Түркия премьері Тайып Ердоғанның арқасында төрт саусақ Египет шерушілерінің жаңа символына айналды.
«Төрт саусақ» ишарасы Түркияда пайда болды. Бірақ ол Египет президенті Мұхаммед Мурси мен «Мұсылман бауырлар» қозғалысын қолдаушылар арасында жаңа символға айналып шыға келді.
Бас бармақты бүгіп, төрт саусақты жаятын бұл ишара «R4bia» деп аталады. Бұл - Каирдегі «Мұсылман бауырлар» тобы жиналатын «Рабға әл Адауия» мешітіне үкімет әскері басып кіргеннен кейін пайда болған символ. Ол мешітте наразылар мен әскер арасында қақтығыс болып, бірталай шеруші қаза тапты.
Араб тілінде rabaa сөзі «төрт» дегенді білдіреді. Twitter мен Facebook-те осы жаңа символдың суреті танымал болып кетті.
«R4bia» символы жеңісті білдіретін, екі саусақпен көрсетілетін «V» белгісінен асып түсетін сыңайлы. «V» ишарасын маусым айында Каирдің Тахрир алаңына шыққан Мурсиге қарсы топ көп қолданған еді.
Төрт саусақпен жасалатын «R4bia» ишарасы өткен аптада пайда болды. Түркия премьер-министрі Ердоған тамыздың 17-сі күні Бурса (Түркия) қаласында Египеттегі қақтығысқа наразылық білдіріп шеруге шыққан азаматтарға төрт саусағын жайып, қолдау ишарасын жасаған. Жаңа символ жұртқа тарап кете барды.
Түркия премьері, исламшыл «Әділет пен даму» партиясының жетекшісі Ердоған Египеттің жаңа үкіметін сынап келеді. Ол таяуда «Египеттің биліктен шеттетілген президенті Мурси мен Израиль арасында ынтымақтастық орнаған» деп мәлімдеді. Бұдан соң Ердоғанды «антисемит» деп айыптаушылар көбейді.
Әлемнің әр түкпіріндегі Мурси жақтастары жаңа символды іліп әкетті. Al-Arabiya телеарнасының вебсайты таратқан ақпарат бойынша, белсенділер бұл символды қаза тапқандар санының тым көп болуына байланысты қайғы мен қасірет белгісі ретінде қолданып жатыр.
Бірақ уақытша үкіметтің жақтастары мен Мурсиге қарсылар бұл символды күлкіге айналдыруға тырысады. Кейбіреулер «бұл ишара - «Мұсылман бауырлардың» экстремистік идеологиясынан шыққан символ» дейді.
Шілденің 3-күні әскерилер Египет президенті Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Содан бері бұл елде бұрынғы президентті жақтаушылар мен әскерилер арасында қақтығыстар болып жатыр. Ресми деректер бойынша, екі ай ішінде Египетте мыңға жуық адам қаза тапты. «Мұсылман бауырлар» қорзғалысының жетекшілері «терроризм» айыбымен қамауға алынды. Ал шерушілер «уақытша үкімет әскери диктатураны қалпына келтірмекші» деп, қарсылықтарын жалғастырып отыр.
Глен Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған - Сағынай Кәрім.

Түркиядағы r4bia.com вебсайты бұл оқиғаны «Әділдік пен еркіндік үшін жаңа қозғалыстың пайда болуы» деп атады. Бұл символдың әртүрлі нұсқасы интернетте өте көп.Are you standing in soldierly with our friends and family from #Rab3a and #AntiCoup ? Change your Avi now #R4BIA pic.twitter.com/ZRahGPRUP4
— Abrara (@Abrara_Rageh) August 17, 2013
«R4bia» символы жеңісті білдіретін, екі саусақпен көрсетілетін «V» белгісінен асып түсетін сыңайлы. «V» ишарасын маусым айында Каирдің Тахрир алаңына шыққан Мурсиге қарсы топ көп қолданған еді.
Prayers are with you God is with you, we are with you. #R4BIA pic.twitter.com/mLdiDyqXXD
— Vahab Ak (@Vahabak) August 17, 2013
Төрт саусақпен жасалатын «R4bia» ишарасы өткен аптада пайда болды. Түркия премьер-министрі Ердоған тамыздың 17-сі күні Бурса (Түркия) қаласында Египеттегі қақтығысқа наразылық білдіріп шеруге шыққан азаматтарға төрт саусағын жайып, қолдау ишарасын жасаған. Жаңа символ жұртқа тарап кете барды.
Түркия премьері, исламшыл «Әділет пен даму» партиясының жетекшісі Ердоған Египеттің жаңа үкіметін сынап келеді. Ол таяуда «Египеттің биліктен шеттетілген президенті Мурси мен Израиль арасында ынтымақтастық орнаған» деп мәлімдеді. Бұдан соң Ердоғанды «антисемит» деп айыптаушылар көбейді.
Әлемнің әр түкпіріндегі Мурси жақтастары жаңа символды іліп әкетті. Al-Arabiya телеарнасының вебсайты таратқан ақпарат бойынша, белсенділер бұл символды қаза тапқандар санының тым көп болуына байланысты қайғы мен қасірет белгісі ретінде қолданып жатыр.
Бірақ уақытша үкіметтің жақтастары мен Мурсиге қарсылар бұл символды күлкіге айналдыруға тырысады. Кейбіреулер «бұл ишара - «Мұсылман бауырлардың» экстремистік идеологиясынан шыққан символ» дейді.
#WhatisR4BİA R4BIA stands for 4 in arabic. the ones who side at islamic gov,who wants 4 wife and no rights4 women pic.twitter.com/szCYd9Hx5c
— Safa Ümit Aksoy (@DDNatorath) August 21, 2013