырым татарларының АТР телеарнасының қожайыны Ленур Ислямовты ұсындық. Тағы бір орынға Қырым татарлары мәжілісі төрағасының орынбасары Заур Смирновты жібердік, - дейді ол.
Азаттықтың «Қырым татарлары арасында өтетін ұлттық референдумда қандай мәселе көтеріледі?» деген сұрағына Нариман Желал:
– Референдум тақырыбын ойластырып жатырмыз. Сәуірдің 1-і күні мәжіліс отырысын өткізіп, кадр мәселесіне қатысты түпкілікті шешім қабылдадық. Айтпақшы, оған «бұл шешіміміз Қырымда біздің еркімізден тыс болып жатқан өзгерістерді мойындаймыз дегенді білдірмейді» деген тармақ қостық. Мәжіліс мүшелерінен екі жұмыс тобын құрдық. Оның бірі Қырым татарларының өзін өзі билеу құқығын және олардың жалпы құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ресей, Украина, Қырымның заң актілеріне ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Ал екінші топ референдум өткізуге қатысты ұсыныстарды даярлайды. Әзірше екі топ жұмыс істеп жатыр, референдумға қатысты нақты ештеңе айта алмаймыз, - деді.
Азаттық тілшісі оған: «Қырымның басшылық органдарына Қырым татарларының енуі туралы келіссөздерге Татарстан басшысы Рустам Минниханов белсенді түрде қатысты. Оның Қырымдағы жағдайға араласуын заңды деп санайсыз ба?» деген сауал қойған еді.
Ал жергілікті журналист Дилявер Осман Ресей азаматтығын алғысы келмейтін Қырым татарлары көпшіліктің ырқына бағынуға мәжбүр деп санайды.
– Қырымда өткен референдумға Қырым татарларының көбінің қатыспағанын ескере отырып, олардың қай елдің құрамында болғысы келетіндерін және қандай мәртебе иеленуді көздейтінін болжауға болады. Референдумға қатыспау арқылы олар емеурін білдіріп отыр, енді мына референдум арқылы нақты жауаптарын беріп қалар, - дейді ол.
Азаттықтың «Қырым татарлары референдум арқылы Ресей құрамында өмір сүруден бас тартты делік. Ары қарай не істемек ойлары бар?» деген сұрағына журналист:
– Егер бұл мәселенің түйіні Қырым татарларының қолында болса, оңай шешілер еді. Өкініштісі сол, қазір көп мәселелер көпшіліктің құқығы тұрғысынан шешіліп жатыр. Ал Қырым халқының басым бөлігі – орыстілділер. Қазір көп мәселелер көпшілік дауыспен шешілетіндіктен, Қырым татарларының шешімі өздері үшін ғана маңызды. Бірақ референдум нәтижесі Ресей мен Украина елдеріне және халықаралық ұйымдарға айқын сигнал болмақ, - деп жауап берді.
Қазір көп мәселелер көпшіліктің құқығы тұрғысынан шешіліп жатыр.