Еуропа одағының өкілі Штефан Фюле Азаттыққа берген сұхбатында Кремль басшысының ешқандай ережеге мойынсұнғысы келмейтін саясатын сынады.
Қырымды бөліп алумен тоқтамаған Путин режимінің экспансиялық саясаты Украинаның шығысымен тоқтайды деген сенім аз. Прага қаласында Азаттық радиосына берген сұхбатында Еуропа Одағының кеңею ісі жөніндегі комиссары Штефан Фюле осылай деп мәлімдеді. Ол «Путин ешқандай ережесіз деген жалғыз ереже ғана үстемдік құратын әлемдік тәртіп моделін орнатуға тырысып отыр» деп Ресей саясатын сынға алды.
Азаттық: – Фюле мырза, сіз Батыс пен Ресей арасында диалог орнатуды үнемі қолдап келесіз. Ал қазір, Ресейдің Украинаға әскери басқыншылығынан кейін диалог жүргізу кеш емес пе?
Штефан Фюле: – Мен көп нәрсеге, оның ішінде кезінде Ресеймен ауқымды кеңестер өткізуді талап етпегеніме өкінемін. Бірақ бұл – Еуропадағы екі интеграциялық жобаның арасында modus operandi (іс-әрекет амалы) орнату үшін біз Ресейге ассоциация, Кедендік одақ, Еуразия одағы туралы талқылауды ұсынған жоқпыз деген сөз емес. Бұл қиын жағдай тудырып отыр. Украина осы жағдайдың құрбанына айналды.
Енді біздің міндетіміз – президент Путиннің Қырымнан да үлкен қателік жасауына жол бермеу. Жалпы алғанда, біз екі тарап алдында да жауапты екеніміз түсінікті. Егер біз екі елдің топтары Еуропа континент игілігіне жұмыс істейтіндей тиісті механизмдерді белгілей алсақ, жаңа бөліс линиясы қалыптасады. Бұл Еуропадағы экономикалық және сауда-саттық саласын бөлу линиясы болмақ.
Азаттық: – Сіздіңше, Ресей әлемдегі тәртіпті, жоқ дегенде еуропалық деңгейде шынымен өзгерткісі келе ме?
Штефан Фюле: – Біз бұрын «қырғи-қабақ соғысы» кесірінен қосполярлы әлемде өмір сүріп көрдік. Кейін көпполярлы модельге көштік. Президент Путин ешқандай
ереже-қағида жоқ деген жалғыз ереже ғана үстемдік ететін полюссіз әлем құрғысы келеді. Мұнысы сұмдық. Будапешт меморандумы елдердің қауіпсіздігі ғана емес, территориялық тұтастығын да құрметтеуге міндеттейді. Осы аса маңызды құжаттың негізінде Украина өз территориясындағы ядролық қарудан бас тартты. Енді ядролық қаруға ие болғысы келетін елдерге не айтпақпыз? «Сендердің территориялық тұтастығыңды сақтауға кепілдік береміз, бірақ қажет деп санасақ, оны бұза саламыз» дейміз бе?
Азаттық: – Қазір Ресеймен қарым-қатынастың ушығуына кезінде ЕО тарапынан кеткен белгілі бір қателіктер әсері болғанын еткенін мойындайсыз ба?
Штефан Фюле: – Қандай сәтсіздіктерге ұшырағанымыз туралы сұрап отырсыз ба? Біреу ұтып, біреу ұтылатын емес, бәрі ұтатын принцип бойынша біртұтас Еуропаны құрамыз деген үлкен үмітіміз күйреді. Президент Путиннің бізге тастаған емеуріндеріне тиісті көңіл бөлмей, ең үлкен қателік жасадық. Бірер жыл бұрын ол «Совет одағының ыдырауы – 20 ғасырдың үлкен апаты» деп мәлімдеді.
Оның бұл сөзін біреулер күлкіге айналдырды, ал біреулер түсінген жоқ. 2008 жылы Бухаресте өткен НАТО саммитінде президент Путин «Украина – жасанды мемлекет» деген сөзін айтқан кезде сол бөлмеде бірге болған едім. Тағы да біреулеріміз күліп, біреулеріміз түсінбедік. Оның астарын енді ғана түсіндік, ал қазір күлетін жағдайда емеспіз. Бұған жауап беруге талпынысымызды тоқтатпауымыз керек. Керісінше, қазір – табандылықпен, жұмылып мына проблеманы бейбіт жолмен шешетін уақыт. Путин Қырыммен тоқтамады. Мен енді ол Украинаның шығысымен тоқтайды деп неге үміттенуге тиіспін?!
Азаттық: – Ресей насихаты Украинада еуропалық интеграцияны жақтайтындарға «бандерашылар» мен «фашистер» деп ат-айдар тағып жатыр. Бұдан артық жаулық бола ма? Ал сіздер Украинаны ЕО-мен ассоциацияға тартып отырсыздар. Енді ЕО Украинаға қауіпсіздік кепілін беруі тиіс деп санамайсыздар ма? Бұған Еуроодақ дайын ба?
Штефан Фюле: – Біз әріптестерімізге ешқашан ештеңені күштеп таңған емеспіз. «Шығыс серіктестігі» – біздің әріптестеріміздің ЕО-мен тығыз байланыс орнатуға ұмтылысынан туған жоба. Әрқайсысына өзіндік ерекшелігі тән алты серіктесіміз бар. Әзербайжан, Армения, Беларусь елдерінің бір интерпретациялы, ал Украина, Молдова, Грузияның ерекшелігі басқа болуы мүмкін. Әдіс-тәсілдердегі айырмашылықтарға қарамастан, барлық әріптестеріміздің көздеген мақсатына жетуіне көмектесуге дайынбыз. «Шығыс серіктестігі» саясаты да, оның аясында қабылдаған міндеттеріміз де күшінде. Бұл – біреу ұтып, біреу ұтылатын процесс емес. Біздің саясатымыз әріптестеріміз ғана емес, олардың көршілеріне де тиімді. Мұны ресейлік әріптестерімізге түсіндіру қиын. Соңғы оқиғалардан кейін бұл туралы бұрынғыдан да көбірек айтатын боламыз.
Мені Украинаның шығысында болып жатқан оқиғаларды қоғамнан оқшау әлдебір адамдар тобының әрекеттеріне қарап бағалап отырған Кремль үгіт-насихаты қатты алаңдатады. Қырымдағы заңсыз референдум кезінде бір плакаттан екі түрлі бейне көрдім: плакаттың бір бөлігінде – фашистік белгі, екіншісінде – Ресей туы бейнеленген. Мұндай насихаттың аяғы неге соқтыруы мүмкін деп ойлайсыз? Оның ықпалы Украинаның шығысына да әсер еткенін көріп отырмыз, бірақ ол қаншалықты алысқа жайылады? Күні ертең Киев түбінде, мүмкін Кишинев немесе Тбилисиде әрекет етуі мүмкін мұндай насихат қашан тоқтайды?
Азаттық: – Ал егер Украина, Молдова немесе Грузияның ЕО-пен жақындасуға ұмтылған кез келген қадамы келешекте олардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп
төндірсе немесе ел ішіндегі шиеленіс пен Ресей тарапынан төнетін қауіпке ұласса ше?
Штефан Фюле: – Мұндай қауіптен қорқып өзіміздің саясаттан бас тартамыз деп сізге айтпаймын. 20 ғасырдың басында Еуропада ықпал ету салалары мен аттауға болмайтын бөліс сызығы бар екенімен келісеміз. Біздің «Шығыс серіктестігі» саясатымыз әріптестеріміздің ұмтылыстарына сүйенеді. Өз әріптестерімізбен ынтымақтастықта боламыз. Олардың өз ұмтылысына қол жеткізуіне көмектесеміз. Ал ресейлік әріптестерімізге келсек, біз Ресей мұндай саясаттан тек ұтатынын мәлімдеуге әзірміз. Егер Ресей қазіргі саяси курсын жалғастыра берсе, Еуропалық одақ пен біздің одақтастарымыз оны оқшаулау саясатын да жалғастырады.
Азаттық: – Сәуірдің 30-ы күні сіз Қырым мен Украинаның шығысындағы жағдайлардың ЕО-қа да зардабы тиетінін айтып, 1975 жылғы Хельсинкиде қабылданған соңғы акт талаптары бұзылған тұста оған мүше елдердің бірлігін талап еттіңіз. ЕО табандылығын неден көруге болады?
Штефан Фюле: – Екі бағыт бойынша. Біріншіден, Украинамен ынтымақтастығымызды әлі де жалғастыра береміз. Бұл елге көрсетілетін қаржылай және эксперттік көмегімізді ғана күшейтіп қоймай, ассоциация келісімінің экономикалық бөлімінде қарастырылған барлық артықшылықтарды бір жақты ұсынуға әзірміз. Екіншіден, проблеманы бейбіт жолмен реттеу үшін Ресеймен диалогты жалғастырамыз, оны келіссөзге шақыруға тырысамыз. Санкциялар бойынша бірыңғай позиция ұстанып отырмыз. Шенген аймағына кіретін елдерге келуіне тыйым салынған тұлғаларға қатысты екі рет санкция енгізіліп, олардың Еуропа банктеріндегі есеп-шоттары бұғауланды. Бұл тізім ұлғая түседі.
ЕО елдері басшылары «егер эскалация тоқтамаса, санкцияның үшінші деңгейіне – экономикалық және қаржылық акцияларға көшеміз» деп ашық мәлімдеді. Қазір болып жатқан жағдай біздің ауызбірлігімізді күшейтіп, ЕО принциптерін ғана емес, шығыстағы әріптес елдермен ынтымақтастығымызды да нығайта түсті.
Материалды Дейзи Синделар, Азаттық радиосының Орыс қызметі және Жанна Безпятчук әзірледі.
Азаттық: – Фюле мырза, сіз Батыс пен Ресей арасында диалог орнатуды үнемі қолдап келесіз. Ал қазір, Ресейдің Украинаға әскери басқыншылығынан кейін диалог жүргізу кеш емес пе?
Штефан Фюле: – Мен көп нәрсеге, оның ішінде кезінде Ресеймен ауқымды кеңестер өткізуді талап етпегеніме өкінемін. Бірақ бұл – Еуропадағы екі интеграциялық жобаның арасында modus operandi (іс-әрекет амалы) орнату үшін біз Ресейге ассоциация, Кедендік одақ, Еуразия одағы туралы талқылауды ұсынған жоқпыз деген сөз емес. Бұл қиын жағдай тудырып отыр. Украина осы жағдайдың құрбанына айналды.
Енді біздің міндетіміз – президент Путиннің Қырымнан да үлкен қателік жасауына жол бермеу. Жалпы алғанда, біз екі тарап алдында да жауапты екеніміз түсінікті. Егер біз екі елдің топтары Еуропа континент игілігіне жұмыс істейтіндей тиісті механизмдерді белгілей алсақ, жаңа бөліс линиясы қалыптасады. Бұл Еуропадағы экономикалық және сауда-саттық саласын бөлу линиясы болмақ.
Азаттық: – Сіздіңше, Ресей әлемдегі тәртіпті, жоқ дегенде еуропалық деңгейде шынымен өзгерткісі келе ме?
Штефан Фюле: – Біз бұрын «қырғи-қабақ соғысы» кесірінен қосполярлы әлемде өмір сүріп көрдік. Кейін көпполярлы модельге көштік. Президент Путин ешқандай
Біздің міндетіміз – президент Путиннің Қырымнан да үлкен қателік жасауына жол бермеу.