Грузия мәдениет министрлігі Гори қаласындағы Сталин мұражайын Сталиндік қуғын-сүргін мұражайына айналдыру жөнінде шешім шығарды.
Сталиннің туған жеріндегі мұражай 1937 жылы ашылған. Онда Совет диктаторының өміріне қатысты 50 мыңнан аса зат сақталған.
СУРЕТТЕН ВАГОНҒА ДЕЙІН
Сталиннің көзі тірісінде мұражай экспозициясы «ол туған үйде» сақталып келген. Кейінірек сол жерде зәулім мұражай салынып, Сталин туған үй соның бір бөлігі ғана болып қала берді. Жаңарған мұражай 1957 жылы ашылды. Одан бір жыл бұрын коммунистік партияның 20-съезі өтіп, Тбилиси орталығындағы Руставели даңғылында совет әскері шерушілерге қарсы оқ атқан еді.
Сталин мұражайы үш бөліктен тұрады. Онда диктатордың жеке бұйымдары мен қолжазбалары, әлем елдері басшыларынан алған сыйлықтары сақталған. Мұражайда «көсемнің» Кремльдегі кабинетінің көшірмесі де жасалған. Сталиннің әйгілі Ялта, Тегеран және Потсдам конференцияларына барғанда мінген вагоны да осында тұр.
1979 жылы Сталиннің жүз жылдығы кезінде мұражайда ауқымды жөндеу
Гори орталығындағы Сталин ескерткішінің алдында оның жүз жылдығы құрметіне мыңдаған адам қатысқан шеру өтті. Ол кездері грузин пионерлерін мұражайға жиі ертіп келетін. Мұражайда пионер, комсомол және партия қатарына қабылдау рәсімдері өтіп жататын.
«СТАЛИНДІ» ҚОРҒАУ
1990-жылдары Грузияда тәуелсіздік жолындағы қозғалыстар басталды. Бұрынғы диссиденттер Горидегі Сталин ескерткішін құлатып тастамақ болды. Оған дейін Тбилисидегі Ленин ескерткіші алынған болатын. Бірақ гориліктер ерікті жасақ ұйымдастырып, Сталиннің мұражайы мен ескерткішін қорғап қалды.
2008 жылы тамыздың 12-сінде «бескүндік соғыс» кезінде мұражайға жақын жерге
Содан кейін билік Сталин мұражайын Тбилиси оккупация мұражайының филиалына айналдырмақ болды. Сол кезде түн ішінде биіктігі алты метрлік Сталин ескерткіші алынып тасталды. Гори қаласында бұл кезде оған қарсылық білдірген ешкім болған жоқ.
Гориліктер қазір бұл мұражайға бармайды. Есесіне жыл сайын туристер ағылып келіп жатады. Қазір мұражайдың экспозициясы ғана емес, қызметкерлері де өзгерген. Мұражайда қазір сталиндік қуғын-сүргіннен хабар беретін және грузин интеллигенциясын қуғындауды бейнелейтін көрме бар. Мұражай қызметкерлері грузин халқының сталиндік империяға қарсы күресі жайлы әңгімелейді.
«НЕ ТИРАН, НЕ ДЕМОКРАТИЯ»
– Горидегі Сталин мұражайы туралы шешім – тиранға орнатылған ескерткішті қаладан алып тастаған бұрынғы әрекеттің заңды жалғасы. Бір мезгілде жиырмасыншы ғасырдағы әйгілі тирандарының бірінің тек грузин болғаны үшін ғана мемориалды нысандарын сақтап және еркін әлемге ұмтыла отырып,
Министрдің айтуынша, мұражайға идеология мен насихатқа негізделген өте жұпыны экспозиция қамтылған.
– Сондықтан біз парламенттегі әріптестерімізбен және ғалымдармен бірігіп осы шешімді қабылдадық. Сталин мұражайы таяуда толықтай «Сталинизм және сталиндік қуғын-сүргін мұражайына» айналдырылады. Жаңа экспозициялар Сталин саясатының қылмыстық мәнін әшкерелейді, – дейді Ника Руруа.
Оның айтуынша, экспозициялар туралы әзірге түпкілікті концепция белгіленбеген. Осы ретте жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында мемлекеттік қызметкерлермен қатар, тарихшылар, әлеуметтанушылар, суретшілер және мұражай ісі мамандары бар. Енді осы кешенді жаңа технология көмегімен интерактивті мұражайға айналдырмақ.
– Мұражай экспонаттарының бірі Горидегі алаңда тұрған Сталин ескерткіші болады деген сыбыс шындыққа жанаспайды. Анығын айтқанда, осы ескерткіштің қайда кеткенін де білмеймін. Ол маған тіпті қызық емес, – дейді Грузия мәдениет министрі Ника Руруа.