«Тараптардың ешқайсысы зорлық, қорқыту не арандату әдістерін қолданбауы керек. Тараптар экстремизм, нәсілшілдік және діни өшпенділіктің, соның ішінде антисемитизмнің кез келген көрінісін қатаң түрде айыптайды».
Ресейшіл сепаратистер орыстар көп қоныстанған шығыс аймақтағы үкімет ғимараттарын басып алу әрекеттерін жалғастырып жатыр. Украина үкіметі осы апта бастаған террорға қарсы әскери операция жаңа қантөгіске ұласып кетпей ме деген үрей күшейе түсті.
Ресейшілдер көтерілісі басталғалы бергі ең үлкен қантөгіс сәуірдің 16-сы күні Мариуполь қаласында болды. Мұнда жүздеген көтерілісші жергілікті әскери базаға шабуыл жасады. Украина қауіпсіздік күштері үш сепаратисті атып өлтірді. Екі тарап та бірін-бірі «антисемиттік әрекет жасады» деп айыптайды.
Жақында біреулер Донецкідегі синагога маңында антисемиттік мазмұндағы буклеттер таратқан. Бұл да жергілікті еврей қауымдастығына қарсы әрекеттер жасалауы мүмкін деген күдікті күшейтті.
Женевадағы келіссөздерден соң АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри еврейлерді сепаратистерді қолдауға шақырған бұл буклеттерді «ақылға сыйымсыз», «мүлде төзуге болмайтын озбырлық» деп атады. Буклеттерді кім жасағаны белгісіз. Сепаратистер «қатысымыз жоқ» дейді.
«ӨТЕ ҚИЫН ШАРУА»
«Заңсыз қарулы құрылымдардың барлығы қарусыздануы, заңсыз басып алынған ғимараттар мен нысандардың барлығы легитимді иелеріне қайтарылуы, Украина қалаларындағы заңсыз басып алынған барлық көшелер мен алаңдар босатылуы керек».
Ресейшіл жасақтар Украинаның шығысындағы он шақты қала мен шағын кенттердегі әкімдік ғимараттарын басып алған. Олар «халықты Киевтегі қауіпті әрі заңсыз биліктен қорғап отырмыз» дейді.
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович елден қашып кетерден бұрын, Еуропа Одағының (ЕО) араласуымен қол қойған ақпан айындағы келісімде де қарулы жасақтарды тарату мәселесі көрсетілген. Бірақ тараптар құжаттың басқа да бөлімдері тәрізді бұл шартты да орындамады.
Женева келісімі жариялана салысымен Украина сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Андей Дещица «бұл құжаттың елдің шығысында өтіп жатқан террорға қарсы әскери операцияға еш қатысы болмайды, әскерилер өз орындарында қала береді» деді.
Ал оның ресейлік әріптесі Сергей Лавров барлық заңсыз қарулы топтар таратылуы керектігіне баса назар аударды. Ол Киевте қараша айынан бері әрекет етіп жатқан еуропашыл демонстранттарды, соның ішінде әсіреұлтшыл «Оңшыл секторды» меңзеп тұрғандай әсер қалдырды.
Дещица «бұл өте қиын шаруа» дегенімен, Киевтің барлық заңсыз жасақтарды тарату туралы міндеттемені адал орындайтынына сендірді. «Ол адамдарға (қарулы топтарды айтады — ред.) наразылық білдірудің басқа, бейбіт жолдарын таңдауға мүмкіндік беру керек» деді ол.
СЕПАРАТИСТЕР ШЕГІНБЕДІ
«Қылмыс жасағандары дәлелденген адамдардан бөлек, ғимараттар мен қоғамдық орындарды босатып, қаруларын өз еркімен тапсырған азаматтардың барлығына рақымшылық жасалады».
Амнистия туралы бұл хабар қарулы сепаратистерге әсер етпеді, олар берілуге асықпай отыр.
Донецкідегі ресейшіл көтерілісшілер «Украинаның уақытша үкіметі биліктен кеткенше күресті жалғастыра береміз» деп мәлімдеді. Олар Женева келіссөздеріне қатыспағандарын, сондықтан автономия құру жолындағы күресті тоқтатпайтындарын айтты.
Көтерілісшілер жариялаған «Донецк халық республикасы» басшыларының бірі Александр Хряков «алдымен «Еуромайдан» демонстранттары Киевтегі шатырларын бұзып, таратылсын және аймақтың мәртебесі туралы референдум өткізілсін» деген талап қойып отыр.
ІС ЕҚЫҰ-ҒА ЖҮКТЕЛДІ
«ЕҚЫҰ-ның арнайы бақылау миссиясы Украинада жасалатын тыныштандыру (деэскалация) шараларында басты рөл ойнауы керек деп келісілді. АҚШ, ЕО және Ресей бұл миссияны қолдауға, соның ішінде өз бақылаушыларын жіберуге міндеттеме алды».
Осы келісімге сәйкес, онда көрсетілген шарттардың орындалуын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) қамтамасыз етеді. Келісім шарттарының жергілікті жерлерде жүзеге асырылуына да осы ұйым жауапты болмақ.
АҚШ, Ресей және Еуропа елдері Украинадағы ЕҚЫҰ тобының жұмысын жеделдету үшін өз бақылаушыларын жібереді.
Дегенмен, бұл құжат Ресейдің Украина шекарасы маңайына шоғырландырған 40 мың сарбазын алып кетуін талап етпейді. Сонымен қатар, мұнда Ресейдің шығыс шекарасы маңына НАТО әскерін шоғырландыру жайлы осы ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің сәуірдің 16-сы күнгі мәлімдемесіне қатысты да ештеңе жоқ.
РЕСЕЙДІҢ КҮМӘНІ
«Украинадағы конституциялық процесс (реформа - ред.) инклюзивтік, ашық әрі жауапты түрде жүргізілуі тиіс. Ол Украинаның барлық өңірлері мен саяси аймақтарын қамтитын кең ауқымдағы ұлттық диалог арқылы, халық пікірі мен ұсыныстары ескеріле отырып іске асырылуы керек».
Киев аймақтарға кең автономия беріп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қамтамасыз ететін, азшылықтар құқықтарын қорғайтын ауқымды конституциялық реформаларды қолға алуға уәде беріп отыр.
Осы реформалардың бір бөлігі ретінде Киев қоғамдық пікірталасты дереу бастауға тиіс. Алайда аймақтардың дербес экономикалық саясат жүргізіп, сырт елдермен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін орталықсыздандырылған федерация құруды жақтап Киевке қысым жасап отырған Мәскеу «Украинадағы конституциялық реформа процесі ашық жүріп жатқан жоқ» деп мәлімдеді.
ЕКІ ЖЫЛҒА - 35 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР
«Тараптар Украинадағы экономикалық және қаржылық тұрақтылықтың маңыздылығын түсінеді, жоғарыда аталған шаралар жүзеге асқан жағдайда қосымша көмек беру мәселесін талқылауға әзірлік танытады».
Украина экономикасы бұл дағдарыстан қатты зардап шекті. Премьер-министр міндетін атқарушы Арсений Яценюк «елдің қаржылық және экономикалық банкрот болуға шақ тұрғанын» айтты.
Қаржы министрінің айтуынша, дефолтқа ұшырамас үшін екі жылда Украинаға 35 миллиард доллар қажет болады. Дүниежүзілік валюта қоры өткен айда 18 миллиард доллар бөлетінін хабарлады. АҚШ пен ЕО 27 миллиард доллар көмек беруге уәде етті.
Женева кездесуінен соң сөз алған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Украина экономикасын тұрақтандыру үшін басқаша қосымша шаралар қолға алынады» дегендерімен, нақты жоспарларын айтқан жоқ.
(Мақаланы ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)