Сирия мен Иракта зорлық-зомбылық көбейді. Сарапшылар «екі ел шекарасын қайта белгілеу қажет бола ма» деп алаңдайды. Шекара өзгеруі қиын, бірақ аймаққа қатысты түрлі болжамдар айтылып жүр.
Қыркүйек айында америкалық зерттеуші Робин Райт ханым «The New York Times» басылымына «этникалық және діни белгілер бойынша бөлсек, Таяу Шығыстың картасы қандай болатын еді?» деген сауал қойып, өз болжамын ұсынған.
ҮШ КАРТА
Ол «Бұл аймақтағы елдерді диктаторлар тырп еткізбей билеп келді» дейді.
Райттың пікірінше, «Осман империясы құлағаннан кейін этникалық және діни топтар Еуропа елдері белгілеп берген шекарамен қалған».
Ирактағы соңғы уақыттары болған қақтығысты оқиғалар Райттың осы теориясын еске түсірді. Ирактың батыс аймағында кейінгі жылдары сүнниттер көтерілісі жиі болып жүр.
Ол сүннит жауынгерлерінің көбі кейін Сириядағы азамат соғысында жүрген сүнниттер тобына барып қосылды.
Жауынгер топтың бірі - «Әл-Қаидамен» байланысы бар «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» ұйымы жақында Иракқа қайтып оралды. Әзірге Ирактың сүннит тайпа жетекшілері бұл топтың бетін қайтаруға тырысқан үкіметті қолдап отыр.
Осман империясы
20-ғасырдың басында Ирак және Сирия деген мемлекеттер жоқ еді – Таяу Шығыстың көп жерін 450 жыл бойы Осман империясы билеп келді.
Қазіргі Ирак пен Сирияның бір бөлігінде тәуелсіз ислам тайпалары өмір сүрді.
Қазіргі кезең
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Осман империясы ыдырап кетті. Таяу Шығыста жаңа елдер пайда болды. Қайтадан құрылған Ұлттар Лигасы британдар мен француздарға аймақты басқарып, шекараларын анықтау мандатын тапсырды. 1940 жылдардың соңына қарай бұл елдер егемендік алды, бірақ еуропалықтар сызып берген шекараны сақтап қалды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер ұзақ уақыт бойы арабтардың ұлтшыл саясаты ықпалында, авторитарлық зайырлы режимдердің билігінде болды.
1960 жылдан 2003 жылғы АҚШ шабуылына (Саддам Хусейн биліктен кеткенше – ред.) дейінгі аралықта Иракты сүнниттердің БААС партиясы басқарды. Ал Сирияны исламның шиит бағытын ұстанатын шағын ғана алавиттер сектасынан шыққан әл-Асад отбасы 40 жыл билеп келеді.
Болашаққа болжам
Ирактағы соғыстан кейін - діни алауыздық, Сириядағы азамат соғысы басталғалы этникалық және діни араздық ушығып кетті. Қазір Ирак билігі негізінен шииттер қолында. Олар сүнниттер ықпалының артқанын қаламайды. Сыбайлас жемқорлық пен тамыр-таныстық та қоғамның діни ағымдарға бөлінуін тереңдете түскен.
Біздің болашаққа қатысты жорамал жасайтын картамыз Райттың тезисі мен Колумбия университетінің этнографиялық картасына, Азаттықтың жергілікті cарапшысының пікіріне сүйеніп жасалды. Онда қазіргі шиеленістер кесірінен Ирак пен Сирия аумағында жаңа төрт мемлекет қалыптасуы мүмкін екені көрсетілген.
Шииттер мемлекеті
Ирактың оңтүстік-шығысын мекендейтін сүнниттерді қоспағанда, шииттердің жері Бағдадтан басталып, Иранның шығыс шекарасына дейін созылады.
Cунниттер мемлекеті
Ал сүнниттер жері Бағдад қаласының батысына қарай созылады да, Сирияның көп бөлігін қамтиды. Сирияда әскерилер келісе алмай, сүнниттер жеңісті қолдан жіберіп алды. Сондықтан мұндағы көпшілік сүнниттер Ирактағы сунниттерге қосыла алмады. Сүнниттер жеңген жағдайда Сирия мен Ирак сүнниттерінің қосылып, бір аймаққа айналуы ғажап емес еді.
Күрд мемлекеті
Ирактың автономиялық және салыстырмалы түрде зорлық-зомбылық жайламаған аймағы – Күрдістан. Күрдтер тұратын бұл аудан Бағдадқа экономикалық тұрғыда тәуелді болмау үшін әрекет етіп жатыр. Олардың мұнысына Түркиямен жеке мұнай келісіміне отырғаны мысал бола алады. Ирактағы күрдтер Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтермен қарым-қатынас жасайды.
Алавиттер мемлекеті
Сирияны билеп келе жатқан Асад әулеті алавиттер сектасынан шыққан. Саны аз бұл қауымды Сириядағы азшылық топ - христиандар іш тартады. Олар Сирия жағалауының үлкен бөлігін мекендеп отыр. Кейбір оппозициялық топтар «президент Башар әл-Асад режимі сунниттерді батыстан ығыстырып, орнына алавиттерді қоныстандырмақ» деп айыптайды. Бірақ алавиттер солтүстік-батысқа, Латакия тұсына орнығатын сияқты. Егер Асад қорғанысқа көшсе, оның үкіметі осы аймаққа бекінуі ғажап емес.
ӨЗГЕРІС БОЛМАУЫ ДА МҮМКІН
Ирак пен Сириядағы қақтығыстардың шығу себебі ұқсас, өрбуі мен дамуы бір-біріне байланысты деуге болады. Аймақтық және әлемдік державалар Таяу Шығыстағы ірі толқулар мен ауқымды қақтығыстардан қауіптенеді. Сондықтан, Ирак пен Сирияны бұрынғы қалпында сақтап қалуға тырысады.
Бұл аймақтағы арабтарды да ұмытпау керек. Бұл қауым да аймақтағы оқиғаларға ықпал етуі мүмкін тараптың бірі.
Ирактағы шииттер өздерін «Ирандағы шииттерден мүлде басқамыз» деп санайды. Жүз мыңдаған ирактықтар - шииттер мен сунниттер 1980 жылы Иранға қарсы соғысып, опат болды. Ирак үкіметі өзіне қарасты аймақтарды еркіндікке жібергісі келіп отырған жоқ. Шиит және сүннит жетекшілері арасындағы билікті бөлісу туралы келіссөздер бұдан ары да жалғаса беруі мүмкін.
(Гленн Кейтс мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)