Нарва қаласы тұрғындарының 88 пайызын құрайтын орыстардың кейбірі тіл мәселесіне байланысты қиналса да, Еуропа Одағы құрамындағы Эстонияның артықшылығы көп екенін айтады.
Александр Брокк өзін «Эстонияның патриотымын» деп атайды. Бірнеше ата-бабасынан бері осы елде тұрып жатқан Брокк – технопаркі бар ауқатты адам. Ол – Эстонияның шығысындағы Нарва қаласы тұрғындарының көп бөлігін құрайтын этникалық орыстардың бірі.
Брокк тілі мен ұлттық мұрасын мақтан етсе де, өзеннің ар жағындағы жартылай қирап қалған Ресейдің қамал қаласы Ивангородқа қарап, шекараның қай жағында өмір сүргісі келерін біледі.
«Жұрт келіп-кетіп жатады. Ивангородқа өткен кезде ол жақтың райын бірден байқай аласыз. Оған кімнің қосылғысы келсін» дейді Брокк.
Оның пікірі бұл елде оғаш саналмайды.
«НАРВА ТҰРҒЫНДАРЫ ЭСТОНИЯДАН КЕТПЕЙДІ»
Нарвада орыс тілі – қарым-қатынас тілі, ресейлік БАҚ – негізгі ақпарат көзі, әскери жеңістің белгісі саналатын Георгий таспасы – тұрғындардың көлігінің сәні.
Эстонияның Нарва қаласының 88 пайызын құрайтын орыстар Еуропа Одағы (ЕО) пен НАТО-ны өзіміздікі деп біледі. Кейде Мәскеудің эмоциялық қысымын сезіп,
Эстония үкіметіне ренжісе де, олар Ресей құрамына енген Қырымның жолын ұстанбақ емес.
Бұл аймақтағы халықтың көбі ЕО-ның шығыс шекарасындағы бірқалыпты, жайлы тұрмысқа үйреніп алған.
NTT мекемесінің жетекшісі, үстел теннисі ракеткасын өндіруші Олег Углов – Нарвадағы ең ауқатты кәсіпкерлердің бірі. Ол Эстонияда сыбайлас жемқорлық жоқ екенін, меншік құқығы сақталатынын, бизнес жүргізудің оңай екенін мақтан етеді.
«Ешкім кәсібіңізге кедергі жасамайды, бизнеске бөгет болатын заңдар ойлап таппайды немесе бар заңды өзгертпейді. Бұл тұрғыдан алғанда Эстония – расымен де кәсіп жүргізуге қолайлы ел. Ұсақ-түйек мәселелер мен кемшіліктер кез келген елде бар ғой» дейді Олег Углов.
Ресей наурыздың 19-ы күні күні БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясына Эстониядағы этникалық орыстардың құқығы шектеулі екеніне
«алаңдайтынын» айтқанда, басқалар Мәскеудің геосаяси пайдасы үшін орыс тілді қауымды қолданатынын еске алды.
«Виру проспект» апталық журналының тілшісі Роман Викулов «егер Нарвада Қырымдағы тәрізді референдум өткізілсе, нәтижесі мүлдем басқадай болады» дейді. Оның пікірі орыс қауымдастығының көңіл-күйімен ұштасады – олар орыстар мен эстондардың арасындағы тәуелсіздік алғаннан бері өршіп кеткен шиеленістің сәтімен шешілгенін қалайды. Викулов шын мәнінде өте қоюы екіталай осындай референдум Нарвалық орыстардың Таллинге адал екенін дәлелдейтінін айтады.
«Нарва мен солтүстік-шығыс тұрғындарына сенімсіздік танытатындар бар. Олар бір күні, шешуші сәтте осы аймақтың халқы Эстониядан сырт айналып, Ресейге бет бұрады, Қырым сияқты Ресейге қосылуға дауыс береді деп ойлайды. Ал мен бұл жақтағы референдумның нәтижесі керісінше болатынына сенімдімін» дейді ол.
ОРЫСТІЛДІ ҚАУЫМНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Эстониядағы этникалық орыстар әсіресе азаматтық пен тіл мәселесіне қатысты шағым айтады. Этникалық орыстардың көбі советтік күштер Эстонияны басып алып, екінші дүниежүзілік соғыстан соң оны СССР құрамына күштеп қосқан соң осы жаққа көшіп келген. 1940 жылдары ондаған мың эстон Сібірдің еңбек лагеріне жер аударылды, ол жақта көбі қаза тапты. Соғысқа дейін Эстония халқының 9 пайызы этникалық орыстар болса, қазір олардың саны 25 пайызды құрайды.
1991 жылы Эстония тәуелсіздігін алған соң екінші дүниежүзілік соғыстан соң көшіп келген адамдар (көбі орыстар) автоматты түрде азаматтық ала алмады. Олардан азаматтық алу үшін эстон тілінде сынақ тапсыру талап етілді.
Нарва тұрғындарының 46,7 пайызы ғана – Эстония азаматы, ал 36,3 пайызы ресейлік төлқұжат ұстап жүр. Оған қоса мұндағы халықтың 15,3 пайызы
Ресейдің де, Эстонияның да азаматы емес екенін білдіретін «сұр» төлқұжатпен жүр. Мұның өзі Нарва халқының жартысынан азы ғана ұлттық сайлауда дауыс бере алатынын білдіреді.
Азаматтық алу этникалық орыстардың ең түйткілді мәселесіне айналғанын жергілікті рок-музыкант Владимир Чердаков та айтады. Ол өмір бойы Эстонияда тұратын әйелінің эстон тілін білмегендіктен азаматтық алмағанын «өте қолайсыз жағдай» деп атайды.
22 жастағы этникалық орыс студенті, бастауыш мектептің мұғалімі мамандығын оқып жатқан Александра (фамилиясын атаудан бас тартты) эстон тілінде сөйлемейтін адамдардың мемлекеттік мекемеде жұмысқа тұруы қиын екенін айтады. Туғанынан бері тәуелсіз Эстонияда тұрып келе жатқан Александра «не ресейлік, не эстониялық емеспін – екі әлемнің ортасында өмір сүріп жатқан адам сияқтымын» дейді.
«Біз өзге әлемнен оқшауланып қалған арал сияқтымыз. Ресейде тұратын
орыстарға да, осында тұратын эстондарға да қосыла алмаймыз. Өзінің жеке тәртібі бар шағын қауымбыз. Кейде ресейлік орыстармен сөйлесемін, сонда бір-бірімізді түсінбейтін сәттер болады» дейді бойжеткен.
Нарвадағы орыстардың кейбірі Ресейге қосылуға ынталы болмаса да, Мәскеудің Қырымды аннексиялағанын қолдайтынын айтты. «Нарва энергия» кәсіподағын басқаратын 67 жастағы Владимир Алексеев «Еуромайданды» қолдаған, Януковичті биліктен тайдырған Батысты» айыптап, Қырымның әрекетін «өз тағдырын өзі шешті» деп мақтайды.
«Қырым тұрғындарының көпшілігі Ресейге қосылуды қалап, Ресейге оралды. Оны елдің бәрі көрді. Бұны аннексия деп атау шындыққа жанаспайды, қалыпты процесс қой. Батыстың реакциясы – деконструктивтік әрекет» дейді ол.
«ЭСТОНИЯНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН»
Кей тұрғындар Нарвада ресейлік телеарналар хабар тарататындықтан этникалық орыстардың құбылуы тез болады деп қорқады. Нарвадағы эстон
қауымдастығының жетекшісі және қалалық заң шығару органының өкілі, 59 жастағы Антс Лийметс Ресейдің «үгіті» ши шығаруы мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ ол «ешкімнің шеруге шықпағаны Нарвалық орыстардың радикалды емес екенін байқатады» дейді.
Шын мәнінде, ондағы орыстардың көбі сіңісіп кеткен. Солардың бірі, Нарвада 1970 жылдан бері тұратын 56 жастағы этникалық орыс Александр Павлов – Эстонияның қорғаныс күшінің құрамына кіретін «Кайтселийт» қорғаныс лигасының еріктісі. Павлов та эстон тілінде нашар сөйлегенмен, өзін Эстонияның патриотымын деп біледі.
Бірақ тұрғындардың көбі «Шығыс пен Батыс арасындағы қақтығыс күшейіп, Ресей мен НАТО арасындағы шиеленіске ұласса күніміз не болмақ?» деп қауіптенеді.
Александр Брокк та «Онда жағдай болса мен не істеймін?» деп ойланып жүр.
«Мен – Эстонияның патриотымын. Бұл елді жақсы көремін, осында туып-өстім. Осы елде тұрамын, бірақ өзім орыспын. Егер қандай да бір әрекет басталса, қайтемін? Азаматтық соғыс болуы мүмкін бе? Жоқ – біз әртүрлі мемлекетпіз. Сондықтан ондай ойдан аулақ болуға тырысамын» дейді ол.
Том Бэлмфорттың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.